Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2-бөлім · 2 мин

Екі оттың ортасында

2 / 3

Бірақ Нұрлан сабаққа келмеді. Достарынан Нұрланның ауылында үйленейін деп жатқанын есітіп, екеуміз де есеңгіреп қалдық. Осыны есіттім де, маған бір ой келді. Факультеттің әйел-қыздар кеңесінің бастығы Шарипа апайға айттым. Ол кісі «маған неге ертерек айтпадыңыздар» деп дереу Нұрланның ауылына барып, ата-анасымен сөйлесіп келді. Нұрланның ауылына барса, үйі тойға дайындалып, көрші ауылдың қызын ұзатып алайын деп жатқанын, анасына жағдайды түсіндіргенін, бұл жағдай ата-анасына ауыр тигенін, десе де ата-анасы құдаларына болған жағдайдың тігісін жатқызып айтып, ұзатылып келейін деп жатқан келінді кейінгі баласына әперетін болып келіскенін Шарипа апай Нұрланның ауылында бір күн болып, істі бітіріп келгенін ұзақ әңгімелеп берді. Сонымен екі күннің ішінде тойдың хабары келді. Барлығы осыдан басталды. Гүлайнаның үйіне барған құдалардан жағдайды есіткен әкесі: «сендей қызым жоқ» деп келген кісілермен сөйлеспей қызына теріс батасын берген деген хабар келді. Не болса да артқа жол жоқ. Екі оттың ортасында қалған Гүлайна Нұрланның ауылына келін болып түсті. Ата-анасы қос келін түсіріп, той жасады. Екеуі тәп-тәуір отбасы болып, студент күндері балалы болды. Бірақ Гүлайна ата-анасы, туыстарымен мүлдем араласпайтын еді. 1999-жылы университетті бітіріп, әркім өз жолымен кетті...

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Драма жанры