Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

4 мин

3-бөлім

3 / 3

«Жатақханадағы махаббат»

3-бөлім. Жауабын білмеген сұрақтар

Жетіге әлі бір сағаттай уақыт бар еді. Сосын сағатыма қарадым. Кеше түнде Аяламен болған әңгіме әлі ойымнан кетпей жүрді. Оның «Маған бір адам ұнап қалды…» деген сөзіне қайта-қайта орала бердім. Қызығы, кім екенін білгім келсе де, жауабын естуге онша асықпадым.

— Диас, тұрмайсың ба? — деген Асқардың дауысы ойымды бөлді. — Әлде бүгін төсегіңнен тұрмай, махаббат туралы ойланып жатасың ба?

— Сен таңертеңнен бастап тыныш жүре алмайсың ба өзі?

— Жарайды, жарайды. Бірақ бүгін бір жаңалық болады-ау, сезіп тұрмын.

Мен күліп, киіне бастадым.

Таңғы астан кейін мектепке бардық. Бірінші сабақ басталып кеткен. Мұғалім тақтаға формулалар жазып, жаңа тақырыпты түсіндіріп жатты. Мен дәптерімді ашқаныммен, ойым әлі де Аялада еді.

— Әй, Диас, — деп сыбырлады Асқар.

— Не?

— Кеше кіммен әңгімелестін айтасың ба, жоқ па?

— Аяламен.

Асқардың көзі үлкейіп кетті.

— О-о-о! Сосын?

— Ол біреуді ұнатып қалыпты.

— Қайдағы біреу? Кім екен?😨

— Білмеймін. Бүгін айтамын деді.

Асқар біраз ойланып отырды да, маған бұрылды.

— Ал сен ше? Егер оған шынымен басқа біреу ұнаса, не істейсің?

Мен оның сұрағына бірден жауап бере алмадым.

— Ештеңе істемеймін. Ол өзі біледі ғой.

— Ә-ә, түсінікті, — деді Асқар күлімсіреп. — Бірақ түріңе қарасам, саған бұл жағдай аса ұнап тұрған жоқ.

— Сабақты тыңдашы, Асқар.

Мұғалім бізге ескерту жасаған соң, екеуміз де тыныштала қалдық. Бірақ Асқардың сұрағы ойымда қалып қойды.

Шынымен, егер Аяла басқа біреуді ұнатса, мен не істер едім?

Үзілісте сыныптан шығып бара жатқанымда, Аяла мені тоқтатты.

— Диас, кеше айтқан әңгімеміз есіңде ме?

— Иә. Әлгі саған ұнайтын адам туралы ма?

— Иә, — деді ол жымиып. — Бірақ алдымен сенен бір нәрсе сұрасам бола ма?

— Сұрай бер.

— Сеніңше, екі адам алдымен дос болып, кейін бір-бірін ұнатып қалуы мүмкін бе?

Мен сәл ойланып қалдым.

— Әрине. Меніңше, адамды алдымен танып алған дұрыс. Оның қандай екенін, мінезін түсінесің. Содан кейін ғана сезіміңді түсіне бастайсың.

Аяла басын изеді.

— Ал егер бір адам екінші адамды ұнатса, бірақ айтуға қорықса ше?

— Онда неге қорқатынын түсіну керек шығар. Мүмкін, достығын жоғалтудан қорқатын шығар.

Ол маған біраз үнсіз қарап тұрды.

— Сен өзің біреуге сезіміңді бірінші болып айта аласың ба?

Бұл сұрақты күтпеген едім.

— Білмеймін. Егер ол адамға шынымен сенсем, бәлкім, айтармын.

Аяла жымиып қойды.

— Қызық екен.

— Несі қызық?

— Жайй. Сенің ойыңды білгім келді.

Сол кезде қоңырау соғылып, әңгімеміз аяқталды. Аяла сыныпқа кіріп кетті, ал мен дәлізде бір сәтке тоқтап қалдым.

Неге ол менен мұндай сұрақтар сұрады? Әлгі ұнататын адамы туралы кеңес алғысы келе ме екен?

Мен бұл туралы көп ойланбай, сыныпқа кірдім.

Келесі сабақта Аяла маған бір қағаз беріп жіберді. Онда: «Сенің ойыңша, қыз бен жігіттін арасында достық бола алама?» деп жазылыпты.

Мен қағазға: «Әрине. Бірақ кейде достықтың қалай өзгеретінін өздері де байқамай қалады», — деп жауап жаздым.

Қағазды қайтарып бергенімде, Аяла оны оқып, күлімсіреді. Содан кейін дәптеріне бір нәрсе жазып кетті.

Сабақ аяқталғанша сол жымиысы ойымнан кетпеді.

Түске қарай соңғы сабақ та аяқталды. Барлығымыз заттарымызды жинай бастадық. Аяла сөмкесін иығына асып, қасыма келді.

— Диас, бүгін түстен кейін боссың ба?

— Иә, не болды?

— Екеуміз біраз сөйлессек деп едім. Кеше бастаған әңгімемізді аяқтамадық қой.

— Жарайды🤩. Қайда кездесеміз?

— Түскі астан кейін айтамын, — деді ол күліп.

Сосын құрбыларына қарай кетіп қалды.

Мен оның соңынан қарап тұрып, жымиып қойдым.

Аяла менің ойымды білгісі келді. Бірақ неге дәл менің пікірім оған соншалықты маңызды екенін түсіне алмадым.

Мүмкін, ол шынымен басқа біреуді ұнататын шығар. Мүмкін, мені жай ғана досы ретінде көретін шығар.

Бірақ бір нәрсені анық білдім: түстен кейінгі әңгімемізді асыға күтіп жүр едім.

Ал Аяла болса, дәліздің арғы жағында құрбысына қарап, әнгіме айтып кетті. Оның не ойлап тұрғанын мен әлі білмейтінмін.

Кейде ең маңызды сұрақтың жауабы дәл алдыңда тұрады. Бірақ оны түсіну үшін уақыт керек….

Пікір

Автор

Жазылсаң, жаңа бөлім шыққанда хабарлаймыз.

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры