Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

Каталог

Жанрлар
«Әкемді менен басқаның бәрі білетін» мұқабасы

Драма

Әлияның әкесін бүкіл ел біледі. Оның аты оқулықтарда жазылған, көшелерге берілген. Ал қызы оның даусын да есіне түсіре алмайды: әкесі қайтыс болғанда, ол бес жаста еді. Он алты жылдан кейін Әлияны әкесіне арналған ескерткіштің ашылуына шақырып, дайын сөз жібереді. Бірақ бір сөйлемді айта алмайды: «Мен әкемнің таңдауын әрдайым түсіндім». Рәсімге он күн қалды. Өз сөзін іздеген Әлия отбасында айтылмай келген әңгімелерді ести бастайды.

5 бөлім Жалғасуда 108 оқылым
«Үшінші түн» мұқабасы

Хоррор ауыл мистика қорқыныш құпия

Айару әжесінің жерлеуіне қараңғы ауылға келеді. Әжесі өлер алдында бір ғана өтініш қалдырған: үшінші түні есік қағылса, кім шақырса да ашпа. Бірақ үшінші түні есік алдынан әжесінің өз дауысы естіледі. Айару кімге сенуге тиіс: өлілерге ме, әлде тірілерге ме?

4 бөлім Жалғасуда 44 оқылым
«Көлеңкесін жоғалтқан дала» мұқабасы

Фэнтези ауыл бауырмалдық дала естелік +5 тег

Қазақ даласында адамдардың көлеңкесі жоғалып, жұрт жақындарын, туған жерін, тіпті өз есімін ұмыта бастайды. Қарындасынан айырылған жас қобызшы Аңсар оның қабырғада қалған көлеңкесіне еріп, жер астындағы дүниеге аттанады. Бірақ әр қадамы үшін өз естеліктерімен төлеуге мәжбүр болады. Қарындасын тапқанша оны не үшін іздеп жүргенін ұмытып кетпей ме?

3 бөлім Аяқталды 98 оқылым 3 реакция
«Темір Бүркіт» мұқабасы

Фэнтези Автор әлемі Антиқаһарман Жауынгерлік фентези Мифтар +5 тег

Тамырсыз құлда не бар? Сынбайтын найза және жыртық жаман киім. Ол өз өмірін тек құл болып жүру деп санаған. Бірақ бір түн оның ойын түбегейлі өзгертті. Тенгри әлемі жұмбаққа толы, ал оның жүйесі құрдымда. Тастемір өз қанында бір тарих тұрғанын әлі білмейді.

7 бөлім Жалғасуда 325 оқылым 14 реакция
«Қара жел» мұқабасы

Шытырман Фантастика Балқаш археолог жел +5 тег

Жас археолог Нұрлан Балқаш көлінің жағасында ежелгі қорғанды қазып жүріп, желдің ішінен шыққан әйел дауысын естиді. Сол түннен бастап оны қара жел қуып, түсінде де, шындықта да қалдырмайды. Жел кімнің жанын алғысы келеді және неге дәл осы жігітті таңдады?

12 бөлім Аяқталды 138 оқылым 14 реакция
«Жетінші есім» мұқабасы

Фэнтези Мифтар

Он екі жыл бұрын әкесін жерледік деп сенген Зере бір түнде оның етігін босағадан таниды. Ауылға су берген көне келісімнің мерзімі біткен: жұрт қарызға бір жан беру керек дейді, ал теріге тігілген шарттан жетінші есім кесіліп тасталған. Әкесін қорғап жер астына түскен қыз сол есімді қайтару өз ауылын сусыз қалдыруы мүмкін екенін біледі.

10 бөлім Аяқталды 58 оқылым
«Қашқын» мұқабасы

Драма Талап достық еңбек отбасы +1 тег

Тоқсаныншы жылдар соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы.Ауылдың экономикалық жағдайы әлі есін жия қоймаған кез.Сәрсен өз бақытын іздеу үшін ауылдан қашып шықты

3 бөлім Жалғасуда 11 оқылым
«"Соңғы реставрация "» мұқабасы

Триллер Драма газлайтинг жадыныұмыту жандыжоғалту +6 тег

Бұл шығарма - жадыда сақтау мен ұмытылу, сенім мен күмән, адам жанының құпия қатпарлары туралы психологиялық хикая. Мұнда әрбір естелік шындық бола бермейді, ал әрбір жоғалған естелікті қайта еске алуға болмайды.

4 бөлім Жалғасуда 37 оқылым
«Сезімдер соғысқанда» мұқабасы

Романтика

Кейде жүрек өзі де түсінбейтін сезімдердің тұтқынына айналады… Достық пен махаббаттың, шындық пен өтіріктің арасы бір сәтте ажырамай қалуы мүмкін. Бірі сезімін жасырады, бірі өткенінен қашады, ал енді бірі жүрегіндегі сырды ешкімге ашқысы келмейді. Айлин мен Эриктің өмірінде бәрі шынымен ойдағыдай ма? Ал олардың айналасындағы адамдардың үнсіздігі нені жасырады? Күтпеген кездесулер, айтылмаған сөздер, жасырын сезімдер мен тағдырлы таңдаулар… Бір оқиға. Әртүрлі тағдыр. Шешілмеген сезімдер.

