Комедия
«Формула мен футбол» — мектептегі бәсекелестік, достық пен футболға деген шексіз сүйіспеншілік туралы жазылған спорттық-комедиялық әңгіме. «Дарын» лицейінің дәстүрлі «Мектеп кубогы» финалына екі-ақ күн қалды. Жасыл алаңда екі түрлі философия бетпе-бет келеді: тактика мен физика заңдылықтарын ту еткен 10-сыныптың «Квант» командасы және тек қайсарлық пен жойқын жылдамдыққа сүйенетін 11-сыныптың «Авангард» құрамасы. Осы екі команданың жеңіске жету тактикасын 1-сериядан табасыздар.