ОЛардың жолға шыққанына үш күн болды.
Бірінші күн зымырап өте шығады. Таулар, асулар, бұлақтар, алау басындағы түнгі аялдама. Қозы Көрпеш атын«жасақтың» алдына салып, үнсіз әрі ойлы келеді. Айбас Айдынға бірінен соң бірін әзіл әңгіме айтып барады. Алтын МАқпалдың жанында жортып, бұталарға жалтақтай қарап, құстарға анда-санда бәсең маңырап қояды. Айдын артында келе жатып, айналасына тынымсыз қарайды. Бәрін бірден есіне сақтап қалғысы келетіндей.
Мақпал оған ұрлана көз тастай береді.
"Ол енді көзін жасырып жүрмейді. Кеудесін әдеттегідей уқаламайды. Мен байқамайды деп ойлаған сәттерде қабырғасына қолын да апармайды. Беттеріне қызыл шырай жүгірген. Павлодардағыдай емес, шынайы, тірі рең. Айбастың әзіліне қарқылдап күлгенде, күлкісі ашық естіледі, дауысы да қарлықпайды.
Мен бұған мән бермеуім керек.
Бірақ бәрібір ойлаймын.
Айдында бір өзгеріс бар...", — деген ойлар Мақпалдың ойынан кетпейді.
Екінші күні таулар екі жаққа ығысып, біз алып қойтастар шашылған үстіртке шығамыз. Ауаның өзі басқаша: дымқыл, ауыр, батпақ иісі сезіледі. Кешке қарай көкжиектен қарауытып, орасан зор бір нәрсе жылтырап көрінеді.
— Қаракөл, — деді Қозы Көрпеш атын тоқтатып. — Ертең суға жетеміз. Ал бүгін осында қонамыз.
Көлден екі жүз қадамдай жердегі шағын жылғаның жағасына қос тігеміз. Судың түсі мұнайдай қап-қара. Оның бетінде дәл өзі секілді түнерген аспан шағылысады. Тым-тырыс. Әдеттен тыс тым-тырыс. Тіпті шегірткенің үні де естілмейді.
Мақпал суға қарап, қорқыныш сезіміне берілді. Омыртқасың бойлай салқын леп жүгіріп, құлағына әлдебір сыбыр жетеді. Әуелде оны судың бетін сипап өткен желдің үніне балайды. Бірақ артынша әлдекімнің дауысын естігендей болады.
— Айдын…
Мақпал Айдынды шақырып, жалт қарады.
Алайда өзі жалғыз тұр еді.
Дауыс көлдің арғы бетінен шыққандай. Алыстан естілсе де, құлағыма тым жақын сыбырлағандай анық.
— Айдын, бері кел…Айдын, — деді Мақпал.
Айдын алау жанында отырып, пышағын тазалап жатыр.
— Ә?
— Сен бірдеңе естіп тұрсың ба?
— Нені?
Мақпал жауап беруге дайындалып тұрғанда, тағы да дауыс қайта естілді.
Бұл жолы әлдеқайда анық.
— Келші… Қорықпа. Мен осындамын.
Айдынның қолы тоқтап қалады.
Ол басын сәл қисайтып, құлақ түреді. Жүзіндегі әдеттегі мысқылдың ізі жоғалып, орнына түсініксіз бір мұң ұялағандай болады.
— Айдын? — Мақпал ақырын ғана сөйледі.
Алайды Айдан оған қараған жоқ.
— Мені біреу шақырып жатыр, — дейді сыбырлап.
— Ешкім жоқ. Бұл — көлден шығып жатқан дауыс.
— Жоқ, — дейді ол баяу. — Ол мені таниды.
Су беті әлі де қимылсыз. Қараңғылыққа сіңіп кеткен көлдің арғы шеті көрінбейді. Бірақ дәл сол жақтан Айдынға қарай көзге көрінбейтін бір нәрсе созылып келе жатқандай.
— Айдын, бері кел, — деп қайта шақырады дауыс. — Шаршадың ғой. Демалғың келмей ме?
Айдын басын көтереді.
— Мұнда тыныш, — дейді дауыс. — Ешкім де, ештеңе де сені қинамайды. Ешкімнен жасырынып, ешкімге күшті болып көрінудің қажеті жоқ. Тек бері кел…
Айдын орнынан тұрады.
Қолындағы пышақ шөптің үстіне түседі. Ол мұны байқамайды да.
— Айдын, тоқта.
Мақпал оны тоқтатпақ болады, бірақ Айдын оны естімейді.
— Қарашы, су қандай тыныш, — дейді дауыс. — Шаршадың. Демалғың келеді. Білемін. Бері келсең болды…
Айдын бір қадам жасайды.
— Айдын!
Айдын жалт қарағандай болады. Бір сәтке Мақпал мен Айдын көздері түйіседі. Мақпалға Айдынның көзқарасы жат болып көрінді.
— Мен тез қайтып келемін, — дейді ол бірқалыпты, жансыз үнмен. — Тек жуынып алайын. Ыстық екен.
— Жоқ, тоқтай тұр…
Мақпал оның қолынан ұстауға ұмтылады, бірақ ол жалтарып кетеді. Қимылы соншалықты табиғи, тіпті әдейі қашып бара жатқандай да емес. Біреудің шақыруына жауап беріп, күнделікті ісін атқаруға бара жатқан адам сияқты.
