Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3 мин

3-бөлім

3 / 3

Осылайша Сәрсен асханада жұмысшы болып шыға келді.Азық түлік тасиды, одан қалды қонақтарға шай апарып, палау таратады.Шахло апаның палауының дәмі шынында керемет екен.Түрлі дәмдеуішдерді қосып жасаған палауды қонақтар да мақтап мақтап, табақтың түбін тап-таза қылып кетеді.

Арада бір айдай уақыт өтті.Тамыздың таңы салқындау болғанымен, күн көтеріле ауа райы ысып сала береді Сәрсен әдеттегідей палаудың заттарын дайындап, ет пен сәбізді турап, Шахло апаға көмектесті.Фархат ака екі-үш күнге Тәшкендегі туыстарына тартқан болатын.Сәрсеннің шаруаға ебі барын о баста таныған соң ба, Фархад ака уайымдамай жолға шығып кеткен.Күндегі әдет бойынша таңғы оннан бастап асханаға адамдар ағылды.Сәрсен үстел аралап тапсырыс алып, шай тасып зыр жүгіріп жүр.

Есік алдындағы үстелге шайын апарып, бұрыла бергені сол еді, біреу:-Сәрсен, сен бе?-деп қолынан ұстай алды.

Жалт қараған Сәрсен, осында тіс дәрігері мамандығында оқитын сыныптасы Ержанды көрді.Екеуі шұрқырай амандасты.

-Сәрсен осында екен ғой жұмысың...Қалада деп естігем, сыртай.

-Ия, осында

-Күшті, айлығың да тәуір шығар...

-Айлық әлі алмадым, бірақ қарыным тоқ...өзің қайдан жүрсің??

-Мен группаласыммен келді.Дәмді палау бар деген соң, стипендияны алып...

-Аа, түсіндім, группаласың қане?

-Әне,-деді Ержан, есіктен кіріп келе жатқан қолаң шашты, орта бойлы, арықша келген сұлуды нұсқап...

Сәрсен бір мезет тоқтап қалды.”Мәссаған, сүйкімдісін ай”

Қыз бұлардың жанына келіп:

-Сәлеметсіз бе?-деді жымиып...”Уау, жымиса бетіндегі “шұңқыры” тіпті сұлуландырып жібереді екен ...

-Саламатсыз ба??

-Аружан, бұл сен бе қызым??-деді асхана төрінен Шахло апа...

-Иа, Шахло әпке мен ғой.Палауыңыздан екі адамға саласыз ба?екі адамға лайықтасаңыз.

Сәрсен олардың тапсырысын әкеліп беріп, Аружанмен де танысып алды.Шахло апаның көршісінің қызы екен.Баяғы басы жарыларда таңып берген “доктор қыз” Аружан болып шықты.

Сәрсеннің ішінде бір сезім пайда болды.Өзі сезсе де, мойындағысы келмеді.Ылғи іштей Аружанды іздейтін болыпты.Көшеге шықса да, жұмыста жүрсе де, әйтеуір көңілінің бір түкпірінде сол тұрады.Кейде өзіне-өзі ренжиді:”Әй, сол маған қарайды дейсің бе?Жағдайлары жақсы, оқып жатыр...Бұл тіпті оқымады да”

Дегенмен үміті өшкен емес.Ол да көрген сайын жымиып, жұмбақ күлімдеп амандасады.

Осылайша қым-қуыт тіршілікпен жүргенде арада үш айдай уақыт.Кешқұрым жұмыстан келген Сәрсенді Фархат ака шақырып алып, екеуі қызыл күрең шайды ұзақ ішті.Күндегі ұсақ әңгімелерден соң Фархат ака, сөз бастады:

-Сәрсен оғлим, келгеніңе үш ай болыпты.Ауылыңа барып, отбасыңның халін біліп қайт...Қоңырау шалған бір бөлек, көзбен көрген бір бөлек...

Сәрсен өзі де уайымдап, сағынып жүр еді, қуанып кетті.

Таңертең жолға шығарда, Фархат ака резеңкемен буылған бір бума ақшаны ұстатты.

-Оғлим, бұл сенің еңбегің...

-Фархад ака, мынау көп қой

— Ал, ал...саған көптік етпейді.

Шахло апа, жылдамдатып жолына самсадан, бәліштен салып берді.

Орталық базарға барып, бауырларына, анасына толтырып базарлық алды.Түске салым поездға отырған Сәрсен кеш бата ауылға келіп жетті.

Пікір

Автор

Жазылсаң, жаңа бөлім шыққанда хабарлаймыз.

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Драма жанры