Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

3 мин

9-бөлім

9 / 9

Міне мынау соңғы палата. Сонымен бүгінгі кезекшілігімде тәмәм, медбике әлі келген жоқ, қызыл тетікшені басқаным қашан? Ұйықтап жатқан шығар, бұл қалыпты жағдай.

Бұл палата басқаларына қарағанда жақында ашылды, мына қарама-қарсы бетте осындай тағы да ғимарат бар, мынау бізге аздық етеді, көктем келе қажет болады.

Егер сол ғимаратты ашса менің кабинетім болады, мына жақтағыдай дәлізде отырмаймын.

Журналымды да жазып аяқтайын, бейджигімді қайда қойғанымды, таңға жуық ұйқы қатты қысады.

Жақында осы палатада қатты дауыс естілді, ол Таймастың дауысы, шын аты әрине басқа, мен сендерге лақап атын айтып отырмын, себебі дәрігерлік құпияны ұмытпауым керек.

Және мен сендерге айтқан әңгімемнің бәрі арамызда қалсын, айтылмаған әңгіме болып.

Таймас әуесқой боксшы, бірнеше дүркін жеңімпаз, соңғы жекпежекте басынан қатты соққы алған соң басы қатты ауырады, соған шыдай алмай қатты айқайлайды, тыныштандырмаса ол айқайдан құлаққап кисең де құтылайсың.

Таймастың сол айқайынан қасындағы мына бесеуін аяйсың, бірақ қазір изолятор бос емес, егер сол жаққа жатқызса, бұларға жеңіл болар еді.

Бәрінен де қасындағы қорқақтау келген жігітке обал, өзі онсыз да қыбыр-жыбыр дауыстан қорқады, ол бұрыннан ондай емес еді, осында туыстары әкелер алдында оны жеті жыл бұрын жоғалтып алған, кейіннен өзі үйін тауып келген екен, айтуынша оны құлдықта ұстаған, бірақ қайда, кім екенін айта алмайды, есінде жоқ, мүмкін есіне де алғысы келмейді.

Оған қамқор болып жүретін осында тапқан досы бар, өзі өте ақкөңіл, мейірімді, бала көңіл, мына әлемге арналмағандай өте кіршіксіз көңілі бар.

Басқалары да сезеді ме, ешкім тиіспейді, керісінше көмектесуге асық, өзі де тамағын беріп бәрімен бөліседі.

Айтпақшы, бұл палатадағы ең қызықты оқиғамен бөлісейін, төртінші орында жататын адам бұрын зообақта күзетші болып жұмыс істеген, ол жақта да біздегіндей кезекпен жұмыс істейді, сондай түнгі бір кезекшілігінің бірінде күзеткен аңдарға тіл біткен, одан оларды босатуын өтінген екен, ол таңға дейін арпалысқан, ақыры соңында шыдамай таңға жуық аңдарды бірте-бірте босата бастаған, абырой болғанда жыртқыштардың қоршауына жеткенше көмек келіп үлгерген, онсыз да қасқыр түлкіні босатып олар бақтың басқа бұрышына күзетшіден қашқан.

Содан біз әбден зерттей келе, ол кісінің бұрыннан аңдармен өзі сөйлесетінін анықтадық, содан бері ол осында.

Адамның түнгі ұйқысы түгел болуы керек, осы әңгімелердің басының бәрі ұйқы бұзылысынан болады, маған да түнгі кезекшілікті алуды қою керек.

Әлде жұмыс бағытын өзгертсем бе екен? Ара-тұра осыны ойланып қоямын.

Тура осы орында балықшы бар, ес білгелі балық аулауды кәсіп еткен.

Бір түнде балық аулап отырып судан пері көрген, бірақ одан басқа қасында екі балықшы көрмеген.

Ол соны дәлелдемекші болып қыста бір ай бойы түнде балыққа шығады, ақыры судан өзі алып шықпақ болып суға түседі, көл ортасына жете бергенде өзге балықшылар алып шығады судан.

Кейіннен ол ойынан айнымаған, мен сұрасам да көргенін сенімді айтады.

Бұл палата Таймастың құрметіне, палата Т.

Міне таң да атты, мен саған осындағы қырық алты адамның тағдырын баяндадым, және бұл жақта саған айтқан қырық жетінші адам бар, манағы изоляторда.

Есікті аш, ішіне кір.

Көрдің бе, ақ халатта саған осы оқиғаның бәрін баяндаған адам

— Ол кім?

Айтылмаған әңгімемде

Саған жұмбақ қалдырдым,

Мына әңгімені әкелген,

Санаға от жандырдым

Мен саған әңгіме айтпадым, саған жұмбақ қалдырдым …

Пікір

Автор

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Хоррор жанры