Шашы қасқырқиынды, үстінде сәл-сәл деген киімімен, мыж-мыж халатпен, дәптер толы сөмкемен, медицинада басын қатырып сабақтан көз ашпайтын Ұлан күнделікті бағытпен автобусқа отырды. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2 курс студенті еді. Оңай емес оқуы бірақ тырысып жүр. Оқымысты деп айта алмайсың, профессор оқытушылар айқайлап жүріп 3 қояды. Универ ешкімді аяп жатқан жоқ. Қате жауап айтсаң қайтадан тапсырасың. Әйтеуір медуниверді бітіреді ғой иә қарапайым адамдар. Бұл байғұс сондай оймен күнде тонау Ақжар гигиенист жақтан қатынап, сонау төңіректегі Оспановқа қарай ат терлетпей автобус түтінін бұрқыратып жөнеледі. Оның күнделікті өмірі осылай өтуде. Алайда бір күні отырған 51а автобусы кенеттен тежегіші істен шығып Тамашаға жақындаған уақытта балқ етеді. Оқиға орнында тапжылмай жатқан Ұлан нб алудан қорқып, қолдарымен автобустан ұшып кеткен жерінен қолдарымен жерді артқа қарай өзін жылжытады. Аяғын бетін сезбейді. Сөмкесі дәптер халатымен жолда аударылған автобустан кейін жыртылып ақтарылған. Не күлерін жыларын білмеген Ұлан смартфонын іздейді. Бірақ таба алмайды. Жан-жаққа қарайды. Өзінің саулығын тексерудің орнына, басқа адамдарды іздеп, ешқандай дыбысты естімегенін түсініп, автобустағылардың тірі еместігін сезді. Құлағына зақым кеп қалды ма деп ойласа, қарғаның қарқылын естіп басын ауыртты. Одан сайын түскі уақытта тұрған күн басын күйдірді. Қара қошқыл шашты еді. Айналадағы сауда үйлерінен адамдар ағылып, жедел жәрдем дереу сұратуда. Бірақта Ұлан есінен айырылды.
Көзін бірер уақыттан ашып, айналаға тағы жалт қарады. Сүйтсе ауруханада емес, автобус ішінде екен. Кәдімгі өзіміздің 51а. Ішінде өзінен басқа оянған адамдар да отыр екен. Ол екі қарт әжей мен атай, бір орыс не еуропейіс, сосын қыз бен бала қастарында мускул бике отыр екен. Ұлан әрине не болып жатыр деп сұрайды ішінен. Мускул бике кішкентай қызды жұбатып отыр. Кішкентай қыз жылауын қояр емес. Автобуста белгісіз бағытта жылжып барады. Ұлан түсім болар деп қоя берді. Шымшып көреді. Өңі екен. Еуропейіс сап сары көк көзімен Ұланға тура қарап:
— Вы русский знаете? — деді.
— Ау? — деді Ұлантайымыз. Айтпақшы айтуды ұмытып кетіппін. Ұлантай орысша білмейтін еді. Содан әлгі қабағын ашпай отырған әжей:
— Қарағым, дұрыс жасадың, манадан бері ашуымды шақырып орысша сөйлей береді. Түсінбесем де, не айтқысы келгенін ыммен де түсіндірмей тұр. — деп жауап қатты. Ұлан ағылшынша:
— Кән әй спик ин ингілеш? — деді өзінің сәл қазақи аксентімен. Әлгі орыс:
— Окей. Бат ю А ре спик рашын. Уай А ре спик ин иглиш? Бикос айм рашн? Казахский не знаю, мне очень сложно. Автобус не остоновится. Я через час должен быть в Астрахан...
— Тоқта! Мен сенен орысша түсінбесем, ағылшынша сұрадым, не боп кетті? — деді Ұлан сәл кәнфужын алып:
— Жақсы сәл түсінуге тырысамын, бірақ мен ештеңе ұқпаймын. Ең әуелі автобус неге тоқтамайды соны біліп алайық. Есім сөнгенде мен жол апатына тап болған сияқты едім. Сіздер ше әжей атай? Бикеш сіз ше?
— Мен де жағдайды түсінбей жатырмын. Мына қыз анасын сағынып отырып жолға шықтым да автобуста отырмын дейді. Бұл орысты түсіндім ол аэропортқа бара жатқан жерінде автобусқа тап болыпты. Ресейдің қашқынау. Турист санап орысша сөйлеуімді өтінді. Өкінішке орай сөздік қорым жетпейді. Жағдай бәрі бүртүрлі. Автобус өздігінен қозғалып келеді. Шөпір жоқ. — деді бикеш.
— Есімің кім болады? Мен Ұланмын, — деді қолын беріп.
— Ару. — деді бике қолын алып.
