Әдеттегідей сабақтан өзім жалғыз қайтып келе жатқанмын, кенет артыма бір сұры мысық түсіп алды.Оған қараған сайын, жүрегімді қорқыныш биледі. Түсі сондай суық, бір қызығы көзі жұмулы екен...Мені көрмейді бірақ соңымнан қалар емес.Келе жатырмын, олда артымнан қалар емес...Соңына қарай жүгіре бастадым, мысық та, жүгірді.Қорқанымнан, бір сауда үйіне кіріп кеттім.Мысық далада, қалып қойды.Терезеден қарап едім, жоқ болып кетті.Сауда үйіне дейін, такси шақырып, жатаханаға келдім.Бөлмемде ұзақ ойланып отырдым, қорқынышым басылмады.Кешкісін, бәрін Сәбираға айтып, ол әңгімемді күлкіге айналдырды...
Ертесіне Сәбира екеуміз сабақтан қайтып, кафеге бардық, Бір кезде қарасам, мысық орындықта отыр.Жүрегім жарылардай болдым.Сәбираға ақырын айтсам, ол ештеңе көрмегенін айтты.Мен болсам, мысықты көріп, тұрмын...
Сыртқа шығып, Сәбираны күтіп тұр едім, маған қарай официант жігіт келді.Ол маған өзінің мысықты көргенін айтты. Менің таңданысымда шек жоқ, оны қалай көрдің, неге басқалары көрмейді?– деген сұрақты қойдым.
-Ол жағын, саған уақыты келгенде айтамын.Мен сенің түсің жайлы білемін, саған тағы айтарым, құрбыңнан алыс жүр...ол саған зиянын тигізеді.
-Не, сен кімсің?! Маған олай айтатын...
-Мен есіммін Әли, сен көрген түстегі қаланың тұрғынымын...
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.