Мазмұнға өту
Qazaqnovel

Құпиялылық саясаты

1. Терминдер мен анықтамалар.
1.1. «Платформа» — Qazaqnovel атты интернет-ресурс (осы сайт), онда Пайдаланушылар әдеби шығармалар жазады, жариялайды және оқиды.
1.2. «Оператор» — Платформаны жүргізетін және дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын тұлға; осы Саясаттың 4-бөлімінде сипатталған.
1.3. «Пайдаланушы» — Платформаға Telegram арқылы кірген және (немесе) оны пайдаланатын жеке тұлға.
1.4. «Дербес деректер» — белгілі немесе анықталатын жеке тұлғаға қатысты кез келген мәлімет.
1.5. «Өңдеу» — дербес деректерді жинауды, тіркеуді, сақтауды, өзгертуді, пайдалануды және жоюды қамтитын кез келген іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы.

2. Жалпы ережелер.
2.1. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — «Саясат») Оператордың Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және қорғау тәртібін белгілейді.
2.2. Саясат Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Платформаның нақты жұмыс тәртібіне негізделіп әзірленген.
2.3. Платформаға тіркелу Пайдаланушының осы Саясатпен толық көлемде келісетінін білдіреді; келісім берілген күн сақталады.

3. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері.
3.1. Дербес деректерді өңдеу мына негіздерде жүзеге асырылады: Пайдаланушының тіркелу кезінде білдірген келісімі; Оператордың осы Саясатта көрсетілген мақсаттарды орындауы үшін қажеттілігі; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау қажеттілігі.

4. Оператор туралы мәлімет.
4.1. Дербес деректерді өңдеуді Qazaqnovel платформасының әкімшілігі жүзеге асырады.
4.2. Платформаны жүргізетін заңды тұлға осы Саясат қабылданған сәтте тіркелмеген; тіркелгеннен кейін осы тармаққа оның толық атауы, орналасқан жері және өзге деректемелері енгізіледі.
4.3. Оператормен байланыс: ресми жазбаша өтініштер — daulet.rakhmankul@gmail.com, өзге сұрақтар — @qazaqnovel.

5. Өңделетін дербес деректердің тізбесі.
5.1. Платформаға кіру тек Telegram арқылы жүзеге асырылады, Оператор пароль сұрамайды және оны сақтамайды.
5.2. Кіру кезінде Telegram бірнеше мәлімет жібереді, бірақ солардың ішінен Оператор тек Telegram ID-ды сақтайды; Пайдаланушының есімі мен профиль суреті сақталмайды. Telegram-дағы ник тек тіркелу формасында ат ретінде ұсынылады. Telegram ID жария көрсетілмейді: ол Пайдаланушыны кезекті кіргенде тану және Telegram-бот арқылы хабарлама жіберу үшін пайдаланылады.
5.3. Пайдаланушы өзі толтыратын деректер: профиль аты (username; жария — профильде және сілтемелерде көрсетіледі), өзі туралы қысқаша мәтін (жария), аватар (жария, тек өзі жүктеген жағдайда).
5.4. Оператор мына деректерді сұратпайды және сақтамайды: Пайдаланушының шын аты-жөні, жасы, жынысы, туған күні, телефон нөмірі. Жас шегі бар байқауға қатысу шартына сай екенін Пайдаланушы өзі растайды, бұл растама күн немесе жас түрінде жазылмайды.
5.5. Пайдаланушының оқу белсенділігі туралы деректер: кітапханасына қосқан шығармалары және соңғы оқыған бөлімі. Бұл деректер басқа оқырманға да, шығарманың авторына да жеке көрсетілмейді. Оқылымды санау үшін жазылатын оқылым журналының әр жазбасы 30 күн сақталады, содан кейін автоматты түрде жойылады; автор тек жалпы санды көреді.
5.6. Кіру күйін сақтау және формаларды қорғау үшін cookie файлдары қолданылады; олар бақылау немесе жарнама мақсатында қолданылмайды.

6. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары.
6.1. Жиналған дербес деректер тек мына мақсаттарда өңделеді: Пайдаланушының есептік жазбасына кіруін қамтамасыз ету; профиль мен шығармаларды Платформада көрсету; жарияланар алдында мазмұнды модерациялау; Пайдаланушыға Telegram арқылы хабарлама жіберу; есептік жазбаларды жасанды көбейту мен накрутканың алдын алу.
6.2. Дербес деректер осы тармақта көрсетілмеген мақсаттарда, оның ішінде жарнамалық хабарлама жіберу немесе үшінші тұлғаларға беру үшін өңделмейді.

7. Дербес деректерге қолжетімділік.
7.1. Жарияланбаған, модерациядан әлі өтпеген шығарманың мәтініне тек субъектінің өзі, модератор және осы шығармаға тағайындалған редактор қолжетімді.
7.2. Жарияланған шығармалар, пікірлер мен реакциялар жария деп есептеледі. Платформада жеке хабарласу функциясы жоқ.

8. Telegram-хабарламалар.
8.1. Модерация шешімі, оқырман жауабы және жазылған авторлардың жаңа бөлімдері туралы хабарлама Telegram-бот арқылы келеді; бот жазу рұқсатын Пайдаланушы кіру кезінде береді.
8.2. Хабарлама түрлерін «Хабарлама баптаулары» бетінде Пайдаланушы дербес басқарады, оның ішінде барлығын өшіре алады; бұл Платформа ішіндегі хабарламаларға әсер етпейді.

9. Дербес деректер субъектісінің құқықтары.
9.1. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес субъект: өз дербес деректері туралы ақпарат алуға; деректерді түзетуді немесе жоюды талап етуге; деректерді өңдеуге берген келісімін кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылы.
9.2. Осы құқықтарды субъект «Профильді өңдеу» бетінде өзі жүзеге асырады: өзі туралы мәтін мен аватарды түзетеді; «Мәтіндерімді жүктеп алу» — барлық жазғанын бір файлмен алады; «Аккаунтты өшіру» — есептік жазбаны дереу өшіреді (10.2-тармақ). Сайт қызметкерінің есептік жазбасы және өзге сұрақтар бойынша субъект daulet.rakhmankul@gmail.com мекенжайына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

10. Дербес деректерді сақтау мерзімдері.
10.1. Есептік жазбаға қатысты деректер есептік жазба белсенді болған уақыт бойы сақталады.
10.2. Есептік жазба өшірілген кезде дереу және толық жойылады: профиль деректері, Telegram ID, барлық шығармалар (оларға қалдырылған пікірлер мен реакциялармен бірге), кітапхана, оқу барысы, жазылымдар мен хабарламалар, жүктелген суреттер. Пайдаланушының басқалардың шығармаларына қалдырған пікірлері, лайктары, реакциялары, сауалнамадағы дауыстары, жіберген шағымдары және байқауда қабылданған өтінімдері мен жеңістері «өшірілген аккаунт» ретінде, атынсыз қалады; байқаудағы шығарманың орнында «өшірілген шығарма» көрсетіледі. Жойылған шығармаларды қалпына келтіру мүмкін емес — сондықтан өшірер алдында мәтіндерді жүктеп алу ұсынылады.
10.3. Оқылым журналындағы жазба 30 күн сақталады, содан кейін автоматты түрде жойылады.

11. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шаралар.
11.1. Оператор дербес деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады, оның ішінде: деректерге қолжетімділікті рөлге қарай шектеу; Пайдаланушымен алмасу тек қорғалған (HTTPS) байланыс арқылы жүзеге асырылады.
11.2. Дербес деректерге кәсіби қызметі бойынша қолжетімділігі бар тұлғалар (модераторлар, редакторлар) оларды жария етпеуге міндетті.

12. Саясатқа өзгеріс енгізу тәртібі.
12.1. Оператор Саясатқа өзгеріс енгізу құқығын өзінде қалдырады. Өзгеріс енгізілген күн бет соңында көрсетіледі.
12.2. Елеулі өзгеріс болған жағдайда Пайдаланушыға бұл туралы Telegram арқылы қосымша хабарланады.

13. Байланыс ақпараты.
13.1. Саясатқа қатысты сұрақтар бойынша: @qazaqnovel, ресми жазбаша өтініштер үшін: daulet.rakhmankul@gmail.com.

Соңғы жаңарту: 2026 жылғы 27 қыркүйек