Аиша көзін ашса — палата.
Қасында Айдар отыр. Түрі жүдеп кеткен.
-Аиша... ояндың ба?
— Айдар, — деді Аиша сыбырлап. — Мен саған бәрін айтуым керек. Менің жасым жүзде. Мен қартаймаймын. Менен қаш...
Айдар оның қолын қыса түсті:
— Маған бәрібір. Жүзде бол, екі жүзде бол. Мен сені бәрібір жібермеймін.
Осы кезде есік ашылып, Фатима кірді. Екі жасқа қарап, сыпайылайын деп:
— Құрбым-ау, амансың ба? — деді.
Аиша басын шайқады:
— Фатима, қой. Мен Айдарға бәрін айттым.
Фатима тұрып-тұрып, Аишаны құшақтай алды да, өкіріп жылап жіберді. Ол да шаршаған еді.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.