Айбар барлығын жинады.
— Біздің арамызда кісі өлтіруші бар, — деді ол. — Ерлан өзі айтқан.
Дина жылады.
Бауыржан тұрып:
— Мен емеспін. Мен оны жақсы көретінмін.
Серік күлді, бірақ дауысы дірілдеді:
— Мен де емеспін.
Айбар оларға қарап:
— Онда кім?
Ешкім жауап бермеді.
Тек Дина сыбырлады:
— Мен білемін... бірақ айта алмаймын. Себебі... мен де күдіктендім. Сенен.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.