Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

4 мин

1-бөлім

1 / 3

Сәрсен таң қылаң бере, қолына құжатын ғана алып шығып кетті.Көршілердің иті мұны таныған соң үруге ерінді ме, басын бір көтерді де”е, сен бе едің” дегендей қайта жата қалды.Жеделдетіп басып, бір шақырым жердегі теміржол бекетіне жеткенде, ауылға тоқтайтын қалааралық екі вагонды сүйретіп, ескі тепловозда жеткен еді.

Вагонға міне сала,”уф” деп бір күрсініп, терезеден ауылына тағы бір көз салды.”Енді, қашан ораламын...Тек мені кіналай көрмеңдерші”.Өзінің қашқын екенін енді сезінді.Тек іштей анасы мен бауырларын аяды.Түнімен әкесінің ішіп келіп”концерт” қойғаны тек бүгін емес.Жетінші сыныптан бері, сол “концерттің” көрермені әрі қатысушысы болып келе жатқанына бес жыл болыпты.Кеше шыдамы шегіне жетіп, түнде ауылдан кетуге бекінген.Сол ашумен поездан бір-ақ шыққаны осы.

Мектеп бітіргеннен соң сыныптастары сияқты оқуға тапсырып көрген, грантқа ілінбеді.Ауылға қайта оралып, қолдан келген анау мынау жұмыстарды жасап жүрген.Бірақ, отбасындағы мазасыз жағдайлар, қалаға қашуға мәжбүр етті.

Күн тастөбеден ауғанда, дауысын созып сигналын берген қос вагонды поезд, Түркістан шаһарына жетті.Сәрсен вокзалдан түсе сала, көгалға су шашып тұрған жұмысшының қолындағы қара шлангадан қара суды сіміре жұтты.

Ағаш көлеңкесінің астындағы ұзын орындыққа жағасып, ойша план сызды.Туыстар үйіне жолаудың қажеті жоқ, сыныптас оқуда жүрген жігіттер ауылдан хабарласса айтып қоюы бек мүмкін Не болса да құрылыс жағалап көргенді дұрыс санады.Сұрастырып жаңа мөлтекаудандар салынып жатқан жерге жетті.

Соғылып жатқан ғимараттың жанында телефонмен сөйлесіп тұрған жігітке қол беріп амандасты.

Ассалаумағалейкүм, ағасы?Амансыз ба?

Әлгі жігіт кепкасын бір көтеріп бұған бір қарады да, қазір дегендей ишара жасады.Сөйлесіп болған соң, ішінде “жылан” ойыны бар нокиасын, беліндегі телефон қабына әдемілеп салып қойды да, назарын Сәрсенге бұрып:

-Айта бер, інім-деді

-Жұмыс іздеп жүр едім...

-Құжатың бар ма??

-Паспортым бар...

-Одан басқа не бар.электрик, сварщик дегендей

-Ондай жоқ...

— Көмекші қылып алар ем, он сегізге енді толады екенсің...

Құрылыс болып жатқан екі-үш мөлтек ауданды аралап болғанда өзінің де сілесі қатты.”Бекер, келдім бе?” деп ауылды бір ойлады.Бірақ, қайта барғанда не істемек?

Кешқұрым орталық саябақтағы көп орындықтың біріне келіп отырды.Іштей берілмеуге тырысқанымен, түрінің шаршаңқы екені сырт көзге білініп- ақ тұр Арқасын тіреп отырғаны сол-ақ еді көзі ілініп кетіпті.

-Еу, братішкә!-деген дауыстан оянды.Кепкаларын басыңқырап киген үш жігіт сүзіле қарап тұр екен.Бұған сөйлеп тұрған ортада тұрғаны болса керек, темекісін тұтатты да:

-Қай райондыкісің?Біздің центрскийсің ба?

Сәрсен іші қылп ете қалғанмен онша сасқалақтай қоймады:

-Ешқандай да райондыкі емеспін, ауылдан келдім.

-Охо, ауылдың балдарында ақша көп болады,-деп мырс етті екінші тұрған жігіт...

-Нең бар енді?Қалаға келіп қалыпсың?-деп тақалды үшінші жігіт.

Сәрсеннің алысарға әлі де, онша көңіл-күйі де жоқ еді.”Не болса да, тайып тұрайын” деп, орнынан атып тұрып, ортадағы ұзын бойлыны көкіректен қос қолдап итеріп, ұшырып түсірді де аттап-пұттап қаша жөнелді.

-Ах, есек...деген құлаған жігіттің дауысы естілді.

Қасындағы екеу тұра қуды.Саябақтың қуыс қуысымен қашып жүріп, үлкен тас мүсіннің артына келіп тығылды.Дыбысын шығармай ентігін басып отырғанда, мұны қуған екеудің жолды жағалап жүгіріп өткенін көрді.Жүрек дүрсілдеп, әжептеуір тер шығып қалыпты.Қалтасын сипап еді құжат салынған қоңыр портмэнесі орнында екен.

Отыра қалып саяақтағы жарықпен ақшасын санады.Жеті жүз теңге шықты.Қарынының ашқанын енді сезді.Әлгілер ұзады ау деген мезетте саябақ сыртындағы асханаларды жағалады.Бұрышта бөлек тұрған асхананы көріп, сонда беттеді.Жақындай бергені сол еді, екі ортадағы қуыстан “қуғыншы” жігіттердің бірі шыға келмесі бар ма??Артқа шегіне бергенде басына тиген соққыдан, көзі қарауытып құлап бара жатқанын ғана сезді.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Драма жанры