Ертесіне Аиша Талғар өзенінің бұрқырап жатқан жағасында жалғыз ойланып отырды. Судың салқын бұрымы бетіне шарпыған сайын оның ішіндегі өкініш өрттей жанды.
Артынан аяқ дыбысы шықты. Бұл — Ақыл еді.
— Мені алдай алмайсың, — деді ол қарлыққан дауыспен, жақындай түсіп. — Анасы мен қызы айнымай ұқсауы мүмкін... Биік дауысы, жүрісі де ұқсауы мүмкін. Бірақ мынау ше?
Ақыл шапшаң жылжып, Аишаның білегінен ұстап алды да, жеңін түріп жіберді. Білекте кішкентай, ай тәріздес тыртық бар еді.
-Бұл тыртықты кезінде тауға шыққанда тасқа тіліп алғанда, өз қолыммен таңып бергем! Мені өмір бойы Ақымақ қылмақшысың ба?! Сен Шолпансың! Неге қартаймағансың?! Сен кімсің өзі?!
Аиша шыдай алмады. Көз жасы сорғалап, айғайлап жіберді:
-Иә! Менмін! Мен қартаймаймын, Ақыл! Мен бақытсызбың! Сен мені сөгу үшін келдің бе?! Мен сені сүйдім, бірақ қартаймайтын монстр екенімді қалай айтар едім?! Кешір мені!
Аиша оның қолын жұлып алып, ауылға қарай жүгіре жөнелді. Ол тезірек бұл қаладан, мына қарғыс атқан тағдырдан қашқысы келді.
Ал ағаш тасасында тұрған Айжан бұл сөздердің бәрін естіп тұрған еді. Оның қызғаныштан көзі қарауытып, ақылынан адасқандай болды.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.