Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3-бөлім · 2 мин

3-бөлім

3 / 3

Көшеге шыққан Джонның санасын Клэр айтқан «орта бойлы ер адам» ойландырып қоймады. Куәгердің байқағаны жай ғана көшеден өткен бейсауат жан болуы да мүмкін, бірақ тұман қоюланып тұрған сәтте аяғын жедел басып бара жатқан адам бұл кездейсоқтыққа келмейді. Джон оқиға орнына қайта оралды.

Қабырға түбіндегі түймені есіне алып, ол жерге еңкейіп мұқият қарап шықты. Бұл түйменің үстінде кішкене жазу бар екен: «St. Noir Tailor — Rue de l’Industrie». Джон бұл тігін үйінің бар екенін аз-маз білетін, ертесі сол жерге жол тартуға бел буды.

Таң атысымен Джон Rue de l’Industrie көшесіне келді. St. Noir Tailor — сәнді киінген қарт тігінші басқарған шағын, бірақ беделді шеберхана болып шықты. Ол түймені көрсете салысымен, тігінші сәл ойланып:

Мұны біз тек арнайы костюмдерге тігеміз. Бұны соңғы рет бір ай бұрын Пьер Делакруа есімді тұтынушымызға жасадық, — деді.

Джон дереу арада бөлімшеге хабар беріп, Пьер жайлы мәлімет жинауға тапсырма берді.

Арада екі күн өткенде, Пьердің бұрын алаяқтық үшін істі болғаны анықталды. Сонымен қатар, дәл сол Rue Berger көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде тұратыны белгілі болды. Полициямен бірге келген Джон оның пәтерін тінтіп, киімдерінен дәл сондай түймені тапты. Қаны кепкен пышақ та табылды.

Пьер Делакруа ұсталып, алғашқы тергеу кезінде барлығын мойындады. Этьен екеуінің арасында ақша үшін дау шығып, ашу үстінде сөзге келіп қалғандықтан оны пышақтап тастағанын айтты. Сол арада Пьер Делакруа оқиға орнынан сескеніп қашып кеткен болып шықты.

Іс жабылды. Джон алғашқы тергеуін сәтті аяқтады. Виктор Самуель полиция бөлімшесінде оған алғыс айтып, енді ресми түрде детектив ретінде жұмыс істеуге ұсыныс жасады.

Сол түні Джон үйіне қайтып бара жатып, Эйфель мұнарасына көз тастады. Қала түнде тағы тұманға оранған еді. Бірақ бұл жолы ол тұманның ар жағынан жаңа өмір жолын анық көріп тұрғандай болды.

Пікір

Автор

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Шытырман жанры