Отырып-отырып ойына қай-қайдағының оралып кеткені...Балалық шақ, балаң сезім...Алыс ауылдағы, ескі мектептегі оқушы қыз...Әлі есінде, ол қыз сыныптың үздігі болатын.Жақсы оқитын қызды кемі екі үш жігіт ұнататын.Бұл да ұнатты.Құдай ау, алғашқы сезім деген бөлек қой.Шынайы ғашық болу деген сол, алғашқы ғашық болу шығар.Ол қызға арнап жазған шатпақ-шимай өлеңдері махаббат сөздеріне толы болатын.
Алғаш сезім білдіргені тіпті қызық.Хатты қыздың құрбысынан беріп жіберген болатын.Хат жіберіп, жауабын күтіп ұйықтай алмау, не жауап келеді екен деп аласұру...Ол заман үй телефоны ғана болатын.Смартфон атымен жоқ кезең...
Ақыры келді ау жауабы:«махаббатқа әлі ерте» депті.Бірақ, бұл барынша сол қыздың жүрегін жаулауға тырысатын.Концерт болса ән айтып, мектептегі би кешінде жанынан табылуға ұмтылатын.Оның күлгені құдды бір, ертегідегі арулардың күлкісіндей елестейтін.
Бірақ, бір кедергі болатын...Ол қызға мұның жан досы да ғашық еді.Иа, досының ол қызбен аз-маз туыстығы болатын, ру жағынан.Сол себепті отбасылары жақсы араласты Бірақ, бұл іштей сезетін, олардың жақындығы туыстықтан да жақын екенін.
Жастық шақ...Көше кезу...Үлкендерден таяқ жеу.Алғаш рет ішімдіктің дәмін тату(беті аулақ, қайбір жақсы нәрсе дейсің)...Барлығы ретімен өтіп жатты...
Бір күні сыныпқа, жаңадан бір жігіт ауысып келді...
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.