Ол суға қарай жүреді.
Бір қадам.
Екінші қадам.
— Айдын, бері кел…
Дауыс енді Мақпалдың да құлағына жетеді.
Сол сәтте Мақпал қорқынышты бір нәрсені түсінеді: бұл жай ғана көлден шыққан үн емес. Ол Айдынның бойындағы бір әлсіз тұсты тауып алғандай. Оның шаршағанын, денесінің енді ғана қалпына келе бастағанын, тыныштыққа қаншалықты мұқтаж екенін білгендей.
— Айдын, мені тыңда! — деп айқайлайды Мақпал.
Айдын осы сәтте суға тобығынан кіреді.
— Бері келші, — дейді дауыс мейірлене. — Мұнда ешкім саған жамандық жасамайды.
Айдын тізесіне дейін суға енуді жалғастырады.
Су қозғалмайды. Бірде-бір толқын жоқ. Бірақ көлдің түбі бірте-бірте оны өзіне тартып бара жатқандай.
— Айдын!
Ол беліне дейін суға кіріп кеткенде, Мақпал орнынан атып тұрды. Қозы Көрпеш те Мақпалға қарай бағытталып, Айбас қылышына жармасады. Алтын жанын қоярға жер таппай, аянышты, үзіліп шыққан үнмен маңырайды.
— Оған не болып жатыр? — деп айқайлайды Айбас.
— Оны шақырып жатыр! — Қозы Көрпеш суға қарай ұмтылады. — Айдын!
Бірақ Айдын бұрылмайды.
Ол судың ортасына қарай тағы бір қадам жасайды.
Сол сәтте көлдің беті бүлк ете қалады.
Қара су дөңбекшіп, майдай жылтырайды. Оның ортасы ішке қарай шөгіп, артынша су бағана болып көтеріледі. Ішінен ұзын, былжыр бірдеңе созылып шығады. Бозғылт басында көзі жоқ.
Жаратылыс Айдынның белінен орап алады.
Бәрі бір сәтте болады.
Айдынның денесі судың үстінен көтеріліп, кейін қарай тартылады. Ол аузын ашады, бірақ айқай орнына тек бір көпіршік шығады.
— Айдын!
Мақпал суға секіреді.
Мұздай су бетіне соғылып, терісің қарып өткендей болады. Айдынның қолынан ұстап, саусақтары су болған терісінен сырғып кетеді, соған қарамастан бар күшіммен қыса түседі.
«Бір нәрсе оны төменге тартып барады. Орасан зор, көзге көрінбейтін, ағыстай қуатты бірдеңе.» — деген ой Мақпалға келді.
— Жібермеймін! — деп айқайлаймын. Аузыма су кіреді. — Жібермеймін!
— Мақпал…
Мақпал оның қарлыққан, әлсіз, құлағыма мақта тығып қойғандай көмескі дауысың естиді.
Айдын есін жиып келеді.
— Жібер, — деп сыбырлайды. — Сені де алып кетеді.
— Үніңді өшір!
Қозы Көрпеш оларға жетіп қалған. Қылышы су үстінде жарқ ете қалады. Жаратылыс құлақты тұндыра шыңғырады. Айбас найзасын сұғып алады.
Алтын екпінмен жүгіріп келіп, мүйізді басымен қара қармалауыққа соғылады. Сол сәтте ол босап, езілген құрттай салбырай қалады.
Төртеудің бірігуімен, олар жағаға оралады. Үсті малмандай су, тыныстары тарылып, денелері батпаққа былғанған. Айдын Мақпал әлі қолынан жәбермей, жөтеліп, дірілдеп отыр. Саусақтары қысқаннан ағарып кетіпті.
— Сен ақымақсың, — дейді Айдын ентіге.
— Білемін.
— Тұншығып өліп кете жаздадың.
— Білемін.
— Мен саған жібер дедім ғой.
— Ал мен жібермеймін дедім. — Мақпал әзер демін алып. — Емші солай бұйырған. Есіңде ме?
Көзінің қиығы жылтырап Айдын Мақпалға қарады.
— Есімде.
Олар жағада малмандай су болып, тоңып отырды. Қозы Көрпеш шапанын Мақпалдың иығыма жабады. Түтін мен қылқан жапырақтың иісі сіңген шапапын өте жылы еді. Мақпал алғыс айтқысы келеді, бірақ сөдері тамағына кептеліп қалады.
— Сен суға секірмеуің керек еді, — деді ақырын дауыспен Мақпалға Қозы Көрпеш.
— Секіруім керек болды.
— Сен үнемі солай істейтінсің. — Даусы дір етіп үзіледі. — Әрдайым бірінші болып өзіңді отқа тастайтынсың. Мен саған тәуекел етпе деп қанша жалындым. Сен тыңдамадың.
— Бұрыңғы мен және қазіргі мен өте ұқсайды екенбіз.
— Бұл — сенің өзің.
Мақпал не дерін білмей, үн қатпай, шапанын ішіне тығыла бастайды. Сол сәтте Қозы Көрпеш иығына абайлап, әрең сезілетіндей қолын қойды. Құшақтамайды. Жай ғана қолын қойып, ұстап отыр. Оны жоғалтып алудан қорқатындай.
Айдын қос ғашыққа қарап, кенет күліп жібереді.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.