7 бөлім Жалғасуда 36 оқылым
«Формула мен Футбол» мұқабасы

Комедия

«Формула мен футбол» — мектептегі бәсекелестік, достық пен футболға деген шексіз сүйіспеншілік туралы жазылған спорттық-комедиялық әңгіме. «Дарын» лицейінің дәстүрлі «Мектеп кубогы» финалына екі-ақ күн қалды. Жасыл алаңда екі түрлі философия бетпе-бет келеді: тактика мен физика заңдылықтарын ту еткен 10-сыныптың «Квант» командасы және тек қайсарлық пен жойқын жылдамдыққа сүйенетін 11-сыныптың «Авангард» құрамасы. Осы екі команданың жеңіске жету тактикасын 1-сериядан табасыздар.

2 бөлім Жалғасуда 18 оқылым
«Жезтырнақ» мұқабасы

Хоррор Триллер Жезтырнақ ауыл мистика +3 тег

Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ең қорқынышты кейіпкерлердің бірі — Жезтырнақ. Ол әлі де бар ма? Жұрт оны баяғыда ұмытылған аңыз деп ойлайды. Алайда шағын ауылдағы ескі үй мен бір жасөспірім қыз ғасырлар бойы жасырылып келген Жезтырнақтың құпиясын ашуға себеп болды.

3 бөлім Аяқталды 309 оқылым 115 реакция
«Біз үнсіз қалған күндер» мұқабасы

Романтика

« ꨄ Оқырманға арнау: Кейде бір адамды сағынғанымызды мойындау үшін де уақыт керек. Оның орнын күнделікті ұсақ сәттерден іздейміз: суып қалған кофеден, үйге қайтар таныс жолдан, бөліскіміз келген кішкентай қуаныштан…Бұл әңгіме – жүрегінде айтылмаған сөзі, жадында жылуын жоғалтпаған есімі бар оқырманға.Осы беттерден өзіңе таныс сезімді кездестірсең, жаныңда үнсіз отырған жақын адамыңдай қабылда. Бәлкім, соңғы бетін жапқанда, сенің де біреуге «Қалайсың?» деп жазғың келер»

1 бөлім Аяқталды 23 оқылым
«Айтылмаған әңгіме» мұқабасы

Хоррор

Бір адам -бір тағдыр. “К” көшесінің арғы бетінде ескі диспансер бар. Онда түнде бір дәрігер отырады. Отыр да жайғас. Дәрігер саған 46 адамның тағдырын баяндайды. Бірақ 47-шісі …есіңде болсын кейбір әңгімелер айтылмауы керек еді.

9 бөлім Аяқталды 78 оқылым
«"Сарай сыры"» мұқабасы

Фэнтези Фантастика Шытырман аспазшы детектив +5 тег

Кейде шындық елестерден де қорқынышты болады

2 бөлім Жалғасуда 17 оқылым
«Жеті тыйым» мұқабасы

Хоррор мистика Қазақмистикасы

Әжесі дүниеден өткен соң, Арман ескі үйден жеті тыйым жазылған дәптерді тауып алады. Әр тыйымның астарында әулеттің талай жылдан бері жасырған құпиясы мен Қара үйге байланысты үрейлі оқиғалар жатыр. Арман өткеннің есігін ашқан сайын, өз өмірінің де бөтен біреуге тиесілі болуы мүмкін екенін сезіне бастайды.

7 бөлім Аяқталды 98 оқылым 13 реакция
«Бақсы» мұқабасы

Хоррор

«БАҚСЫ» повесі оқырманды тылсым құбылыстар мен жұмбақ оқиғалар әлеміне жетелей отырып, ақиқаттың уақыт өте көмескіленгенімен, біржола жоғалмайтынын ұғындырады. Шығармада қорқыныш пен сенім, сатқындық пен адалдық, махаббат пен жанкештілік, өткеннің аманаты мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері көркем өрнектеледі. Сонымен қатар туынды ұлттық дүниетанымдағы бақсылық дәстүрдің мәніне үңіліп, халық жадындағы рухани мұраға жаңаша көзқараспен қарауға үндейді.

14 бөлім Аяқталды 82 оқылым
«"Тек сендікпін!"» мұқабасы

Фэнтези Хоррор Жауапсызмахаббат Махаббат тылсым +4 тег

Ғашықсың ба? Мәңгілік тек мендік болуға келісесің бе? Ал егер арамызға өлім түссе ше?

2 бөлім Аяқталды 24 оқылым
«"Өшпес махаббат"» мұқабасы

Романтика Махаббат Махаббатхикаясы Мифтар Реинкарнация +6 тег

Өткен дәуірге тап болған Мақпал тылсым құпиялар мен қауіпті оқиғаларға толы әлемде өз жолын іздейді. Жаңа достар мен оянған сезімдер оны тағдырдың жұмбағын шешуге және жүрек қалауын тыңдауға жетелейді.

31 бөлім Аяқталды 357 оқылым 5 реакция