Пролог
Қараңғы.
…
Айнала толықтай көз жұмдырмас қара түнек. Бір мезетте аяқ астынан жерді алып тастағандай.
Талант жаңа ғана оқудан шығып, “не тамақ жасасам екен?” деп ойлап келе жатқан. Көше бойымен жүре келе көше шамдарының күші әлсіреп бара жатқанын сезді. Айналасына жалтақтап қараса, ешкім оны байқап тұрған жоқтығын түсінді. Құдды бір ол мөлдір әйнек сыртынан ғана бақылап тұрғандай.
-Сәлеметсіз бе?-, деп әйел кісіге сөйлеп еді, оның сөзі көк тиын да тұрмайтындай өтіп кетті.
-Кешіріңіз, сіз…-,бұл жолыда жауап қайтарылмады, тіпті сөзі аяқсыз қалып кетті.
-САЙТАН АЛҒЫР, не болып жатыр?! Бұл әзіл ме, бәрі мені мазақ етіп тұрма?!
Талант ашуланып бастады, ол әрқашан “мені ешкім байқамаса екен” деп деп армандайтын. Бірақ бұл оған ұнамайтынын, сірә, білмеген немесе түсінбеген.
-Талаант, бұл сенің арманың еді ғой.-қою дене түршіктірер дауыс оның ойын бөлді. Жаңа ғана көше бойында тұрған Талант, бір мезетте тұншықтырар қара түнек ортасынан бірақ шықты.
-Кімсің сен?!- бұл жолы Таланттың дауысы бұрыңғыдай батыл шыға қоймады. Бойын қорқыныш үйлегеннен бе, тағы аузын ашуға жігері жетпеді.
-Менің кім екенімді білу маңызды емес,-түнек арасынан зұлым дауыс шаңғырық болып естілді.
-Мен тек саған келесі ойындарда жолың болсын деп айтуға келдім.
Бұл сөздерді оның миы қорытқанша кенеттен оның алдынан шам жарқ етті. Талант шошығаннан аяқтарына иелігін жоғалтып жерге дүрс етіп құлады. Жарық сәулесі көз аштырмайтындай еді. Ол қолымен көзін уқалап, қайта ашқанда ол ғимарат ішінен бір-ақ шықты.
Талант орынан тұрып, жан-жағына қарайлай бастады. Оның көзі алдында тұрған қағазға түсті, “алғашқы ойынға сәттілік! Айтақшы, әр ойынның өз жүлдесі бар ғой, демек, сенің жүлдең-сенің өмірің”.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.