— Ару ендеше, біз паралель әлемге тап болдық деп ойлайық. Мүмкін біз шоуға түсіп жатқан шығармыз. Жағдайды қабылдау қиын болып жатыр маған. Тым фантастика... — дегенде, автобуста карта соғатын экраннан қара қою жылтырап ауада ерекше қалқып, беті екі түрлі бойы 3 м мақұлық шыға келді. Үсті басты екіге бөлінген. Сол жағы бастан аяқ қап қара, көзі қызыл, көз астында қызыл тамшы. Ал оң жағы адам секілді бет, ақ түстес костьюм киген ақ шашты сәл сұсты әдемі жігітше пайда болды. Қолында контролер ұстайтын терминалмен, маңдайларында пайда болған кьюармен:
— Тірі, тірі, тірі — деп қарап шықты. Мақұлық бірден:
— Көміліп шықтым үміттен, бас сауғалап қорқумен, мен айтайын өзімді, Таныстырсам — Сәулетпек. — деп қыз сынындай тақпақ айтты. Айнала Ұлан Ару, балалар әлгі еуропейіс бәрі ауыздарын ашып, балалар шыңғырып, әжей талып қалды. Өмірінде бұндай бәле көрмеген Ұлан дәрігер санап ол қарт кісіні есіне келтірмек болғаны сол еді, Сәулетпек мақұлық мырзадан шыққан қара-алтынды мөлдір сәуле лезде әжейдің көзін аштырып сабасына келтірді.
— Білемін, қатты таңғалдық иә? Менде сендер сияқты адам болғанмын, бірақ атымды білмеймін, білсем Ұмай ханым осы дүниеден кетіріп тастайды. Ұмайдан тығылу керек, әйтпесе өліп қаласыңдар. Біле білсеңдер сендер арғы дүние деген әлемде жүрсіңдер. Бұл сендерге өмірге қайтуға сынақ. Сол үшін далада ешкім жоқ, тек әшейін қаланы аралап жүрміз. Тамақ ештеңе жемейсіңдер, олай болмайды да. Өйткені әлі тірісіңдер. Жесеңдер ана дүниеде көз ашпайсыңдар. Сондықтан менің айтқаныма құлақ түріңдер. Осы әңгімені тыңдаған адамға алтын сырға! — деді Сәулетпек. Ары қарай әңгімесін жалғастырмақ болғанда Сәулетпектің паузасын бұзып, орыс тіл қатты:
— Можно по русский? Я ничего не понимаю.
— Бауырым, бұл жерде қазақша сөйлейікші басты ауыртпай, болмаса Ұмайға беріп жіберемін. Тапсырма бәрі қазақ тілде, қалай тірі кетпексің? Қазақша білмесең? — деп қатты жауап берді Сәулетпек.
— Хорошо, я чуть понял. Май нейм Антон. -дегенде орыс, Сәулетпек:
— Батон? Әһәһәһәһәһәһә қылқылқылқырғығрғрғрқққққықықықықғылтғылт қһһһһһһһһ. Жақсы сары қ... Адам. Антон батон. Не деймін енді. Кеттік ендеше ойын шарты мынадай. Сендерге ана дүниеге қайту үшін бірнеше кезеңнен тұратын ойындардан өту керек сол кезде ғана ана өмірге қайтасыңдар. Болмаса осында қаласыңдар менің көмекшім болуға АҺАҺАҺА. жарайды ойын 5 кезеңнен, сосын қатаң жасауға болмайтын нәрселер, ана дүниеге байланысы бар затпен байланыспаймыз. Мүлдем болмайды. Сосын естен тануға болмайды. Автобустан шығуға. Осында қаласың. Ойыннан ұтсаң, қалаған аялдамадан шығып, ана дүниеге қайтасың. Шынайы дегенім ғой. Ендеше...
— По русский, плиз. — деді тағы Антон ыңырсып.
Сәулетпек, оның тілін тартып, кесіп алды:
— Бұл тіл саған не үшін керек? Әмбебап тілде сайрамаса.
— Жай ма сенікі? — деді Ұлан, Антонның қанаған аузын жауып.
— Менен ештеңе талап етуге болмайды, болмаса түсіртіп кетем. Осы дүниеде мәңгі қаласың, тіпті шынайы дүниеде ешкім сені еске алмайды. — деп жатқанда Сәулетпекке жұдырық жібермекші болғанда, Ару оны тоқтатып:
— Тағы не істеуге болмайды? — деп сұрады Сәулетпектен.
— Маған қарсы келмесеңдер болды. Мен сөйлеген тілде сөйлеңдер, болмаса жандарыңды сорамын. Ескерту деп қабылдаң! — деді Сәулетпек шайтанша жымиып.
Ары қарай сосын...
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.