Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2 мин

1-бөлім

1 / 4

Мен бұл қалаға бір рет келген едім. Қала дегенде қалай айтсам екен, бұл қалада мен түсімде ғана боламын... Алғаш рет айналамда өзіме бейтаныс заттарды көріп таңдандым. Жол теңіз бен жер ортасында сияқты.Осы жолмен ұзақ жүре берсең, алдыңнан бейне бір бейтаныс, бұл әлемде жоқ қала шығады. Жол бойындағы акулалар мен киттер көз тартады. Су бетінде өздерінің өнерлерін көрсетіп, сан түрлі іздер қалдыруды. Мұны көргендегі әсерім шексіз. Келесі бір жағыма қарасам, өсіп тұрған гүлдер мен ағаштар. Керемет бау-бақшалар. Аспан мен жерде ұшып жүрген ерекше құстар, айналада бейне бір қорық сияқты жануарлардың түр-түрі. Не жоқ, жер бетіндегі барлық жануарлар.

Бұл жерді бір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бір білерім, ерекше көрініс, ерекше естен кетпес ғажайып. Айналаға қарап тамсанудан жалықпайсың. Бір қызығы осы қала маңында тұратын көптеген адамдар, әңгіме басында айтып кеткен, жер бетінде жоқ ерекше қалаға кіре алмайды. Ұзын түзу жол, еркеше қалаға бағытталса да, қалаға әрі қарай кіру үшін, адамдар арасынан таңдаулылары ғана кіреді екен. Мысалы мың адамнан, біреуі. Енді ойлай беріңіз, бұл қалаға кіру біраз адамның арманы болар... Осылай қалаға қалай кіремін деп, қалаға жақындап, көпірдің жанында ойланып тұрғаным сол еді -құрбым Сабира мені оятып жіберді.

— Мақпал тұр, сабаққа кешігеміз.Неге оянбай жатырсың? Не қылған ұйқы?! Қыз-ау кешігеміз тұрсаңшы енді...

— Ааа, не дейсің?! Қазір...

... Осылай екеуміз сабаққа бардық. Күні бойы есімнен көрген түсім кетпеді. Сабақ біткеннен кейін, кафеге бардық. Мұндағы, официант жігіт менен көзін алар емес.Менде оған жаман қарадым, ол болса, жымиып қарады. Біздің тапсырысымызды әкеліп берді. Тамақтанып алып, бірден жатаханаға қарай жол тарттық. Кеш болды, берілген тапсырыстарды орындап, ұйқыға кеттік. Осылай ұйықтап, жатып тағыда сол ерекше қаланы көрдім. Қала бұл жолы бұрынғысынан да, әдемі, тамаша көріністе. Іштей ойлап қоямын, осы қалаға қайітсемде кіруім керек- дедім. Осылайша қалаға да жеттім

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Фантастика жанры