Арада он сегіз жыл өткенде Гүлайнаны Алматыда семинарда кездестірдім. Екеуміз ұзақ әңгімелестік. Әкесі сол теріс бата бергеннен кейін, ата-анасын көрмегенін, тек туған апасымен қалада кездесіп тұратынын, есесіне енесі өте жақсы адам екенін, талай жылап қиналған күндерде демеу болғанын айтты. Әкесі өлерінде: «Гүлайнаға хабар бермеңдер» деп айтқанын, әкесінің соңғы сапарына бара алмағанын жылап отырып айтып берді. Гүлайнаға жұбатудан басқа ештеңе айта алмадым. Ең сорақысы үшінші баласына аяғы ауыр кезде Нұрланның бір түнде ұйқыдан тұрмай о дүниелік болып кеткенін есітіп, не дерімді білмедім. Тек ойымда «ата-ана разылығы, Алланың разылығы» деген сөздерді қайталай бердім. Гүлайнаны кездестіргеннен кейін жақсы араласып кеттік. Бүгінде балалары тәрбиелі, жақсы отбасы. Біліп-білмей істеген барлық қателіктеріміздің жауабы бар екенін осыдан ақ білуге болады. Кейбіреулерге сабақ болсын деген мақсатта қағаз бетіне түсірдім.
3-бөлім · 1 мин
Қателіктердің жауабы
Оқу параметрлері
Қаріп
Жол ені
Фон
3 / 3
Басқа шығармалар
Драма жанры
Жалғасуда
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.