Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2-бөлім · 4 мин

1-бөлім. Жеңіс немесе өлім?

2 / 2

Талант қағазды қолына алды. Бәрі түс сияқты, тез оянғысы келді. Бірақ бұл шындыққа жанаспаса да, орын алып жатқан жағдай еді. Айналасы әдеттегідей қарапайым ғимарат, ол бұл жолы қадамды нақ басты. Шынымен, бала кезінен байыпты, әдепті болып өскен. Оның осы қасиеті қазір қорқынышқа бой алып байбаламға салдырмай тұрғандай.

Ең бірінші шешім: өзінің қайда және бұл жерге қалай тап болғанын анықтау. Одан әрі сәті түссе қағазда айтылған ойын қандай екенін білу. Ғимарат іші еуропалық бес жұлдызды қонақ үйді еске салады. Жарқыраған жиһаз, соңғы модельдегі күтім аппараттағы. Ішінде тірі жан жоқтығы мен басына түскен осы оқыс жағдайды ескермесе, бұл жерде жалғыз қалу нағыз арман сияқты.

-Ей, сен!- Таланттың артынан жіңішке дауыс шықты.

-Уф, мен жалғыз емес екенмінғой...-үстінен жүк түскендей қыз бала жүрегін ұстады. Ал Талант болса оған күдікпен қарады. Қара түнек, иесі жоқ дауыс, түсініксіз ойын, бәрі біртүрлі қарбалас еді. Адам табылмас жердеп топ ете қалған қыз шынымен күмәнді болып көрінеді.

-Немене, тіліңді жұтып қойғансың ба?! Бүгінгі күнім кәдімгідей біртүрлі өтіп жатыр! Құлақтан қан ағызар дауыс, конверт, енді сен алдымнан шықтың. Мүмкін мен алжасқан шығармын?! Айтпақшы менің атым-Сұлу!

Белгісіз қыздың сөзін жарқ етіп сөнген шам бөлді. Екі жас шошығаннан айғайларын ұстай алмады.

Сықыр еткен жиһаз дауыстар, тіпті хоррор фильмінен алынғандай музыка ойнап бастаған. Ол бұл жақсылыққа әкелмейтінін түсінді.

-Сәәәлем, біз бақытты отбасымыз.

Шамдар қайта жанды, алдарында ауада қалқыған қуыршақтар. Үрейден Талант жерге құлады, Сұлу болса кіші дәретіне ерік берді.

-Бұл ақсақал-Ата!

-Орамалды-Апа!

-Көк көйлекті-Әке!

-Нәзігіміз-Ана!

-Бұрымды ол-Бала!

Тарс етіп шамдар бірінен соң бірі жарыла бастады, ал қуыршақтар бетінде екі езу көрінерлік күлкі еді. Тағыда түнек.

-Қазір ойнайтынымыз “түстерді тап!”. Сендерге қатты ұнайды деп сенеміз. Бастаймызба?!

-Ей тоқта, тас қараңғыда түстерді қалай таппақпыз?-Талант орнынан тұра алмады. Әлі есі толық жиналмасада, қағаздағы жазу есіне түсті. Жеңіліс=өлім.

-Ойынның қызығы сонда емес пе?! Нағыз ойын-ол тәуекелі бар ойын. Сендерде 3 мүмкіндік, ол әр дұрыс емес жауап сайын азаяды. 5 түсті тапсаңдар жеңімпаз боласыңдар! Керемет емеспе?!

-Ойын басталды, таяқ жерге тасталды!

Жастар да ойынға бас салды.

Түрлі түсті шашу атылды, қорқынышта тыйылды,

Ал қанеки, қанеки- қуықшақтар өлеңдете бастады, ал Талант пен Сұлу сол қалыптарынан қозғала алмаған.

-Ал қәнеки, табыңдар, мен жасырған бояуды! -деп бұрымды қыз аяқтады.- Ойлануға 10 секунд.

-1.2. 3. 4. 5

-Тоқта, бұл әділ емес!-Сұлудың дауысы елең етті. Бірақ оны тыңдаған жан табылмады.

-6. 7. 8. 9. 10. Уақыт біттіііі! Сендер түсті атамағандықтан, -1 мүмкіндік. Біз енді сендерге жаза қолдану қажетпіз…-ойнатылған дауыспен қуыршақтар қайғырған түр жасады.

-Жаза?! Қалай сонда?!-Таланттың денесін діріл бойлады. Қорқыныш пен өміріне деген уайым оның жүрегін аузынан келтірген болатын. Қазір сәл түртсе жылайтындай күйде.

-Иә! Күштіі ғой, ол келесі жолы бұндай қателік жасамауларың үшін. Бұл жазаны Сұлу көтереді, келістік пе?)

-Жоқ, Жолама!- қыз қараңғыға қарамастан қашуға бет алды.

-Сұлу, сенің бір саусағыңдағы жасанды тырнағын түсіп қалыпты ғой. Сірә, саған керек сол саусақ емес-ау!-қуыршақтар хормен күле бастады.

ТАРС. “Айййййй” Сұлудың сұқ саусағы оратылып бастады. Сынып жатқан сүйек пен шыңғырған дауысы жер-көкті ала бастады. Жаңа ғана арман болып көрінген ғимаратты, қазір бейтаныс қыздың дауысы тозаққа айналдырды.

Ойын жалғасады.

-Ойын басталды, таяқ жерге тасталды!

Жастар да ойынға бас салды.

Түрлі түсті шашу атылды, қорқынышта тыйылды,

Ал қанекей, қанекей...-қуыршақтар қайта әңге салды.

-Ал қәнеки, табыңдар, мен жасырған бояуды! -деп бұл жолы ақсақалды ата аяқтады.

Талант есін жиюға тырысты. Өліммен өмірдің арасынан таңдау болса, ол міндетті түрде өмірді таңдар еді.

-1. 2. 3.

-Мен сонда кез келген түсті таңдай аламын ба?!-жас жігіттің дауысы тік шықты. Біреу оның бойындағы барлық үрейді жиып алып тастағандай.

-Кез келген. Бірақ ол түс біз жасырған түспен сәйкес келу керек!

Ол бұл ойында нақты ереже барын түсінді, бірақ қандай ереже?

Пікір

Автор

Жазылсаң, жаңа бөлім шыққанда хабарлаймыз.

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Триллер жанры