Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2-бөлім · 2 мин

Талғардың салқын самалы

2 / 7

Талғар таудың бөктеріндегі қоңыр салқын ауасымен қарсы алды. Аиша осында көшіп келген соң, аяқастынан Айдар есімді жігітпен танысты. Айдар — мінезі ашық, көздерінде ерекше мейірім бар, тау суындай мөлдір жігіт еді. Аиша өзін жүз жыл бойы тас қылып бекітіп келген жүрегінің қайта соққанын сезді. Ол Айдардың жанында өзін қартаймайтын жұмбақ жан емес, жай ғана бақытты әйел ретінде сезінді.

Көп ұзамай Айдар Аишаны өз отбасымен таныстыруға үйіне шақырды.

Кешкі ас үстінде есік ашылып, үйге Айдардың әкесі кірді. Ақыл есімді бұл кісінің жасы алпыстан асқан, самайын ақ шалған, бірақ жанарында әлі де баяғы айбын бар еді.

Ақыл босағада тұрып қалды. Оның жанары Аишаға түскенде, қолындағы кілті жерге сырт етіп түсіп кетті.

Денесі дірілдеп, тынысы тарылды.

-Шолпан?... — деді ол сыбырлап. — Сене алар емеспін... Шолпан, бұл сенсің бе?

Аишаның да жүрегі тоқтап қала жаздады. Бұл — оның мына өмірдегі ең үлкен өкініші, 40 жасында қартаймайтын құпиясын айта алмай, тастап кеткен баяғы ғашығы Ақыл еді!

Аиша өзін қолға алып, сауыт кигендей суық тартты:

— Кешіріңіз, сіз қателестіңіз. Шолпан — менің марқұм анам еді. Мен оған қатты ұқсаймын...

Ақылдың жанарында өкініш пен сұрақ араласқан үрей пайда болды, бірақ ол үндемеді.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Фантастика жанры