Көзін ашқанда шағындау бөлмеде, темір керуетте төсекте жатыр.Басын әлдекім бинтпен орап тастапты.Біреу төбесіне тас қойып қойғандай, қақсап барады. Кенет есік ашылып бөлмеге қарт кісіп кіріп келді.Маңдайынан сәл жоғары көтеріп, төрт бұрышты өзбекше төрт қырлы тақия киіпті.Денесі сәл толықтау болса да, қозғалысы ширақ.Мұның көзін ашқанын көріп:
-Ә, оғлим(ұлым дегені) ояндың ба?Есік алдында, есіңнен танып жатқан жеріңнен тауып алдым.Уайымдама, көршінің дәрігер қызы басыңды таңып берді.Менің есімім-Фархад ака,-деп қолын ұсынды.
Бұл да есімін айтып, қолын созды.Өзінің қайдан, не себеппен келгенін Фархад акаға толық баяндап берді.Фархад ака мұның бұзақылардан таяқ жеген жерінде, бір күрсінді.
-Абайлау керек, оғлим.Сен бүгін дем, ал.Таңертең жұмыс қарастырып көрерміз.
Дәл осы сәт есік қайта ашылып, иісі бұрқыраған, лимон мен жалбыз қосылған шайды алып, жүзі жылы бір әйел кісі кіріп келді.Фархад ака оны көріп:
-Кір, кір Шахло...Шайды әкел,-деді-Набат қостың ба?
-Әрине, әрине қостым...Оғлим жақсымысың?
Мұның орынына Фархат ака жауап берді:
-Жаман емес.Жігіт қой.Дәрігер қыз, жақсы болып кетеді деді.
Шахло шайды Сәрсеннің жанына қойып, өзі шығып кетті.Шайдың аңқыған иісін, Сәрсен құшырлана жұтты.Фархат ака үлкен кесеге шайды құйып, Сәрсенге ұсынды.
-Ішіп алып, жақсылап дем ал...
Таңертең Сәрсен азаншының азан айтқан дауысынан оянды.Көп керіліп жатпастан, орынынан тұрып, жатқан төсегін жинап, пердені ашты.Есік алды кең екен.Кішігірім бақшасы да бар екен.Бақшаның арасында Фархат ака қыбырлап, тірлік қылып жүр екен.Тез киініп сыртқа шыққан мұны көрген Фархат ака:
-А, оғлим ояндың ба?-деді.
-Ояндым Фархад ака, жақсы тынығып қалыппын.
-Е, дұрыс, дұрыс...Мына бақша маған қарап тұр оғлим...Балаларымның біреуі Ресейде жұмыста, бірі Кореяға жұмысқа кеткен.Кореяға кеткені сол жақта шағын дәмхана ашқан.Қайтар ойы жоқ.Ресейдегі үлкен ұлым ғой, контрактысы арғы жылы бітеді.Ууф,-деп қолындағы орамалмен терін сүртті.-Шахло асханамыздың тірлігінен босамайды.Оның шашпа палауына осы аймақтағылардың бәрі үйір.Оо дәмін көрсең сен...
Сәрсен Фархад аканың қасына отырып, бақшаның арам шөбін жұлуға кірісті.Әжептеуір тыныққан соң ба, жұмысты өндіріп тастады.Бақшаның жартысына жуығын тазалап бір-ақ тоқтады.Терін сүртіп, артына қарап еді, Фархат ака шақырып тұр екен:
-Кел оғлим, таңғы ас ішеміз...
Үлкен үйдің кіре берісін сәнді қылып жасаған екен.Төрдегі ағаш сәкінің сәнді ойылған ағаштары жылтырап тұр.Сәкі үстіндегі ағаш үстелдің үсті дәмге толып тұр.
-Кел, кел оғлим,-деді Шахло да...
Шәй үстінде Фархад ака сөз бастады:
-Сәрсен оғлим, жұмыс қылуға талап қылып келіпсің...қазір жаздың бірінші айы, қара күзге дейін мұнда жұмыс табылады әрине...бірақ, сен біздің асханаға, бізге көмекші болсаң қайтеді.жатын үй бар, тамағың тегін...пұлыңды да ренжітпей беремін...
-Солай болса, көңілім тыншыр еді,-деп Шахло да қыстырылысты.
Сәрсен де көп ойланбады, орайы келіп тұрғанда неге жасамасқа...
-Жарайды, Фархад ака, Шахло апа.Келісемін.
-Оо мұның өте дұрыс...Тамақтан алың-Фархат ака қуана сөйледі.
Шахло апаның да қуанғаны жүзінен білініп тұр.Алайда алаңдаушылығы да бар секілді.
-Сәрсен- деді Шахло апа-Бірақ, сен ауылыңа хабарласып, жұмыста екеніңді ескертіп қойшы.Көрші дүкенде үй телефоны бар.Пұлын мен беремін.
Сәрсен түс қайта көрші дүкенге барып, ауылдағы үй телефонына қоңырау шалды.Телефонды анасы көтерді:
-Алло, мам…
-Сәрсеен, сен бе балам?Қайда жүрсің??Сұрастырмаған жеріміз жоқ...Амансың ба өзі?!!
-Иа, мам...мен жұмыстамын.
-Ұлым ау...не жұмыс??
-Мам, мен шаршадым, папа ішеді, табысымыз да аз...ең құрығанда екі үш ай жұмыс жасауға рұқсат бер...Болмаса кері қайтармын ...
Анасы күрсінді.Сәрсенді түсінді ме, әйтеуір:
-Тек хабарсыз қалма, уайымдатпа мені-деді.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.