Біз туралы
Qazaqnovel.kz — қазақша веб-новеллалар платформасы. Веб-новелла — интернетте бөлім-бөлім болып жарияланатын роман: автор жаңа бөлімді бірден жариялап отырады, ал оқырмандарға шығарманың толық жазылып біткенін күтудің қажеті жоқ.
Біздің мақсатымыз
Әр адамға автор болуға, шығармашылығымен тегін бөлісуге, пікір алмасуға және басқа авторлардың туындыларымен танысуға мүмкіндік беру.
Әдебиет — тек классика емес
Қазақ әдебиеті дегенде ең алдымен мектепте оқыған классикалық шығармалар ойымызға келеді. Дегенмен әдебиет классикамен шектелмеуі керек деп есептейміз. Әр адамның басынан өткен оқиғасы да, қиялынан туған шығармасы да — қай жанрда жазылса да — жариялануға құқылы.
Кім жазады
Платформаны іске қосқанда біздің мақсатымыз — барлық адамға шығармасын жариялауға тең мүмкіндік беру еді. Сондықтан мұнда жасына, мамандығына қарамастан кез келген адам жаза алады. Алғашқы бөлім, алғашқы оқырман, алғашқы пікір — жаңа есімдер осылай туады.
Қалай жұмыс істейді
Бөлімдер жарияланар алдында модерациядан өтеді. Жариялау тегін. Әр шығарма авторының меншігі және оның жеке ойы болып қала береді: шығарманың жариялануы платформа редакциясының автор пікірімен келісетінін білдірмейді. Автор өз шығармасын кез келген уақытта платформадан өшіре алады.
Алғашқы қадам
Жазу үшін жазушы болу міндетті емес. Бір бөлімнен баста — жалғасы өзі келеді.