Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3 мин

2-бөлім

2 / 2

Әлгі жігіт келе сала бұлардың қызына қырындағаны бар емес пе?! Қызғаныштан жарылардай болып, досына хабарласты. Кешқұрым досы екеуі көшеде әлгі жігітті үй жағынан шығарып алып сазайын берді.

Зымырап уақыт өтті.Барлығы бір қалаға оқуға түсті. Ию қию студенттік шақтар. Көшеде кездесіп қалған сайын, жүрегі дір ететін...Кейін ол қыздың оқуын бітіре сала арман қала-Алматыға кеткенін естіді.

Бұл да оқуын бітіріп, жұмысқа орналасты. Мектеп кезінен мазалайтын жара бар болатын, соған операция керек болып, ауруханаға жатты.Операциядан соң, төрт бес күннен кейін досы келіп кетті.Аурухана алдында аз кем әңгіме айтқан соң, досы асығып кетіп қалды Енді ішке кірмек болып жинала бергенде, қолындағы Нокиа шыр етті..."Құдайым ау, мынау сол ғой""

Аялдама жақтан ғашығы көрінді.

-Сәлем

-Сәлем, қалайсың?

-Шүкір, Алматыдан оралдың ба?

— Қайта кетемін...сонда жұмыс қарап жатырмын.демалысқа келдім.

-Тұрмыс құрып кетпедің бе әйтеуір?

Қыз сықылықтай күлді:

-соңымнан қалмай жүрген біреу бар...

Осылайша екеуі жарты сағаттай әңгіме айтқан соң, қоштасып жатқанда жігіт беттен сүймек болып ұмтылғанда ерінмен ерін абайсызда тоғыса кетті...Жігіт сасқалақтағанмен қыз еш саспады...От еріндер айқасқа түсті...Бір-бірінен қалыспай, бір сәтке айналаның бәрін ұмытып, тәтті түске еніп кеткендей күй кешті. Бір минуттан соң қыз «жақсы»деп басын изеді да, аялдамаға жүгіре жөнелді.Аң таң болған жігіт тәтті сәтті қимағандай, көзін жұмып сәл тұрып қалды.

Бір аптадан соң қыздың Алматыға кеткенін, кейінірек тұрмысқа шыққанын естіді. Алай-дүлей күй кешпесе де, түсініксіздеу сезімде қалып, қимастық күйде біраз жүрді.

Арада жылдар өте, оның бала шағасымен ажырасып келгенін естіді.Жігіт әлі бойдақ болатын. Қызды іздеп барып, екеуі соның үйінде бірге шәй ішті.Қыз дәм тұзы жараспағанын, енесімен де ерегісі көбейген соң, ажырасып тынғанын айтып мойындады...Жігіт сол күні қыздың үйіне қонуға бекінді.Арам ойлар мазалап, қыз жатқан бөлмеге қарайлай берді...Кенет өз ойынан шошып кетіп, қыз жатқан бөлменің есігін қағып:Есігіңді іліп ал, мен кеттім -деді...Түн ортасында үйіне тайып тұрды.

Солай жүргенде жігіт басқа жанды жолықтырып, отбасын құрды.Қызды күйеуі келіп, кешірім сұрап алып кетті.Қанша қимаса да жігіт өз өмірімен, қыз өз өмір жолымен кетті.

Кейін ортақ таныстардан оның бөпелі болғанын естіді.Іштей бақыт тіледі.

Арада жылдар өте, қыздың инстаграм парақшасынан күйеуімен ажырасып, басқа біреумен отбасылы болғанын көрді...Бәлкім азаматтық некесі.

Іштей бір күрсінді:«Алматы-арсыз қала...»

Алғаш сезімін оятқан қыз бейнесін, жүрек түкпіріне тығып қойды.

Соңы.

Пікір

Автор

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры