Алуа Ерланға ешқашан қарамайтын: не жек көрмейтін не сүймейтін де. Алайда Ерлан Алуаға деген махаббаты екеуіне жетердей болып оған көрінеді. Әр таң сайын Алуа суға келер уақытта Ерлан сол маңайды қыздың көздеріне түсу мақсатымен алыс кетпей саңдалып жүре береді. Оның бұл тірлігіне Алуа үйреніп те алған, бірақ оған көз қиығымен де назар аудармайды.
Осы күн Ерланның шыдамының шегі еді. Ауыл шетіндегі көлге жолда Ерлан Алуаны қуып жетіп:
— Көптен бері саған ғашық екенімді білесің ғой?!, — дауысыңда реніш пен ашу сезімдері тоғылысып тұрғандай — Тым болмаса бір сәтке көз жанарынды маған бұрсан нең кетеді?
Қыздыңда шыдамы біткен сыңайлы. Ол Ерланға қарап, шаршаған дауысымен:
— Ерлан, мен саған қанша рет айтамын! Жетер енді! Ұнамайсың сен маған! Ешқашан да ұнатпаймын мен сені! Не істесің де, не айтсаңда, менің саған деген сезімдерін өзгермейді! — деді де ашуланып, бұрылып қайта жолына түсті. Ерланға Алуаның сөздері қатты тигені соншалықты, тіпті өз орнынан қозғала алмай, тек жұдырығын қатты қысып тұра берді.
— Сен қалай болса да мендік боласың! — деп тістеніп сыбырлады Ерлан.
Таңертең ауыл іші азан-қазан болды. Алуаны көл жағасынан тапты: ол орамалын шайып жүріп, тайғақ тасқа аяғы тайып, жағадан сәл ұзағанда-ақ тереңдеп кететін суға құлап кеткен екен. Қасында сол бір мезетте ешкім боламаған. Жөн — жоралғы бойынша қызды күн батарды жер қойнауына тапсырды. Қыздың денесін жуындырып, ер адамдар табытты көтеріп, мазарға қарай бет алды.Олардың арасында Ерланда бар еді. Жерлеу барысында ол бір сөзде айтпай үнсіз жүре берді. Қабірге соңғы уыс топырақ тасталғанда, ол төмпешікке қарап тұрып, ойына келген жалғыз сөзді іштей қайталады: «Сен мендіксің!».
Ерлан үйіне оралса, бес жасар інісі Арман ойыншықтарымен ойнап отыр екен. Ағасының үйге кіргенін көріп, алдынан қуана жүгіріп шықты.
-Аға! Аға, тамақ ішесіз бе? — деп секіріп тұр.
— Жоқ, ішпеймін. Тәбетім жоқ.
— АААА. Жақсы. Онда шәйнекті қоспай — ақ, қояйын — деді Арман күлімсіреп.
Ерлан тек оның басын сипады да, қайта сыртқа шығып кетті асығып.
Түн ортасында қолына күрек алып, мазарға қайта оралды. Ерланның ойын білгендей Ай оған «Бұл дұрыс емес» дегендей бүлттар арасына тығылып, нұрын шашпай тұр. Жер әлі нығыздалып үлгермепті, күрек оңай бойлай берді. Ерланбұл ісінің дұға қылып жуып-шаюға келмейтін күнә екенін білді. Бірақ «Тоқта» деп бұйырған ішкі дауысына не жүрегі, не қолдары бағынбады. Күрек жүзі ақ матаға тиді. Алуаның денесі мұздай әрі малмандай су еді. Әлі де судың түбінде жатқандай. Ерлан оны өзінің шапанына орап, дала арқылы алып жүрді. Артына қарамады. Ауылдың сыртында жалғыз бас бір үй бар еді. Ол — Мыстан кемпірдің үйі. Оның терезесінде түннің бір уағы болса да жарық жанып тұрды. Ерлан есік қақпай тұрып-ақ, есік ашылды.
— Еденге жатқыз, — деді кемпір.
— Оны тірілтші, — деді Ерлан булыға сөйлеп. — Не сұрасаң да беремін. Мені сүйетіндей етші. Тек мені ғана сүйсін. Басқаны емес.Тек мені.
— Тек сені ғана сүйсін бе?, — деп кемпір оның сөзін қайталап, мысқылдай жымиды. — Қарағым, ғашық қылу өте оңай. Алайда, қарағым, оның төлемі өте жоғары.
— Мейлі. Маған бәрбір. Не қалайсың? Төлем ретінде жанымды алсаң да келісемін.
Мыстан кемпір басын құсша қисайтты да:
— Сенің жаның ба? Сенің жаның ешкімге керек емес. Оның не құны бар? Өкпе мен өз-өзіңді аяудан басқа ештеңе жоқ. Мұндай жанды тегін берсе де алмаймын, — деді.
Ерлан үндемеді. Кемпір оған жақындай түсті. Одан түтін мен дымқыл жүннің иісі шығатын.
— Бірақ үйіңде біреу бар ғой, — деді ол ақырын ғана. — Бір кішкентай жан. Жаны таза балақай.
Ерланның санасына бір мезгілде күлімсіреп тұрған Арманның бейнесі келді.
— Арман, — деді ол. — Менің кішкене інім.
— Оның жаны маған жарайды. Тап-таза, әлі кір шалмаған жан. Соны берсең, қыз орнынан тұрады да, тек саған ғана қарайтын болады.
Ерлан бұл ұсынысты естіген бойда, үйден шығып кетуі керек еді. Алуаны көтеріп алып, қашуы керек еді. Бірақ аузын ашқанда, өз дауысын өзі естіді:
— Ала бер. Мен келістім.
Мыстан кемпірге оның келісімі көңіліне ұнады.
— Тез келістің ғой, — деді ол Ерланға күлімсіреп, — Ойланбайтындарды жақсы көремін".
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.