Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2-бөлім · 6 мин

Сүйкімсіз тұлғамен шайқас

2 / 4

Алғы бөлімде: Медицинада оқитын студент Ұлан жол апатында көз ашпастай күйде болып, бейтаныс адамдармен дәл сол отырған автобуста оянады. Ал бүртүрлі кейіпте пайда болған мақұлық айналаның зәресін алды. Осылайша бөлім ары қарай жалғасады.

Сәулетпектің ашуын тудырған Антон қансырап, дереу есінен айырылады. Сәулетпекте керімсініп, қолымен сиқырлап Антонның тілін ретке келтіреді де оны есін жиғызады. Қайта есін алған Антон бетін ұстап бақырып жібереді.

— Ал шөжелерім, ойынды бастайық па? — деп сұрады Сәулетпек.

— Егерде біз ойнаудан бас тартсақ ше? Ешқашан шынайы өмірге қайтпаймыз ба? Балалар ше? Олар да міндетті ме? Ұпай жағы, мүмкіндік жағы қалай... — быбыбы мымымы деп Ұлан сұрақты жаудырады. Сәулетпек ыржиып, ұялғаннан басын төменге қаратқан Ұланның бетіне жақындап ұзақ көз алмастан қарады да құлағына барып:

— Кідіре тұр, соңында өзің түсінесің. — деп Ұланның сұрақтарына бір жауап қайырды. Антон түсінгендей болды ма, қазақша сөздікті керек болар деп салып алған қалтасынан шығарып:

— Мэн келыспимди. Булай ооотырык. Мэн сорлы, бырак... — деп ежектегені сол еді Сәулетпек тарқ-тарқ күлді.

— Құрлы-мұрлы? — деді Сәулетпек мысқылдап. Антон не дерін білмеді, бірақ шарасыздықтан тамағына өксік алды. Ешкім қарсы шыға алмады.

— Ал, құлындарым, алтындарым ойынға қош келдіңдер. Қолдарыңа бір-бірден карта алыңдар. Әр карта өздеріңе сай болсын. Жасылын балалар, көгін ересектер, ал сарғылтын түрін қарттар, араларыңда ерекшелер жоқ болса крем түстесті өзіме қалдырайын. Менде тексергіш құрал болады. Ал аялдамада сұрақтар тұрады, соны оқып үлгеріп сұраққа жауап бересіңдер, жауаптарың қабылдану үшін тексергішке басасыңдар. Бір ғана ұпаймен келесі ойынға өтуге болады ал олай болмаған жағдайда, автобустан түсіп 10 аялдамаға дейін жүгіресің. Артыңда қояншықтар қуатын болады. Қояншыққа мүлдем ұсталуға болмайды олар бірден саған қояншық бетпердесін кигізеді. Ол бетперде менің күшім мен шешілмейді. Оны шешу үшін жолбарысты өлтіру керек... Ааааа, болды. Осымен ойынды түсіндіңдер ғой? — деді Сәулетпек.

Ойын басталды, ал әркімнің картасы өз қолында. Балалар манадан бері үндемей, тып-тыныш болып қалды. Оларға да жан керек, барынша жабайланбақ. Дәл ойын басталған сәттен далада қояншықтар топырлай бастады. Өздері дымылдамай, секіріп бұлғаңдап тұр. Қояншықтар костьюм киген жандар. Бетінде қысық көзді қоян мұрынды бейнеленіп, құлақ аспанға атып, біресе салбырап тұр. Араларында жолбарыс көрінбейді. Аялдамағы сұрақтар көріне бастады. Сұрақ биология пәніне қатысты екен. «Адам жасушасы қандай?» — деген нақты жауапты қабылдайтын сұрақ. Оған Ұлан ойланбай:

— Эукариот! — деді. Сәулетпек терсергіш тосты. Ұлан басты да, жауап... Дұрыс. Ұлан қуанып, шынайы өмірге бір қадам жақын екенін сезінді.

— Әжей, атай, балалар уайымдамаңдар мен көмек беремін — деді Ұлан. Қолындағы сөздігімен сөз теріп қиналып, терлеп:

— Эй, оооулай болма? — деді Антон.

— Әрине, Сәулетпек көмектесу туралы айтпады. — деп Ұлан жауап берді.

— Ммммм, қазанбастарым, тым ақылдысыңдар. Иә мен ол туралы ештеңе демедім. Бірақ менің мақсатым сендерді осы әлемге қалдыру, — деді Сәулетпек қарқылдап.

— Не үшін? — деп сұрады Ұлан.

— Оны кейін түсінесін. Әзірге ойынды ойнаңдар — деді Сәулетпек.

Енді бір аялдама жақындады, онда «Қазақстандағы ең маңызды оқиға?». Балаларға көмек бермек болған Ұлан:

— есімдерің кім, біз таныспадық?

— Гүлімай, Ақниет. — деді қыз бен ұл кезек-кезек.

— Онда Гүлімай тыңда, сұрақтың жауабы «1991 жыл. Тәуелсіздік.» деп жауап бер, жарай ма? — деді Ұлан. Тексергішке Гүлімай жақындағанда, Сәулетпек тексергішті тартып:

— Бірнеше адам жауап берсе болады, — деді.

— Мынмынтокккыыыррртоксанбір жыл. Тататауалсыз. — деді Антон тышқақтап. Тексергішке басып еді. Жауап қабылданбады.

— Ежектемей жауап бер — деді ашулы тонмен Сәулетпек. Не істерін білмеген Ару барып байқап көрмекші болып:

— 1995 жыл, Қазақ валютасы — деді. Тексергішке басқаны сол еді, лезде ұпай арқалады. Гүлімайдың қолынан ұстап Ару:

— Қорықпа, — деді. Гүлімай әлгі Ұлан айтқан жауапты айтып, тексергіш қабылдады. Оның артынан Ақниет те пысықсынып:

— 1980 жыл. Студентердің алаңға шығуы. — деді. Ұлан мен Ару бала қате жауап берді деп уайымдап қалғанда, тексергіш жауапты қабылдағанды көргенде таңғалып қалды.

— Ол қалайша маңызды күн Қазақстан үшін? — деді әжей.

— Ақерке апай, десем дөрекімін бе? Жақсы. Бұл тексергішке байланысты. Мүмкін дұрыс та шығар. — деп Сәулетпек екі ойлы жауап қатты.

Содан міне тағы бір аялдамадан өтті. Ондағы сұрақты дауласқан да көріп оқып үлгермей қалды.

— Мә енді қайттік? — деп атай маңдайын сүртті.

— Сіз сұрақты білесіз бе? — деп сұрады Ұлан Сәулетпектен. Сонда ол:

— Білмеймін, — деді. Не істерін білмеген Ұлан рандом жауап беруді ұсынды. Атай да ойланбастан:

— Ал, көк! — деп жауап бергені сол еді тексергіш қабылдап, жасыл түс дымылдады.

— Жарайсыз, Құрайыш мырза, — деді Сәулетпек: — Байқасаңдар, бұл ойын өте оңай, бірақ бұл демалып жайраңдауды білдірмейді, алда талай ыңғайсыздық көп болады.

Тағы бір аялдамадан өтті. Осы жолы Ақерке әжей сұрақты мұқият оқып, жауабын дайындады:

— Марат Жыланбай — деді.

— Бұл өте қауіпті сұрақ иә. Әлде қауіпсіз бе? — деп Сәулетпек отқа майды суды да құймақшы болып: — Әттең, тексергіш дұрыс жауап деді, олай болса құтықтаймын Бетоннан басқаларың ұттыңдар! — деп Анионды Батон деп. Антон көті дірілдеп, іші ғұрт-ғұрт етті. Аялдамаға жақындағанда Сәулетпек оны автобустан шығарып, тырқылдап күліп, оның жүргірісін тамашаламақ болып автобус орындарына отырды. Антон жерден тұрып, қояншықтарды көргенде артынан ит қуғандай жүргірді. Бар пәрменімен, соңғы жігерін салды. Қояншықтардың қолында бетперде бар. Барлығы бір бетпердемен Антон бетіне тақпақшы. Антон қисық жөнделген тратуарға құлап қалды. Орнынан тұрайын десе аяғын сезбей қалды. Сәулетпек құлағын көріп тілін салақтатып күлді. Басқалары Антонды аяп, не істерін білмеді. Ол Антон қояншықтармен алысты. Олар үстіне мініп бетіне кигізбек болды. Бетіне енген бетпердемен соңғы аялдамадан аттады. Автобусқа бетпердемен отырды. Не болғанын түсінбеген Антон бетпердеді шешпекші болды. Бірақ шеше алмай бетін қасыды айқайлады. Ұлан да оған қарап тұрмай бетіндегі бетпердені жұлып алды. Сонда бетпердеде Антон беті қалып, ол жерде қимылсыз жатты. Ұлан қатты шошып, айқайлап жылады:

— Бұл не өзі? — деп шыңғырып.

Ару Сәулетпектен пышақ сұрап, автобустан шықты. Жолбарысты іздеп, Антонды құтқармақшы болды. Мыңдаған костьюмдердің арасынан жолбарыс көрінді. Жолбарыс беті адам бетін еске салады. Осылайша Ару қояншықтарды жолынан сыпырып, лақтырып, біреуіне атша отырып жолбарысты қуады. Ол да ұстатпай, ақыры жолбарыс тоқтап, оның көзіне одан соң жүрегіне пышақ қадайды. Ол пышақ жансыз жолбарыс денесіне еніп, жолбарыс әп сәтте жоқ болады. Ол қояншықтар бетінен бетперде шешіліп, айналадағы костьюмдегі адамдар жалаңаштана бастайды. Осылайша агрессивті емес, жалаңаш адамдар арасынан өтіп автобусқа оралады. Антон айқайлап, беті қайта орнына оралады.

— Әй Сәулетпек, сен бізге бәрін түсіндір, мына ұятсыздығын не? — деді Құрайыш атай.

Осымен тәмәм, екінші бөлім.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Шытырман жанры