Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

#Драма

14 шығарма
Жанрлар

Отбасы, достық, жоғалту мен қиын таңдау туралы қазақша әңгімелер мен романдар. Адам тағдыры мен өмірдің ауыр сәттері жайлы шығармалар.

«Әкемді менен басқаның бәрі білетін» мұқабасы

Драма

Әлияның әкесін бүкіл ел біледі. Оның аты оқулықтарда жазылған, көшелерге берілген. Ал қызы оның даусын да есіне түсіре алмайды: әкесі қайтыс болғанда, ол бес жаста еді. Он алты жылдан кейін Әлияны әкесіне арналған ескерткіштің ашылуына шақырып, дайын сөз жібереді. Бірақ бір сөйлемді айта алмайды: «Мен әкемнің таңдауын әрдайым түсіндім». Рәсімге он күн қалды. Өз сөзін іздеген Әлия отбасында айтылмай келген әңгімелерді ести бастайды.

5 бөлім Жалғасуда 108 оқылым
«Қашқын» мұқабасы

Драма Талап достық еңбек отбасы +1 тег

Тоқсаныншы жылдар соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы.Ауылдың экономикалық жағдайы әлі есін жия қоймаған кез.Сәрсен өз бақытын іздеу үшін ауылдан қашып шықты

3 бөлім Жалғасуда 11 оқылым
«"Соңғы реставрация "» мұқабасы

Драма Триллер газлайтинг жадыныұмыту жандыжоғалту +6 тег

Бұл шығарма - жадыда сақтау мен ұмытылу, сенім мен күмән, адам жанының құпия қатпарлары туралы психологиялық хикая. Мұнда әрбір естелік шындық бола бермейді, ал әрбір жоғалған естелікті қайта еске алуға болмайды.

4 бөлім Жалғасуда 37 оқылым
«Қара қорап» мұқабасы

Драма достық кек кінә күдік +4 тег

Бір адамның өлімі. Барлығы бір-бірін кінәлайды. Соңында ғана шындық ашылады — және ол ешкім күтпеген адам болады.

12 бөлім Аяқталды 59 оқылым
«Бейтаныс әйел» мұқабасы

Драма

Екі отбасының жауапкершілігін арқалап, өз жарының жан дүниесіне көңіл бөлуді ұмытқан Ержанның өмірі бір күні бейтаныс әйелмен кездескеннен кейін өзгереді. Кездейсоқ кездескен жанның бірнеше ауыз сөзі оған отбасының бақыты тек материалдық жағдаймен емес, мейіріммен, көңілмен және бірге өткізген уақытпен өлшенетінін ұғындырады.

1 бөлім Аяқталды
«51а» мұқабасы

Драма Шытырман Автобус Басқа әлем Ойын +1 тег

Адамдар тозақ туралы да жұмақ туралы да ойлайды. Жұмаққа түсуге асығады. Өйткені өздерін жақсымын деп ойлайды. Бірақ барлық адамдарға берілген тауқымет бірдей ме? Ол жағы белгісіз. Әркім өмірге әрқалай бейімделеді. Әртүрлі сынақтан өтіп құлайды. Бір ғана Құдай бар ма жоқ па белгісіз, әркім өздері үкім шығарып алады. Осындай кезде бір уақыт белдеуінде бейтаныс адамдармен кездескен Ұлан тозақ пен жұмақ арасында осы дүниеге жету үшін "51а" автобусында ойын ойнайды...

4 бөлім Жалғасуда 173 оқылым
«Мәңгілік көктемнің көлеңкесі» мұқабасы

Драма Фантастика

Жүз жаста болса да, 25 жастағы сұлулығын сақтаған Аиша қартаймайтын жұмбақ тағдырынан қашып, Талғарға көшіп келеді. Онда ол Айдар есімді жігітпен танысып, жаңадан сезімге бөленеді. Бірақ Айдардың әкесі — Аишаның осыдан отыз жыл бұрын құпиясын айта алмай тастап кеткен бұрынғы ғашығы Ақыл болып шығады. Өткен күннің өкініші, қызғаныштан туған қастандық пен ашылған сыр Аишаны ауыр сынаққа салады. Адам үшін ең үлкен бақыт — мәңгі жас болып қалу ма, әлде сүйіктіңмен бірге қартая алу ма?

7 бөлім Аяқталды 46 оқылым

Драма

Бұл шығарма Айна есімді жас қыздың тағдыры мен тыйым салынған сезімі туралы. Ол практика кезінде отбасылы Қамбармен танысып, оның қамқорлығына біртіндеп ғашық болады. Алайда бұл сезім Айна өміріндегі үлкен өзгерістер мен қиындықтардың басталуына себеп болады.

2 бөлім Жалғасуда 10 оқылым
«Балалықтың дәмі» мұқабасы

Драма

Кейбір естеліктер сурет болып емес, дәм болып сақталады екен. Жиырма жыл іздеген бір уыс құрттың дәмі.

1 бөлім Аяқталды 13 оқылым