Қалам жоқ. Қолымда бордың сынығы. Оны да белгі қоюшыдан сұрап алдым.
Бұл палатада тыңшы бар. Барлығының әңгімесін тыңдап жүреді.
Ол маған: «Сенің сыбырыңды да естідім» деді.
Мен: «Мен не сыбырладым?» дедім.
Ол: «Сен: қаламым табылса, үйге барып дем аламын дедің. Бірақ сенің үйің жоқ» деді.
Мен үндемедім.
Ол менің ойымды тыңдағандай анық айтты. Бұл мүмкін емес. Ол зерделеп үйренген ғой. Кімнің не ойы барын сондан анық біледі.
Қасында жадау бір ер адам жатыр. Тамақ ішуден мүлде бас тартқан. Ойынша оны әлдекімдер улағысы келеді, тамақта зиян бар деп ойлайды.
Тамақ ішпегеніне бір айдан асты. Дәрінің әсерімен ғана жүр. Көреміз, бұлай жалғаса берсе мәжбүрлеп беруге тура келеді, себебі тым арық.
Қолында боры бар бұл адам белгі қоюшы. Үшіншісі барлық төсекке сызық қояды. Қызығы, бүгін кімді белгілесе, ертесі сол адамға оқыс бір оқиға болады.
Кеше менің төсегіме сызық қойды.
Мен: «Неге қойдың?» десем, маған аңтарыла қарайды. Біресе ақ халатыма, біресе журналыма.
«Сен де бізденсің» дейді.
Мен дәрігермін. Ол нені білдіреді?
Мына көрпенің астында оранып жатқан, өзін неміс солдатымын дейді. Көрпені окоп деп тағайындап алған.
Ойынша қазір соғыс кезеңі, немістер жеңіліске ұшырауда. Сол үшін оған бұл қоршаудан шығуға болмайды. Себебі жан-жағында жау қаптап жүр.
Сол үшін бұл палата Н -немістікі.
Мында үндемейтін жігіт әлі есікті қарап отыр.
Мен: -Сен не көріп отырсың?-дедім.
Ол маған қарады. Бірінші рет.
Ол: -Сені -деді.
Мен: Мені неге?-дедім.
Ол: -Сен кеше есіктен кірдің. Бірақ есік жабық еді- деді.
Мен: -Мен кезекшімін. Мен дәрігермін — дедім.
Ол басын изеді.
Ол: -Сен дәрігер болсаң, неге қаламың жоқ? Неге журналың жоқ? Неге саусағыңмен жазып отырсың?- деді.
Мен үндемедім.
Ол: -Сен бізге айтып жүрсің: сәл шыдасақ, таң атады, үйге барып дем аламын деп. Бірақ сен ешқашан үйге бармадың-деді.
Мен: -Бардым- дедім.
Ол: -Жоқ, мен бәрін білемін …
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.