Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

4-бөлім · 4 мин

Ұшқыштар училищесінен жалауды алу

4 / 4

Бәрі еңселерін жинап, автобуспен Сити маңынан ары қарай Ақжарға жол тартты. Автобусты Ару жүргізді. Себебі Ұлан да жүргізуші куәлігі жоқ. Балалар түсінікті, Антоннан сұрай алмады өйткені ол қазақша түсінбейді. Атай мен әжей де түсінікті шығар ол көлік жүргізбек түгілі ешқашан өз үйлері болмады. Арудың көлік жүргізудегі жүрісі айқын және әрқашан басқа қыздар секілді өте ұқыпты жүргізеді. Осылайша Ақжар 2 кіріп Жібек жолы жақта өтерде біртүрлі кісіні көреді. Ол кісі жолда жатыр. Одан аттап иә өте алмайды. Түсіп, жылжытып ары қарай басу керек. Алайда Ару және басқалары автобустан шығуға жүрексінді. Өйткені сүйкімсіз тұлға өлмеді. Ару осыған қарамастан батыл болуға тырысты, бірақ Ұлан оны тоқтатып Сәулетпек керек деп тастап кеткен қағазды ашып қарады. Онда жазу бар. Бір ғана сөйлем. Онда былай жазылған: «Мында ешкім өлмейді және ешкім жерде жатпайды.» Болды. Басқа ешқандай сөз жоқ. Ұлан да басын қатырады. Қалай жолдан өтуге болады? Өйткені әлгі жансыз дене тіпті әдейі болуы мүмкін. Осылай ойланып тұрғанда, әлгі жолдағы дене өздігінен қозғалып аяқ қолдары бұпатылып, орнынан тұрдыда алға қарап тұрған басы Автобусқа қарай келе жатыр. Балалар шыңғырып, айқайлап жіберді. Сонда Ару жол бағытын өзгертіп Жібек жолы дүкені мен Гигиенист лабораториясынан ортасына қарай өтіп кетеді. Олар осы бағытта ұзақ жүреді де сары мектепте жақта жүреді. Ұлан картаға үңіліп, мешіт жаққа қарай жүретін маршрутты таңдайды. Енді тыныш келе жатқанда тағы да жерде жансыз дене жатады. Бірақ ол жолда емес, дәл аялдаманың жанында екен. Енді сәл екпін басып қорықпай тыныш жүреміз деп ойлап келгенде аспаннан адамдардың денесі шашылады. Сол кезде Ару бар күшімен газды басып тоқтамастан айдайды, Тамашаға өтер уақытта Ұланның басында жол апатының флешбегі ойнап, паника туады. Ол жүрегін ұстап, түншыға бастайды.

— Ұлан! Бәрі дұрыс па? — деді Ару.

— Мә, мынау же. — деп ауызына Антон рецепсіз антидепресант салады.

Сонда да Ұлан өзіне келер емес. Есінен айырылады. Ұлан көзін ашса аурухана екен. Көзін әлсін ашты. Қасында мейірбике бар екен. Ол арнайы дәрігер шақыру батырмасы екен. Мейірбике маскада үсті басы жабық болса демек Ұлан реанимациялық палатада жатыр. Енді есін жия бергені сол еді лезде Нонкина жақтан өтіп, Мега Шығысқа келе қойды. Ұлан көзін ашты. Есін жыйды. Рөлде Антон отыр. Барлығы бірін бірі енді түсініп келе жатқан сияқты. Мега Шығыстан әрі өте бергенде көзге СНПС ғимараты байланды. Оған жетіп, ары қарай жүру керек. Бұл Ұланның ұсынысы еді. Ендігі жете тылсым ғимарат жанынан өте бергенде ақырған дауыс естілді. Бұл сүйкімсіз тұлғаның дауысы. Дәл осы сәтте арттан көш топырлайды. Бұл — костьюм киген қояншықтар. Олар барлығы қалай болса солай жүріп домалап автобусты қуып барады. Антон газды басып бесінші мөлтекауданға беттейді. Жер жерден қояншықтар жұйтқып келеді. Антон байбалам салып бақырады. Ару сол кезде Антоннан рөлді тартып алып, рөлге өзі отырады. Олар қояншықтардан жасырыну үшін, Фирдауыс жақтан Стадион жаққа бұрылады. Олар Нұрсұлтанға қарай жүрді. Біраз жүрсе де қояншықтар қояр емес, жұйтқып-жұйтқып автобустың артына біреуі жабысады. Өрмекші ұқсап автобустың алдыңғы жағына келіп құлағымен терезені сындырмақшы болды. Бірақта Ару осал емес, лезде Электроннан бұрылып тұра жүреді де жол асып, солға тағы бұрылады. Бұрылған уақытта автобустан сілкініп қояншықты лақтырып жібереді. Содан кейін олар дәл Әлия мүсініне тоқтайды. Оларға енді қояншықтар жақындай алмайды. Өйткені сарбаздар оларды жібермеді. Олар әскер академиясынан келсе керек. Ару мен Ұлан автобустан шығып жалауды алуға барады. Жалауды ала бергенде Әлия мүсіні Сәулетпекке айналып, қарқылдап күле бастайды.

— Қояндарым, нояндарым, жол қалай болды? — деп сұрайды Сәулетпек. Ұлан маңдайындағы терін сүртіп:

— Жеттік-ау. — деді. Аруда жерге жата қалды. Осылай ойын аяқталды. Өте тез, әрі жылдам. Бірақ бұл соңы емес...

Пікір

Автор

Жазылсаң, жаңа бөлім шыққанда хабарлаймыз.

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Шытырман жанры