Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

2 мин

5-бөлім

5 / 9

Бірде осы жігіт, мына бесінші палатадағы, қолымды ұстай алақанымды өзіне тартып, сызықтарға ұзақ үнсіз қарап отырып, басын шайқады. «Ц-ц-ц» деумен болды күні бойы.

Ондай-мұндайды талай көріп, ұмытуға тырысқаныммен, жұмысыма кедергісін келтіріп, шайналған кассетадай миымда тұрды.

Ақыры шыдамай барып сұрадым: «Гожо, мында кел, мынаның мәнін түсіндір» дедім. Ол қолыма қайта қарап: «Жо, жоқ, оны айтпаймын. Сені қарғыс атқан» дей берді.

Қасымда мейірбике: «Оны не қыласыз, сенетін адам тауыпсыз, көңілге алмаңыз» деп жұбатты. Орайы келгенде кофеге бал аштырармын.

Ары қарай кеттік. Мына палатада мына шеңберлерді көрдің бе? Жақсылап қарасаң, ескі емен паркеттің бетінде аймандай ойылған дөңгелектерді көресің. Бұны мына көрші палата «Циркуль» деп ашу-ызасына тиеді. Оларға да не дейсің, таңнан кешке дейін ояды да отырады ғой еденді.

Көктемде жөндеу жүргізгенде сырлап қоямыз. Әйтпесе бұның күйі он бес жылдан озды, осы міне. Бұл әдеті тозбай, мына еден тозуға шақ қалды.

Мына екі жігіт осында жасөспірімдер мекемесінен ауыстырылды. Өрімдер, жастар. Тағдыры ауыр. Туылғалы мейірім көрмей келеді. Туыла сала бас тартып, перзентханадан жалғыз шыққандар. Екеуін екі бөлек жібермек еді, бір-бірінсіз ұзақ ауырды. Қайта қосып, бірге болғалы ертесінде-ақ аурулары сап тиылды.

Екеуіне бір-бірі болса болды, басқа әлемде ешкім керек емес. Гожо бұларды ерекше жақсы көреді, «періштелер» деп ат қойып қойған. Ағасындай бас-көз.

Мына орында цығанның досы бар. Одан сиқырдың мән-жайын үйреніп жүр. Әзірге нәтижесіз. Сиқырды толық үйренсе, өз қорқынышын жеңіп, қарғыстан қорықпай жүремін деп ойлайды. Алайда оның қорқынышы қараңғыда емес. Қараңғыда қоюлана түсетін адамның бейнесінде... Ол бейне өшпейді.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Хоррор жанры