Аиша үйіне жүгіріп келіп, заттарын сөмкеге тыға бастады. Жылап, сыртқа атып шыққанын терезеден Айдар көріп қалды.
— Папа, не істеп қойдың?! — деп айғайлады Айдар әкесіне. Бірақ Ақыл басын ұстаған күйі сөзге келмеді.
Айдар сыртқа жүгіріп шығып, Аишаға қоңырау шалды.
— Аиша, тоқташы! Не болды?!
-Айдар... кешір мені...Мен бұл жерден кетуім керек, — деді Аиша телефонынан өксіп.
Осы кезде телефоннан машина дөңгелегінің ащы сықыры мен соғылған темірдің дауысы шықты. Байланыс үзілді.
Рөлде Айжан отырған еді.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.