Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3 мин

4-бөлім

4 / 7

Сезімдер соғысқанда

Айлин кенеттен қатты күліп жіберді.

— Не болды? Ғашық болып қалдың ба? Білесің ғой, менің құрбым сондай сұлу. Кез келген жігітті өзіне қаратып алады.

Эрик көзін айналдырып:

— Мүмкін, оның болашақ жігітіне жаным ашыған шығар. Оның үстіне, ол маған ұнамайды.

Айлин қызыға түсті.

— Қойшы, мойындай салшы. Мені ұнатып қалдым деп айтқың келіп тұр ғой.

Эрик қыздың басынан жеңіл ғана нұқып қойды.

— Ақымақсың. Сенің құрбың болғандықтан ұнамайды маған. Болашақта қызымды сенімен араластырмаса екен деп тілеймін.

Айлин оның иығынан итеріп жіберді.

— Оо, сорлы! Мен саған не жамандық жасап қойдым?

— Жетеді. Енді бөлмемнен шық. Түрімді ретке келтірейін.

Эрик орнынан тұрып, есікке қарай беттеді.

— Маймылды қанша әрлесең де, әдемі болмайды.

— Не дедің?!

Айлин аяғындағы үй тәпішкесін жұлып алып, оған қарай лақтырды. Бірақ Эрик дер кезінде шығып үлгергендіктен, тәпішке тек есікке барып тиді.

⸻

Таңғы асты Сандуғаш дайындап жатқан.

Эрик ас үйге кіре салысымен жаңа піскен бауырсақтан алып жей бастады.

— Эрик, қойшы, балам. Қазір бәріміз бірге отырып ішеміз ғой, — деп анасы ұрысты. — Жасың он тоғызға келсе де, әлі бала сияқтысың.

— Мама, мен әлі он сегіздемін. Он тоғызға толуыма бір ай бар, — деді Эрик аузы толы күйінде.

— Санду, ұрыспашы. Жесін. Бөтен үйде жүрген жоқ қой, — деді Айнұр күлімсіреп.

Эрик жеп тұрған бауырсағына, Айлин ішіп отырған суына қатарынан шашалып қалды.

— Бөтен үйде емес пе?...

Сандуғаш бірдеңе айтпақ болғанда, Айнұр сөзін жалғады:

— Эрик те осы үйдің баласындай. Біз Санду екеуміз туған әпкелі-сіңлілі болмасақ та, бір-бірімізге сондай жақынбыз.

Екі жас бір-біріне қарап, жеңіл тыныс алды.

— Уф…

⸻

Бүгін Эрик пен Айлиннің сабақтары болмағанымен, университетте репетициялары бар еді.

Эрик өзінің қысқаметражды фильміне актерлерге кастинг өткізуді жоспарлап жүрген.

Таңғы асын тез аяқтап, үйден шығып кетті.

Бір кезде артынан таныс дауыс естілді.

— Сонда сен мені күтпейсің бе?

Эрик артына бұрылып қараса, Айлин екен.

— Неге күтуім керек?

— Эрик, сен неге сондай суықсың? Біз бір университетте оқимыз ғой. Оның үстіне, мен сенің фильміңе түскім келеді.

Эрик басын шайқады.

— Оның мені сені күтуге қандай қатысы бар? Оның үстіне, кастингке келсең де алмаймын.

— Неге?

— Өйткені сен менің фильмімнің типажына сәйкес келмейсің.

Айлин көзін айналдырды.

— Алияға арнап жаздым десейші.

Осыны айтып, аялдамаға келіп тоқтаған автобусқа мініп кетті.

Эрик оның соңынан қарап тұрып қалды.

— Қызық қыз…

⸻

Университет іші әдеттегідей шығармашылық атмосфераға толы болатын.

Эрикті курстасы Әділет қарсы алды.

— Әй, Айлинмен бірге тұратыныңды айтпайсың ба?

— Оның несі жаңалық? Айтшы, актерлердің бәрі келді ме?

Әділет сәл ыңғайсызданып қалды.

— Іі… тек А…

Эрик оның сөзін бөліп жіберді.

— Кешіккен адам өзінен көрсін. Сен маған көмектес. Актерлерді бір-бірден кіргіз.

— Жарайды, бро.

Көп ұзамай кастинг басталды.

Бірақ бір адам әлі келмеген еді.

Біраз күткен соң Эрик шыдамай сыртқа шықты.

— Әдік, Алия келмеді ме?

Әділет басын қасып қойды.

— Міне, соны айтқым келген.

Эрик үнсіз ғана басын изеп, ішке кіріп кетті.

Ал осы сәттің бәрін сырттай бақылап тұрған Айлин бір нәрсені анық түсінді.

Эрик Алияны сұрап тұр.

Қыз ақырын ғана Әділетке жақындады.

— Сәлем. Мен Айлинмін.

— Сәлем, — деді жігіт сәл абдырап.

— Айтшы, Эрикке Алия ұнай ма?

Әділет таңданысын жасыра алмай:

— Эрикке ме? Иә… Ол Алияны алғаш көрген сәттен бастап ұнатып қалған сияқты.

Жалғасы бар

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры