Түн жамылған аспанда толықсыған ай ерекше жарқырап, төңірекке сиқырлы бір нұрын төгіп тұр. Самал жел ағаш жапырақтарын баяу тербетіп, көл жағасындағы тыныштыққа тек екі жанның сыбдыры ғана үн қосты.Түнгі аспанның осы бір сұлулығына тамсанып отырған Аңсар қасындағы бойжеткенге бұрылып, тіл қатты:
— Бүгінгі ай сондай әдемі! Мөлдір сәулесімен қараңғы түннің өзін нұрға бөлеп тұрғандай
— Иәә. Осындай түндерді ерекше жақсы көремін. Айтпақшы, менің есімімнің осы айға қатысы бар екенін білуші ме едің? — деді аспанға көз тастап ерекше жымия
— Білмейді екенмін, айтып бер, қызыға тыңдаймын. — қызға жымия қарап.
— Мен дүниеге келетін түні, жұлдыздар аспанда ерекше жайнап, ай қара жамылған түнек әлемге жарық берген екен. Осындай құбылысқа назарын салған әжем, менің есімімді Жұлдыз-ай деп қойыпты. Ал мағынасын әжем былай түсіндіретін:
«Жұлдыздай жарқырап, ай сияқты нұрыңды шашсын деп, бір жағы сен туылар түні болған ерекше құбылысты жақсылыққа жорыдым жарығым» деп отыратын. — деді әлі де назарын аспаннан алмай.
— Керемет. Сондықтан екен ғой, менің де әлеміме жарығыңды сыйлап жүргенің.
Бұл сөзіне күлген Жұлдыз-ай:
— Күлкімді келтірмеші жаным-ау. Мына сөздеріңді Мират естімесін. Әйтпесе көзің көгеріп жүрер, оданда осы жерден қоя сал.
— Ешкім жоқ қой кім жеткізеді дейсің?! Ең жақын досына Мираттың тиісе қоймасы анық шығар?
— Оның қандай қызғаншақ екенін өзің де білесің ғой...
— Миратыңа таң қаламын. Қызғанса менің жаныма емен еркін жібере ме?
— Себебі ол саған сенеді. Тек... сенің кейде осылай сөйлейтініңді білмейді, — күле басын төмен салып.
♯
Бұл қос құрбының жыл сайын асыға күтетін «Достар күні» еді. Бұл күн тек екеуіне ортақ, оңаша әлем іспетті. Әдетте, «қыз бен жігіт арасында шынайы достық болмайды, түбі біреуі ғашық болады» дейді ғой. Шындығында, бұл сөздің жаны бар еді... ♯
Аңсардың монологы:
Менің есімім Аңсар, жасым 27-де. Жұлдыз-ай екеуміздің дос болғанымызға міне, табаны күректей 15 жыл толыпты. Осы уақытқа дейін кеудемде тек достық сезім ұялап жүр деп ойлайтынмын, махаббат деген сезімге мүлде сенбейтін едім. Бірақ адасыппын... Жұлдыз-айға қашан, қалай ғашық болғанымды өзім де байқамай қалдым. Махаббат адам санасына сұраусыз, ұрланып кіреді екен.
Жүрегің тек сол жанға ғана байланғандай, тек сол адам үшін соғатындай, бүкіл ғұмырың сол бір қызғаарналғандай күй кешесің. Сезімімнің достық шегінен шығып кеткенін Мираттың Жұлдыз-айға сөз салған сәтінде бірақ ұқтым. Ол оны құшағына алғанда, кеудемді өкініш пен қызғаныш өрті шарпыды. Жүрегім тілініп, қабағым түнерді, өз-өзіме сыймай кеттім... Содан бері іштегі жалынмен күресіп келемін, бірақ махаббатпен күресу — бос әрекет екен.
Сезімімді білдіруге бата алмай жүрмін. Өзгеге жүрегін сыйлаған аруға «Сені сүйемін» деп қалай айта аламын? Оның үстіне, Жұлдыз-ай үшін мен — тек адал доспын, қамқор ағамын одан артық ештеңе де жоқ...
♯
— Менің қайтуым керек, — деді Жұлдыз-ай орнынан қозғалып. — Бүгін үйге кіші әкемдер келетін еді, барып амандасайын.
— Мен жеткізіп тастайын! — деді Аңсар орнынан көтеріліп
— Жоға, рахмет! Мират өзі жеткізіп тастайтынын айтқан. Қазір келіп қалар. — деді қол сағатына қарап
— А-а, түсінікті... Ертең түсте бос боласың ба? Бұл мерекені осылай тез аяқтамайық. Бірге тамақтанайық, Миратты да ерте келсең болады.
— Қазір нақты ештеңе айта алмаймын, егер бос болып жатсам хабарласам. Міне Миратта келіп қалды. Жақсы кездескенше! — деді жігітті құшақтап қоштасты да, көлікке беттеді.
Көлікке отыра бергенде Мират оған мейірлене қарап:
— Кештерің қалай өтті, жаным? — деп сұрады.
— Жақсы өтті. Сырластық, балалық шақты еске алдық...
♯
Жұмбақ жаңалық. Араға 1 апта салып.
Кабинетінде жұмыс істеп отырған Аңсардың бөлмесіне әріптесі Сара екпіндей кіріп келді.
— Аңсар жан мына жаңалықты көрдің бе? — деді таңқалыспен телефонды Аңсардың алдына қойып, өзі диванға жайғасты.
— Бұл не?
— Мираттың Жұлдыз-айға үйленуге сөз салған сәті. Сондай керемет! Жарты сағат бұрын сөз салған екен. Осы сәтті қанша күттім деші
Қуана тіл қатқан Сараға жігіт жалт қарады, қайтадан телефонға үңіле Жұлдыз-айдың қуанышты жүзіне зер салды. Қуана жігіттің сұрағына «иә»деп жауап берді. Миратта қолына сақинасын салып, қызды көтеріп алды. Бұл көрініс Аңсардың көңілін түсірсе де құрбысы үшін қуануға тырысты.
— Жаным сол... Жүзіндегі күлкісін қарашы, — деді телефоннан назарын алмай.
— Иә, қалай қуанып тұрғанымды білсең ғой! Миратта романтик қой жаным, қалай ұйымдастырғанынқара.
Сараның тамсана айтқан сөздеріне Аңсар тек үнсіз жымиды. Аңсардың бұл тойды қаламағанын ешкім де түсінбес еді. Бірақ бәрібір де Мират пен Жұлдыз-айдың бірге болатыны бұрыннан белгілі еді ғой...
♯
Арадан тағы бір айға жуық уақыт зымырап өтті. Бүгін Мират пен Жұлдыз-айдың үйлену тойы. Шағын әрі сәнді өтуін қалаған жастар үлкен мейрамханадан гөрі, табиғат аясында ең жақын деген жандардың басын қосуды жөн көріпті.
Аңсар: Жұлдыз-айдың өтініші бойынша, оны ақ орамал астында Мираттың қолына мен табыстайтын болдым. Әкесі марқұмның жоқтығы жанына батқан соң, маған осы бір өтінішін айтқан еді. Әрі ағасындай, әрі ең жақын досы болғандықтан, бұл шешімді бәрі қолдады. Міне, енді мен өз қолыммен өз сүйіктімді өзге жігіттің бақытына табыстауға мәжбүрмін...
Дайындық бөлмесінде айнаға қарап тұрған Жұлдыз-ай осымен Жанияға бір сұрақты 100 рет қойып миын ашытты.
— Қалай көрініп тұрмын? Бәрі дұрыс па?
— Иә, бәрі әдемі деймін. Бағанадан бері 100 рет айтқан шығармын. Жаным-ау сабыр сақтасаңшы, неге сонша қобалжисың?
— Білмеймін, қорқып тұрғаным қарашы қолдарым дірілдеп тұр. — қолдарын Жанияға көрсетіп
— Уайымдама, бәрі жақсы болады. Міне біздің Аңсарды келіп қалды, қалайсың? — деді ішке кірген Аңсарды қарсы ала құшақтап.
— Жақсы, өзің қалайсың? Охо, Жұлдыз-ай, тіпті құлпырып кегіпсің ғой! — Аңсар құрбысын құшағына алды.
— Қалай ойлайсың әдемі болып тұрмын ба?
— Иә, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Керемет! Солай ғой Жәния?
— Иә-иә, мен осыны бағанадан бері айтып жатырмын.
♯
Аңсар: Менің жанарым ақ көйлекте перизаттай құлпырған арудан бір сәтке де ажырай алмады. Жұлдыз-айдың жүзіндегі қуаныш пен толқыныс, дірілдеген нәзік саусақтары — бәрі де оның бақыттан басы айналып тұрғанын аңғартатын еді. Оның осы бір бейкүнә күлкісінің артында менің жүрегімнің қан жылап, өкініштен тілініп жатқанын ешкім де сезген жоқ, сезе де алмас еді...
Мен бойымды тез жинап, «қуанышты дос» деген жасанды маскамды кидім. Енді мен бұл бикешті басқа жанның өмірінінен көруге мәжбүрмін. Бірақ бұл — тағдыр, ал тағдыр сенің ойлағаныңдай бола бермейді екен...
♯
Түйін
Ignotum amorem — біз сезімнің бар екенін кеш ұғынатын, болмаса сезімді білдіруге кеш қалатын өмірдің ащы шындығы. Сезімге батылдық жетпеген жерде өкініш өмір бойы серік болады...
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.