Осы күннің жасы да, кәрісі де несие төлейді. Бірталайы кешіктіріп төлеп, күн сайынғы бопсалайтын қоңырауларға үйреніп те кеткен. Солардың бірі Өмірзақ. 15-ші Наурызға дейін 136 мың теңге банкке төлеу керек. Бүгін 14-і. Осымен сегізінші ай төлемді кешіктіруде. Қалай бұндай хәлге түскенін өзі де аңғармай қалды. Жә, құрысын бәрі. Ертең ақшаны қайдан табады?
Өмірзақ вакансия жариялайтын сайттарды әрі ақтарып, бері ақтарып бір мардымды жұмыс таппады. Бәріне керегі — 8-10 сағат қызмет ете алатын тұрақты жұмыскер. Ал бұл студент. Мамандығы — гегорафия пәні мұғалімі. Жұмыс іздеп-іздеп шаршайды-ақ. Резюмесін келістіріп қойып қойды сайттарға. Жақсы жұмыстан хабар жоқ. Оның үстіне Астананың көктемгі суығы да жүдеу жанды одан сайын қысып барады.
Түн ортасы болуға таяды. Өмірзақ әлі де телефон хабарландыруларының бірін де жібермей аңдуда. Бір сәтте әлдебір жұмыс берушіден ұсыныс келді. Солғын үмітпен жас жігіт жауап қайырмаққа ұмтылды. Вакансияда айлық көрсетілмепті. Сипаттамасы да толық емес. “Келісімді” деп қойыпты. Жұмыстың аты “индивидуальный преподаватель русского языка” екен. Астанада 6 жыл тұрған қазақ ретінде орысшаға әбден үйреніп алып еді. Содан түйіндемесіне “свободно владею” деп орысшаны да қосқан. Содан келген ұсыныс болу керек. Жұмыс беруші шетелдікке ұқсайды, аты кирилше емес, латынша тұр. “Sanaz. S” дейді. Қызық-ақ екен. Өмір (Өмірзақ) онымен тіл қатысты, яғни, текст арқылы. Sanaz. S жігіттің жеке нөмірін және қарапайым мессенджерде сұхбатты жалғастыруды сұрады. Әдетте жұмыс берушілер сөйтеді. Сонымен екеуі мессенджерге кетті.
“Мұнда бір шикілік бар” деп қояды ішінен жігіт. Алайды не шикілік екенін білгісі кеп барады.
Бөлім туралы пікірлер 1
өте жақсы, бірақ шикілік бар деп ашық айтпай іс-әрекетте немесе диалогта байқалса керемет болатын сияқты. сәттілік, келесі бөлімді күтемін :)