Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3-бөлім · 4 мин

"Сүйкімсіз тұлға өлген жоқ"

3 / 4

Сәлем? Әлем? Жоқ Батырхан сен емес. Хыы. Ыхым. Сонда мен енді оқуымды жалғастырмаймын ба? Қап, нб бар екен ғой. Отработка. Қарғыс атсын. Бірақ арманым осы еді ғой. Хирургия...

Сәлден минуттан соң ояндым. Алдыма қарасам жылаған жақындарым, ата-анам, әжем, атам, Мойнағым, Сасығым көріне ме деп ойлап едім. Әттеген-ай түсініксіз мекенге тап болдым. Менің қасымда ешкім жоқ, айналамда таным емес адамдар. Мені бойлап бүртүрлі көлеңке кезіп жүр. Ол өте тәтті көлеңке. Қызық сүйкімді иісі бар ма? Осы күндері жуынамын ба деп едім. Әттең комада жүрмін. Комада шығармын? Түс бұндай сандырақ жібермейді. Анау жерде кішкентай қыз жылай береді. Түріне қарасам 9 да болуы керек. Алғашқы айлық белгісі келген болар. Әлде біреу тиісті ме? Менің қарындасым болса жаным шығар еді. Қасында ағасы ау. Сәл ересек, 12 де шығар. Ал ана қыз ше? Айбыы бұлшық етін қара. Мен сияқты шыбық бауыры жинай алмайды-ау. Атай мен әжей бүртүрлі қобалжып тұр екен. Балақайдан жағдай сұрасам, оғаш көрінбеймін бе екен?

Кенет айнала одан сайын бүртүрлі бола бастады. Біреу менің бетімді сипағандай. Бұл не болды екен? Айналама қараймын, автобус ішін бойлап, бүртүрлі қара көлеңке сыпырылып лайланып барып бейне пайда болды қалды. Бұл біреудің тәні. Кім бұл?

— Сағындырып жеткенде, жетеленген мекенде, сан соқтырды күнайым... Ым? — деді түнектегі әлгі ғайыптан шыққан адам.

Сұлбасы сәл көрінді де, толықтай қараңғылау тартқан автобус жарығы оған түсіп, өзімше бір шолу жасадым. Түрі келісті жігіт. Бірақ анатомиясында бір гәп бар. Еее, мені избрашұғыла* деген шығарсыңдар, бірақ мен медицинада оқыған сайын адамның болмысына үңіле беремін. Не деген сымбатты сиқырлы тән...

Кенет бір кезде қасымдағы тұрған ер кісінің тілін осып жібермесі бар ма. Қап әттеген-ай, үлгермедім қорғауға. Бірақ кейін сиқырлап ер адамның тілін қалпына лезде келтірді. Осылай тартысып жұлысқанда, атай мен әжейге назар аудардым. Өздерін тым уайымда ұстады. Қасына барып жұбыныш сөз айтайын бе екен?

Автобустағы бас қатырарлық ойыннан кейін ойландым. Біз неліктен бұндай уақыт белдеуіне, паралель әлемге түстік? Кездейсоқ адамдармен? Мүмкін мен өліп қалған шығармын. Бірақ маған өмір керек. Қайтып ана өмірге оралсам екен? — деп Ұлан осы бөлімнің сызығын аяқтайды, осылайша біз келесі сызықты Арудың созуына береміз.

Бұл дүниеде әділдік бар ма жоқ па бәрібір, мен өмір сүре беремін. Жануарлар мен адамдар бірін-бірі ренжітпей, гармонияда, тату бейбіт дүниеде ғұмырлануы керек. Иттің етінен дайындалған қазақша ет болса да жемеймін. Тек өсімдік тектес тағам. Спорт өмірімізді ұзартады, дүниеге тек либералды емес, гуманды адекватты қарау керек. Мен өмірімді бағалаймын, бірақ мен неге осы бейтаныс бүртүрлі өлкеге тап болдым екен? Бұл маған не береді? Анау жердегі балалар көзімді ауруханада емнен соң көзімді ашамын ба дегенде, кішкентай қыздың дауысын естіп қалып, не болғанын сұрадым. Бұл Гүлімай. Мектепке кетіп бара жатқан екен Ақниет есімді ағасымен. Үстерінде мектеп киімі. Ай-ай балақайлар.

— Не болды ботам-ау? — деп сұрадым. Қыз ештеңе жауап бермеді. Ағасы жұбата алмай, ересектен де сабырланып, сәл кекештеніп сөйледі. Оған екеуіңе бас көз боламын дедім. Бұндай 12 жастағы баланың ересектерше болғаны таңғалдырады. Менің 15 тегі інім енді балабақшадан шыққандай. Сонымен бұл балалар не боларын әлі түсінбесе керек. Олар автобуспен қатынайды екен. Олардың мініп енді отырғаны сол екен. Шығып тұрған күн әп-сәтте жоғалып, бұлттанған күн лезде шықты қалды. Ал адамдар жан жақтан еріп, бүртүрлі көрініс болды. Ал ғайыптан шыққан біздер оларды шошытыппыз. Осылай самбырлап тұрғанымда ойыннан қалайша тез өтіп кеткенін байқамадым. Мен сүйкімсіз тұлғаны өлтірдім десем, оның түрі қайтадан көрінді. Сонда сүйкімсіз тұлға нешеу?

— Халк бике, сүйкімсіз тұлға ешқашан өлмейді. Ол өкініш пен арман сорушы. Қазақстанда қанша армандаушы, мақсатқа радикалды жолмен жетушілер болады сонша ол көбейе береді. Оның барлығын өлтіру мүмкін емес. Оданда келесі ойынды ойнауға дайын болың. Ол аса жылдамдықты талап етеді. Сендерге Әлия Молдағұлова ескерткішіне барып қасына гүл шоғын қою керек. Қателеспесем бір қазір Нұр ситидеміз? — деді Сәулетпек. Осы арада Ару автобустан біп-бірдей жер үйлерді көрді. Көзді ауыртады екен. Өте қорқынышты. Бірақ бұл басы, ары қарай не болады...

3 бөлім аяқталды.

Избрашұғыла — избрашенец.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Шытырман жанры