Студенттік жылдар жайлы сыр шертсең болғаны — сайрай жөнелгің келеді. Себебі студенттік жылдар шыжығы мен қызығы, қуанышы мен қиыншылығы, алуан түрлі тақырыбы мол жылдар. Осы жылдардағы оқиғалар әр адамның өмірінде санаға сақталып, естен кетпес естеліктерімен және кейбір оқиғалар өмірде сабақ болатын оқиғалар еді. Көпшілікке сабақ болсын деген мақсатта жастық күнде қателікке бой алдырып, өмірі өкінішпен өткен бір қыздың тағдырын қағаз бетіне түсірдім.
Гүлайнамен бір курста оқыдық. Ауылдың қарапайым қызы болатын. 4-курстың күзінде ауыл шаруашылығы жұмыстарына бардық. Сол күзде журналистика факультетінде оқитын Нұрланмен танысты. Гүлайна мен Нұрлан жарасымды жұп болып жүрді. Нұрлан оңтүстіктен, Гүлайна батыстан болатын. Екеуі әп-әдемі қыз-жігіт боп жүрді. 4-курс аяқталатын жазғы сессия бітіп шамаласты. Бәріміз ауылға қайтуға дайындалып жүрміз. Сол күндердің бірінде, Гүлайна Нұрланмен төсектес болып қойғанын айтты. Енді не болады деп уайымдап, Нұрланмен сөйлестік. Ол демалыста ауылға барып, ата-анасымен сөйлесетінін қалайда үйленетінін сенімді түрде айтты. Жарайды деп бәріміз ауылдарымызға кеттік. Жазғы демалыс бітіп, екі айдан соң 5-курста қайта жиналдық. Гүлайнаның халі не болды екен деп көруге асығып келдім. Гүлайнаны көре салып, дене бітіміне көз салдым. Кішкене толысқанын байқадым. Аяғы ауыр екен.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.