Байқаулар / «Threads аңыздары»
«Threads аңыздары»
Фантастика, фэнтези, мистика, хоррор жанрларында қазақша веб-новелла жазып ақшалай сыйақы ұтып ал
Жеңімпаздар 28 қарашада жарияланады
Марапаттар
-
Threads-тің үздік аңызы
Бас жүлде
Сипаттамасы
Қазақ тіліндегі фантастикалық веб-новеллалар байқауы
Барлық авторларды қазақ тіліндегі фантастикалық шығармалар байқауына шақырамыз.
Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған, басқа тілден аударылмаған, автордың өзі жазған түпнұсқа шығармалар қабылданады.
Қатысу шарттары:
- Шығарма қазақ тілінде жазылуы керек.
- Форматы — веб-новелла.
- Жанры — фантастика, фэнтези, мистика немесе хоррор.
- Шығарма кемінде 2 бөлімнен тұруы керек. Әр бөлімнің көлемі — кемінде 4 000 таңба.
- Шығарманы жазу кезінде жасанды интеллект құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді.
- Шығарма qazaqnovel.kz платформасының ережелеріне сай болуы керек.
🏆 Жеңімпаз қалай анықталады?
Ең көп ұпай жинаған шығарманың авторы жеңімпаз атанып, ақшалай сыйақы алады. Байқауда бір ғана жеңімпаз анықталады.
Ұпай қалай жиналады?
Шығарманы рәсімдеу үшін:
- Мұқабасы болса — 30 ұпай.
- Кемінде 10 сөзден тұратын аннотациясы болса — 10 ұпай.
- Кемінде 4 тег қосылса — 10 ұпай.
Оқырмандардың қолдауы үшін:
- Әр оқырманның лайгы үшін — 1 ұпай.
- Әр оқырманның шығармаға қатысты пікірі үшін — 3 ұпай.
Бір оқырман бірнеше пікір қалдырса да, оның пікірлері үшін байқау бойы бір шығармаға ең көбі 3 ұпай беріледі. Бұл шектеу шығарманың барлық бөліміне қалдырылған пікірлерге ортақ.
Осылайша, бір оқырман бір шығармаға ең көбі 4 ұпай әкеле алады: лайк үшін 1 ұпай және пікір үшін 3 ұпай.
Қандай пікірлер есепке алынады?
Шығарма туралы әсер, сюжет пен кейіпкерлерді талқылау, сұрақтар және сыни пікірлер есепке алынады. Пікірдің оң немесе теріс болуы ұпайға әсер етпейді. Сөз санына талап қойылмайды.
Автордың өз шығармасына жазған пікірлері, спам, жарнама, тек эмодзиден тұратын және қайталанатын үлгілік пікірлер есептелмейді. Жасанды жолмен көбейтілген лайктар мен пікірлер ұйымдастырушының тексеруінен кейін есептен шығарылады.
💰 Сыйақы мөлшері
Бастапқы сыйақы — 30 000 теңге. Threads желісіндегі байқау туралы хабарландыру постына басылған әр лайк сыйақыға 1 теңге қосады.
Жалпы сыйақы = 30 000 теңге + хабарландыру постындағы лайк саны.
Сыйақының ең жоғары мөлшері — 100 000 теңге.
Мысалы, хабарландыру посты 8 000 лайк жинаса, жеңімпаз 38 000 теңге алады.
Назар аударыңыз: qazaqnovel.kz платформасындағы шығармаға қойылған лайктар мен пікірлер жеңімпазды анықтайды, ал Threads желісіндегі хабарландыру постының лайктары сыйақы мөлшерін арттырады.
Threads парақшамыз: https://www.threads.com/@qazaqnovel
Ұпайлар мен сыйақы мөлшерін есептеу мерзімі
qazaqnovel.kz платформасындағы шығармаға жиналған лайктар мен пікірлер, сондай-ақ Threads желісіндегі байқау туралы хабарландыру постының лайктары 2026 жылғы 26 қарашада сағат 00:00-де, Қазақстан уақытымен (UTC+5) тіркеледі. Осы сәттен кейінгі лайктар мен пікірлер есепке алынбайды.
Яғни, оқырмандар 25 қараша күні сағат 23:59-ға дейін қолдау көрсете алады.
Қатысушылар 12
- "Тек сендікпін!" shu_xing_de_hu
- 51а korkememwek
- Айтылмаған әңгіме winner
- Бақсы qaisar.bedelkhan
- Жезтырнақ ayala
- Жеті тыйым quandyquly_dias
- Көлеңкесін жоғалтқан дала zhalgas123
- Орындалмаған армандар мекені kazakh_bala
- Сиқырлы қала diyar_han
- Темір Бүркіт saqal
- Түнектегі ойын nara.yes
- Үшінші түн belgisiz
Шарттар
- Қазақ тілінде жазылуы керек
- Форматы — веб-новелла
- Кемінде 2 бөлімнен тұруы керек
- Жанры — фантастика, фэнтези, мистика немесе хоррор
- Шығарманы жазу кезінде жасанды интеллект құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді
Кезеңдер
-
Шығармаларды қабылдау
1 қараша — 25 қараша
-
Қазір
Ұпай санын есептеу
26 қараша — 28 қараша
-
Жеңімпазды жариялау
28 қараша