Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz
«Жеті тыйым» мұқабасы

Жеті тыйым

quandyquly_dias

7 бөлім Аяқталды

13 реакция 98 оқылым 4 пікір

Аннотация

Әжесі дүниеден өткен соң, Арман ескі үйден жеті тыйым жазылған дәптерді тауып алады. Әр тыйымның астарында әулеттің талай жылдан бері жасырған құпиясы мен Қара үйге байланысты үрейлі оқиғалар жатыр. Арман өткеннің есігін ашқан сайын, өз өмірінің де бөтен біреуге тиесілі болуы мүмкін екенін сезіне бастайды.

Бөлімдер 7

Шығарма туралы пікірлер 4

author_5yoop · 26 күн бұрын

«Жеті тыйым» – атауынан-ақ қызығушылық тудыратын, ұлттық таным мен мистиканы ұштастырған ерекше шығарма. Қазақы тыйымдардың астарына қорқыныш пен тылсым сырды сыйғызу – тың әрі қызықты идея. Әсіресе, оқиға желісіндегі жұмбақ пен белгісіздік оқырманды өзіне тартады. Осындай жанрда қазақ тілінде сапалы туындының дүниеге келуі қуантады. Еңбегіңізге сәттілік! Оқырманыңыз көбейіп, шығармаларыңыздың қатары толыға берсін!

author_7ssy7 · 26 күн бұрын

«Жеті тыйым» — қазақтың ырым-тыйымдарын мистикамен ұштастырып, оқырманды бірден өзіне тартатын шығарма. Оқиға өрбіген сайын қорқыныш күшейіп, әр тыйымның артында бір құпия жатқанын сезесің. Маған әсіресе Қара үйдің жұмбақ атмосферасы мен Қанаттың тағдырына қатысты шешімі ұнады. Оқып болған соң да, кейбір көріністер ойдан кетпей, көңілде біртүрлі үрей қалдырады.

Хоррор жанры