Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2 мин

1-бөлім

1 / 3

Сағат түнгі шамамен он бірге жақындап қалған. Джон әдеттегідей жұмыс үстелінде кітабын қолына алып оқып отырған.

Кенеттен телефон шырылдады.

Қызық, Джон бірнеше секунд абдырап, — бұл уақытта ешкім мазаламайтын еді, кім болды екен? — деді күбірлегендей.

Тұтқаны көтерді, сол сәтте оған таныс бір дауыс хал-жағдайын сұрады. Содан соң:

Мистер Джон, деп сөзін жалғастырды — Rue Berger көшесінің бойында келеңсіз жағдай орын алды, тезірек оқиға орнына келуіңізді сұраймын — деп тез-тез айтты да тұтқаны қоя салды.

Бұл уақытта Джонға қоңырау шалған танысқанына бір жыл бола қоймаған Виктор Самуель еді.

Детектив қоңырау өше салысымен асығыс жүруге жиналды. Джонның санасында тек бір сұрақ тыным таппай, маза бермеді. Ол қандай жағдай болды деген сұрақ.

Париж қаласының орталығынан шеткері жерде орналасқан үйінен шыға бергенде Эйфель мұнарасы алыстан менмұндалап көзге көрінеді. Түнгі қала тыныш, дегенмен көшелерге жарық шашып тұрған шамдардың астынан бірен-саран төрт дөңгелектер өтіп жатты.

Арада көп ұзамай Джон оқиға орнына келіп жетті. Сол маңайдан Викторды және көрді. Виктор Самуелдің жанынан 3-4 полиция қызметкерлерін байқады. Шамасы болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін өзара пікір алмасып, талқылап жатқан сыңайлы. Виктор Самуель Джонның келгенін көрген мезетте жақындап барып: — Жағдай қиын, — деп сөзін бастады. Бұл кезде тұман қалыңдай бастаған. Қолын шекесіне қойып былай деп жалғастырды: — Жәбірленушінің қаза болғанына бір сағатқа жуық уақытқа жақындап қалған. Бізге хабарласқан куәгердің айтуынша, осы маңайдан өтпек болғанда жас жігіттің ыңырсыған дауысын естіген. Жақындап барып қараса әлгі ер адамның қансырап өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан көрінеді. Содан қырық жастан асып қалған бір әйел адам дереу арада бізге хабарласқан. Бірақ біз келіп, мән-жайды анықтап, көмектесеміз дегенше бұл адамның дәм-тұзы таусылып, мәңгі өмірге аттанып кеткен еді.

Бұл сөздердің барлығын Джон үнсіз ғана тыңдап тұр. Арадағы тыныштықты Виктордің өзі бұзып, сөйледі:

Осы істі толыққанды өзіңе тапсырамын, — деді.

Джон не істерін білмегендей сыңай танытты. Өйткені Виктор бұған дейінгі уақытта оған әзілдеп детектив деп атағаны болмаса, ол тек Виктор Самуелдің жанында көмекшісі болып қызмет атқарып жүрген. Оның үстіне бұл салада тәжірибесі де аздау еді. Джон Маккартур енді ғана өз-өзіне келіп, басын изеді.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Шытырман жанры