Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2-бөлім · 2 мин

Әр істің сұрауы бар

2 / 2

Екеуі туған күн кешіне келді. Досы, келіншегі және екеуі. Отырыстың соңында ішімдіктен ұрттаған Айнаның көзі қарауытып, миы айнала бастады. Соңы есінде жоқ. Таңертең тұрса, қасында Қамбар жатыр. Мән-жайды түсінді де, киініп далаға шығып кетті. Не істерін білмей, ойы сан-саққа жүгірді. Бәріне өзін кінәлады. Болған жайты ешкімге айтпай, Алматыға оқуына қайтты. Алматыға келген күні Қамбар келіп, өзінің ғашық екенін төрт баласына қарамастан үйленетінін айтты. Сонымен Айна Қамбармен келісіп үйіне барды. Ең сорқасы әйелі, балалары бәрі үйінде. Ағалары Айнаны алып кетуге келгенде ешқайда айтпай, сол үйде қалды. Екі айдан соң, Қамбар бірінші әйелімен ажырасты. Төрт баланың үшеуі Айнаның қолында қалды.

Бірақ Айнаның ағалары «сен біз үшін жоқсың, бізді масқара қылдың» деп ат құйрығын кесті. Туыстарына да Айнанмен кездесуге тыйым салды.

Арадан жылдар өтіп, Айна екі ұлды болды. Қамбардың бірінші әйелінің үш ұлы да Айнаның қолында өсті. Өзін осы балалардың алдында айыпты санайтын. Анасымен жасырын кездесіп тұрды. Екі ұлы ержетіп, анау үш ұлды үйлендіріп, бөлек үй қылды. Бүкіл өмір бойы туыстарымен араласа алмағаны, анасымен жасырын кездесіп тұруы, өткен өміріндегі қателіктері өзегін өртейтінін жылап отырып айтты. Айна апай 2012 жылы елу жасында аяқ астынан дүние салды. Айна өмірден кеткеннен кейін, көп өтпей Қамбар жүйке ауруына шалдықты. Ұлдары көп емдетті. Бірде Қамбарды үлкен ұлы емшіге апарса, емші: «әкен қарғыс алған, жазылып кетуі екіталай» деп қайтарды. Үлкен ұлы институтты бітіру кешінде достарымен төбелесіп, он жылға сотталып кетті. Кіші ұлы машинада жүріп, жол апатына түсіп, омыртқасы зақымданып, төсекке таңылып қалды. Көп өтпей Қамбар аязды күндері көше кезіп кетіп, үсіп қалып бұл дүниемен қош айтысты.

Осы оқиғалар мені көп ойлантты. Қамбардың жас күніндегі жасаған қателіктеріне өзі, ұлдары жауап беріп жатқандай сезілді. Әрбір жасаған әрекетіміздің сұрауы бар сияқты.

Пікір

Автор

Жазылсаң, жаңа бөлім шыққанда хабарлаймыз.

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Драма жанры