Таң сәріде маған бейтаныс бала жүгіріп келіп жақындағысы келген. Алайда күзетшілер оны ұстап алып, Сарыбайға сүйрей бастады. Үсті бас шаң, аяғында түк жоқ екен.
Бала қарсыласпады, тек бір сөзді қайта-қайта айқайлай берді:
— Маған жеткіз деді! Тек жеткізуім керек!
Мен киіз үйге ең соңғылардың бірі болып кірдім. Іште бәрі жиналып отыр екен: Сарыбай, Қозы Көрпеш, Айбас, Апсебай ақсақал, Айдын да осында. Бала жастық үстінде бүрісіп, алақанындағы бір нәрсені қысып ұстап отыр.
— Қайдан келдің? — деп жұмсақ үнмен сұрады Апсебай ақсақал.
— Өртенген орман ауылынан. — Баланың иегі дірілдеп кетті. — Бізді қасқырлы адамдар ұстап алды. Кішкентай болғаным үшін өлтірмеді. Лагерьде су тасуға мәжбүр етті. Сол жерде..., — бала сасқалақтай бастады.
— Жалғастыр!,, — деді Сарыбай.
— Онда бір қарт бар еді. Қап-қара, көзі соқыр адамдікіндей. — Бала сілекейін жұтты. — Түнде мені шақырып алды. Мынаны беріп, қаш деді. Қозы Көрпеш пен Баян — Сұлуға апарып беруді тапсырды.
Ол алақанын ашты.
Ішінде түйінделген қызыл жіп жатыр екен.
— Ол сенің түсінетініңді айтты, — деді бала маған қарап. — Тағы бір сөзін жеткіз деді. Тек сөзін. Мен жаттап алдым.
Киіз үй іші тына қалды.
— Айта бер, — деді Қозы Көрпеш.
Бала сабақ айтатын балалардай көзін жұмды.
— «Оны бір кездері өзі ұстаған нәрсемен ұста. Және айтар сөзді жалғыз айтпа».
Тыныштық орнады.
Мен қолымды созып, жіпті алдым.
— Бақсы... — деп сыбырлады Апсебай ақсақал. — Бұл сол адам.
— Ол Қодарға қызмет етеді, — деді Айбас зілді үнмен. — Бұл — тұзақ.
— Жоқ, — дедім басымды шайқап. Өзім де неге олай ойлағанымды білмеймін. — Бұл тозақ деп ойламаймын. Өлтіргісі келсе, жшабуыл жасар еді. Хабарламаны да тұтқындағы бала арқылы жібермеуші еді.
— Қайдан білесің?, — деді маған Айбас күмәңмен.
— Білмеймін. Тек сезіп тұрмын.
Қозы Көрпеш маған, содан кейін қолымдағы түйіншекке қарады.
— «Бір кездері өзі ұстаған нәрсемен ұста», — деп баяу қайталады ол. — Ол құдықта Баянның бұрымынан ұстап қалған.
— Демек, менің шашым, — дедім. — Мен оны ұстап тұра аламын.
— Ал «Айтар сөзді жалғыз айтпа» дегені қалай түсінуге болады?
Ойланып қалдым. «Тас бол!». Жалғыз айтуға болмайды. Бірақ тағы кім...
— Мен Айдаһармен сөйлескенмін, — деді кенеттен Апсебай ақсақал. — Қырық жылдай бұрын, жас кезімде. Жырдан бір сөзді көріп, соның мәнін сұрадым. Ол маған бір-ақ нәрсе айтты: кез келген сөзді көпшілік бірге айтқанда, оның күші артады.
— Көпшілік? — деп қайталады Айдын. — Қанша адам?
— Білмеймін. Екі адам ба, жүз адам ба. Ол нақтыламады.
— Сонда бәріміз бірге айқайлауымыз керек пе? — Айбас қабағын түйді. — Бәріміз Қодарға қарап тұрып, «Тас бол!» деп шулаймыз, сосын ол...
— Мұның бәрі соншалықты оңай емес шығар, — деді Сарыбай ақырын.
Бәрі үнсіз қалды.
— Бірақ қолымызда үш нәрсе бар, — деп жалғастырды ол. — Айдаһар берген сөз, ұстап тұруға болатын Баян-Сұлудың шашы және жалғыз адамның күші жетпейтіні туралы ишара. Мұның жеткілікті-жеткіліксіз екенін білмеймін. Бірақ әзірге барымыз — осы.
— Қодарға Мақпал керек, — деп қосты Қозы Көрпеш. — Мұны да өз пайдамызға жарата аламыз.
— Қалай? — деп сұрадым. Бірақ жауабын іштей сезіп тұр едім.
— Оны өзімізге қолайлы жерге алдап әкелеміз. — Ол маған көзін көтерді. — Ескі құдыққа.
Қолымды мұздай суық жайлап бара жатты.
— Сол құдыққа ма?
— Иә, сол. Бұл жерден үш сағаттық жерде, қуаң даладағы қараусыз қалған қоныста. Ол жаққа ешкім бармайды.
— Бұл өте қауіпті, — деді Айдын ақырын. — Өте қауіпті. Бірақ...
— Бірақ басқа жоспарымыз жоқ, — деп оның сөзін аяқтадым.
Алақанымдағы қызыл түйіншекке қарадым. Бақсының қандай адам екенін білмеймін. Бірақ оның өзіне аса қымбат бір нәрсесін құрбан етіп, таңдау жасағанын сездім.
Жіпті шолпыларымның арасына, бұрымыма байлап қойдым. Әрдайым жанымда болсын.
— Жарайды, — дедім. — Дайындалайық.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.