Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

5-бөлім · 4 мин

5-бөлім. "Қашу"

5 / 31

Мен оның не айтқысы келгенін сұрап үлгермедім.

Сырттан айқай естілді. Артынша екінші дауыс — әйелдің шыңғырған үні шықты. Сосын тұяқ дүбірі мен кеудені басып, денеңді түршіктіретін жуан, күңгірт ұлыған дауыс естілді.

Дәл сол ұлыған үн.

— Тұрыңдар! — Әпсебай өз жасына қарамастан, таңғаларлық шапшаңдықпен орнынан көтерілді. — Тез!

Біз киіз үйден атып шықтық. Ауыл құмырсқаның илеуіндей абыр-сабыр болды: әйелдер балаларын құшақтап әкетіп жатыр, ер адамдар аттарға қарай жүгіріп барады, біреулер айқайласа, енді біреулер жылап жүр. Ал алаңқайдың шетінде, ағаштардың арасынан биік көлеңкелер жылт-жылт етеді.

Ұзын бойлы. Сіңірлі. Сұр түсті.

Олар ашық алаңқайға шыққанда, мен оларды түсімде емес, алғаш рет өңімде көрдім. Бойлары бір метрден сәл асады. Екі аяқпен жүреді. Тұмсықтары сүйір, көздері сары. Жүні ұйпа-тұйпа, еріндерінде ақ көбік. Олар жүгірмейді, жер бауырлай сырғып келе жатқандай. Қозғалыстарында соншалықты табиғи емес бірдеңе бар еді, жүрегім айнып кетті.

Олардың артынан салт аттылар көрінді. Бесеу, алтау, он шақты. Үстілерінде қара түсті киім киген, жүздері бүркемеленген. Қолдарында найза мен арқан.

— Сендерді іздеп келді, — деді Әпсебай. — Сәл болса да уақттарын бар қашып кетулеріне.

— Қайдан бізді біледі?! — деп Айдын даусын көтерді.

— Қодардың қол астында бір көріпкел бар. Сол оған сендердің мында екенін айтқан.

Қодардың кім екенін білмейтінмін. Бірақ бұл есім ішіме соққы болып тигендей, бойымды әлдебір түсініксіз ауырсыну шарпып өтті. Өзім ешқашан көрмеген азаптың естелігінен оянғандай болды.

— Қашыңдар! — Әпсебай иығымнан ұстай алды. Саусақтары сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда қатты екен. — Төбелерге қарай! Шығыста, орманның ар жағында, тауда бір қоныс бар. Сендерді сонда қабылдайды. Менен келгендеріңді айтыңдар. Әпсебай өтініп жіберді деңдер.

— Біз жолды да білмейміз ғой! — Айдын айқайлап жіберді. — Біз...

— Аттар! — деді ол қысқа қайырып.

Екі ер адам екі ірі жирен қоңыр атты жетектеп әкелді. Мен жануарларға қараған сәтте-ақ тізем дірілдеп кетті. Алып екен. Пысқырып, кісінеп тұр.

— Мен атқа мінуді білмеймін, — дедім зорға.

— Ал мен білемін, — деді Айдын.

Екеуміз де үнсіз қатып қалдық.

— Не?

— Балалар лагерінде екі жаз ат қорасында өткізгенмін. — Ол әлдеқашан ерге қарғып мініп те үлгерді. Қимылы өмір бойы атқа мініп жүрген адамдікіндей еді. — Сұрама. Кейін айтамын. Қолыңды бер.

Мен оның алақанынан ұстай алдым. Ол бір жұлқып, мені артына, аттың сауырына жақын жерге отырғызды. Отыру ыңғайсыз, қорқынышты, тіпті мүмкін емес сияқты. Ат орнында билеп тұр.

— Мені мықтап ұста, — деп бұйырды Айдын. — Екі қолыңмен! Қаттырақ!

Мен оның белінен құшақтай алдым.

— Әпсебай! — деп артыма бұрылдым.

— Шабыңдар! — деп айқайлады ол. — Әлі мүмкіндік барда кетіңдер!

Артымыздағы ұлыған үн ақырып шыққан гүрілге ұласты. Найза ұстаған екі ер адамның мақұлықтарға қарсы шыққанын, біреуінің құлағанын, әйелдердің бірінің баласын сүйрей көтеріп, киіз үйге қарай жүгіргенін көрдім. Қалып, көмектескім келді. Бірдеңе істегім келді.

— Мақпал! — Айдын иығының үстінен айқай салды. — Қарама!

Ат орнынан құйғыта жөнелді.

Әлем быт-шыт болып, көз алдымда үзік-үзік көріністерге айналды: бетке ұрған жел, тұяқ дүбірі, тер мен түтіннің иісі. Ағаштар көз алдымнан соншалықты жылдам зулап өтіп жатты, жасыл жолақтарға айналды. Айдынды көгертіп жіберердей қатты құшақтап алғанымды сездім. Артымыздан айқай, қару сылдыры мен ырылдаған үн естіліп жатты. Бірте-бірте бәрі алыстай бастады.

Бірақ ұлыған үн қалмады.

Ол бізді өкшелеп келеді. Бір адым да кейін қалмайды.

— Жетіп келеді! — деп айқайладым.

— Білемін!

— Олар жылдамырақ!

— Білемін, Мақ! Аузыңды жап та, мықтап ұста!

Орман аяқ астынан бітіп қалды. Біз ашық кеңістікке атып шықтық. Алдымда ұшы-қиыры жоқ дала көсіліп жатты. Алтын түске боялған, теңіздей толқыған ұлан-ғайыр дала. Шөп аттың тізесіне, адамның беліне дейін жетеді. Алыс-алыс, көкжиекте таулардың қарауыта мұнарланған сұлбалары көрінеді.

— Ана жаққа! — Айдын аттың басын бұрды. — Төбелерді көріп тұрсың ба?

— Көріп тұрмын!

— Сол жаұұа шабамыз!

Мен артыма бұрылдым.

Олар да орманнан лап қойып шықты: екі аяқтап та, төрт аяқтап та жүгірген сұр толқын. Сары көздері жарқырап, ауыздары аңқиып ашылған. Оннан кем емес. Алдарында салт аттылар шауып келеді. Солардың бірі қолын көтеріп, бізді нұсқады.

— Мақпал! — Айдынның даусы ашу мен қорқыныштан дірілдеп шықты. — Қазір қолдарыңды босатып жіберсең, өз қолыммен өлтіремін!

— Босатпаймын!

— Жарайсың!

Дала алдымызда ұзын таспа секілді созылып жатты. Ат сол таспаның үстімен ұшып келе жатқандай. Біз шауып емес, қалықтап бара жатқандаймыз. Жел бізді көтеріп алып, алға қарай алып ұшып бара жатқандай сезілді. Ал артымыздағы ұлыған үн жақындай түсті. Жақындай түсті...

Кенет тағы бір дыбыс естідім.

Бәсең, сыңғырлаған, қыз баланың күлкісі.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры