Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3 мин

2-бөлім

2 / 3

Жетіге әлі жарты сағаттай уақыт бар еді. Сосын сағатыма қарадым. Әдетте оятқыштың дауысынан әрең тұратын мен бүгін өзімнен-өзім ерте ояныппын.

— Эй, Диас, четам, не істеп жатырсың? — деді Асқар көрпесінің астынан басын шығарып.

— Ештеңе, ұйықтай бер.

— Сағат жеті де болған жоқ. Әлде біреуді көргің келіп тұр ма? — деп күлді ол.

— Кетші, ақымақ!

Асқар күліп, қайтадан жатып қалды. Ал мен төсегімнен тұрып, киініп, жуынып-шәйініп таңғы асқа дайындала бастадым. Шынымды айтсам, бүгін Аяланы көретінімді ойлап, көңілім көтеріліп тұрды.

Сыныпқа кіргенімде, Аяла терезенің жанында құрбыларымен сөйлесіп отырған еді. Мені көргенде жымиып:

— Сәлем, Диас! — деді.

— Сәлем! Қалайсың?

— Жақсы. Өзің ше?

— Мен де жақсы.

Бар болғаны осы ақ. Бірақ оның қарапайым ғана амандасуы да көңілімді көтеріп жіберді.

Сабақ басталды. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп жатқанда, Аяла маған бұрылып, бір тапсырманы түсінбей қалғанын айтты. Мен оған ақырын түсіндіріп бердім.

— Рақмет саған! — деді ол күлімсіреп.

— Оқасы жоқ.

Үзілісте Асқар қасыма келді.

— Сонымен, бүгін не жаңалық, не өзгеріс?

— Да ничего. Сол сабақ оқып жүрміз.

— Канечно, сабақ оқып жүрсіңдер. Мен сендерге кедергі болмай-ақ қояйын, — деді ол мысқылдап.

Мен күліп, оны иығынан итеріп жібердім.

Сабақтар аяқталған соң, Аяла екеуміз кітапханаға бардық. Бірге отырып, үй тапсырмаларын орындадық. Біраздан кейін әңгімеміз сабақтан басқа тақырыптарға ауысты.

— Диас, шынымды айтсам, осы мектепке келгенде қатты қобалжыдым, — деді ол. — Мұнда бәрі бір-бірін таниды, ал мен ешкімді білмеймін.

— Уайымдама. Біраз күннен кейін бәрімен араласып кетесің, — дедім.

— Сеніңше, мен үйреніп кете аламын ба?

— Әрине. Оның үстіне, енді сенің таныстарыңның бірі менмін ғой.

Аяла күліп жіберді.

Сол сәтте оның жанында өзімді ерекше жайлы сезінетінімді түсіндім. Онымен сөйлесу үшін міндетті түрде бір себептің қажеті жоқ еді.

Кешке жатақханаға оралдым. Асқар төсегінде жатып, телефон қарап отыр екен.

— Ал, батыр, бүгін қалай өтті? — деп сұрады ол.

— Жақсы. Бірге сабақ оқыдық.

— Тек сабақ па?

— Иә!!!

Асқар күліп алды да, кенет байыпты кейіппен:

— Диас, ол саған ұнай ма? — деп сұрақ қойды.

Мен біраз ойланып, үнсіз қалдым.

— Білмеймін. Бірақ онымен сөйлескен, жанында болған маған ұнайды.

— Онда асықпа. Оны жақсырақ танып ал, — деді ол.

Түнде төсегіме жатып, телефонымды қолыма алдым. Сол кезде экранда жаңа хабарлама пайда болды.

Аяла: «Диас, ұйықтап қалған жоқсың ба?»

Мен: «Жоқ, әлі ұйықтаған жоқпын. Не болды?»

Біраз уақыттан кейін ол қайта жазды.

Аяла: «Сенен бір нәрсе сұрасам бола ма?»

Мен: «Аха, сұрай бер».

Аяла: «Маған бір адам ұнап қалды…»

Осы хабарламаны оқыған сәтте ішімде бір зат құлады. Бірақ сыр білдірмей, жауап жаздым.

Мен: «Кім? Біздің мектептен бе?»

Аяла: «Иә. Сен оны танисың».

Мен экранға ойланып қарап отырдым.

Ол кім болды екен? Неге маған айтып отыр? Әлде мені жай ғана досы ретінде көре ме?

Сол кезде тағы бір хабарлама келді.

Аяла: «Саған айтайын ба, кім екенін?»

Мен саусақтарымды пернетақтаға қойып, жауап жазуға дайындалдым. Бірақ не жазарымды білмедім.

Өйткені оның келесі сөздері менің бүкіл көңіл күйімді өзгертіп жіберуі мүмкін еді….

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры