Түні бойы асудағы оттар жанып тұрады: он, жиырма, қырық. Ал ауылдың ер-азаматтары түні бойы қаз-қатар тізілген қоршаудың бойында садақтарын ұстаған күйі күзетеді. Әйелдер су тасып, балаларды үнсіз, көз жасын көрсетпестен жинайды. Мен ұйықтамаймын. Біреудің көрпесіне оранып, киіз үйдің кіреберісінде отырамын да, қараңғылыққа телміріп отырдым.
Қозы Көрпеш қоршаудың жанында, менен сәл әріректе тұр. Маған жақындамайды. Ештеңе сұрамайды, жұбатуға да тырыспайды. Тек жиырма шақты қадам жерде, қолын қылышының сабына қойып үнсіз тұр. Оның мені күзетіп тұрғанын түсінемін.
Ауылды емес. Мені.
— Сен жатып демалсаңшы, — деймін оған таң ата.
— Жатпаймын.
— Қанша күн дұрыс ұйықтаған жоқсың.
— Үйреніп кеткенмін.
Мен басымды шайқап, үндемеймін. Онымен дауласып әуре болудың қажеті жоқ. Жартаспен айтысқанмен бірдей.
Аспан таулардың үстінен сұрғылт қызғылт түске бояла бастағанда, асудағы оттар бірінен соң бірі сөнеді. Біреу үрлеп өшірген шамдардай, жай ғана жалп етіп жоғалады. Ешкім шабуыл жасаған жоқ. Ешкім ауылға кірген жоқ.
— Бұл сынақ болуы мүмкін. — дейді бізге қарай жақындаған Сарыбай. Жүзі сұрланып, көздері қызарып кетіпті. — Қодар біздің қанша екенімізді және қаншалықты тез жиналатынымызды тексерген болар.
— Ал қаншалықты тез жиналдық? — деп сұрайды Айбас.
— Өткен түнде ме? Жылдам.
— Демек, біз төтеп бере аламыз.
— Төтеп береміз, — деп қайталайды Сарыбай, бірақ дауысында сенімділік аз.
Мен бірдеңе айтқалы оқталамын, дәл сол сәтте батыс жақтағы жолдан айқай естіледі.
Әуелде қарауылдардың бірі айқайлап жатыр деп ойлаймын. Бірақ артынша адамдарды көремін. Беткеймен төмен түсіп келе жатқан ондаған адам. Жаяу. Киімдері жыртық, өздері әбден қалжыраған. Түйіншектерін көтерген әйелдер, қарттар, ақсақ аттарын жүгенінен жетектеген ұлдар. Олар асықпай келеді. Асығуға да шамасы қалмаған адамдар осылай жүреді.
Мен бұл жүздерді танимын.
Маған шие түсті көйлек берген домалақ жүзді әйел. Киіз үйді айнала жүгіріп, Айдынға бақырая қарай берген бала. Қасқырларға найза кезене қарсы шыққан екі ер адам.
Бірақ енді әлгі екеудің біреуі ғана қалған.
— Бұл — орман жанындағы ауылдың адамдары, — деп демін ішіне тартады Айдын. Ол жанымда тұр. Иығының дірілдегенін сеземін. — Бізді бірніш қарссы алған ауыл тұрғындары.
Адамдар қақпаға жақындады... Топтың алдында таяғына сүйенген, сақалы аппақ қарт келеді. Үстіндегі киімі жыртылған, бір қолы таңулы. Бірақ арқасын тік ұстап келеді.
— Әпсебай, — деп дауысымды шығардым.
Ол тоқтап, басын көтереді. Көзімен біреуді іздеп, ақыры мені табады. Әбден шаршаған жүзі кенет жылып, балаша мейірімді күлкіге бөленеді.
— Тірі екенсің, — дейді ол. — Көкке шүкір. Тірі екенсің.
Қалай оның қасына жеткенімді білмеймін. Қалай сау қолынан ұстағанымды да есіме түсіре алмаймын. Тек әрең дегенде:
— Кешіріңіз. Мұның бәрі менің кесірімнен. Олар мені іздеп келді, ал сіздер...
— Тыныш, балам. — Ол басыма қолын қояды. — Тыныш.
— Қалай аман қалдыңыздар?
Ол үндемейді. Бұл кез келген саннан да қорқынышты.
— Басымыздан не өтпеді. Сол күні киіз үйлеріміз өртенді. Қанша адам жан тапсырды... Малдарымызды да айдап әкетті. Бірақ ауыл тұрғындарының көбі қашып аман қалдық. Көкке шүкір балаларымыз аман. Ең бастысы — сол.
— Ең бастысы ол емес, — деп сыбырлаймын.
— Балам. — Әпсебай екі алақанымен жүзімді ұстайды. Оның көздері жасқа толып тұрғанын көремін. — Кінә өрт қойған адамның мойнында. Сенің кінәң емес. Осыны есіңде сақта. Мықтап сақта. Өйткені алдағы күндері менің сөздерімді есіңе алып, өзіңді азаптайтыныңды білемін. Өзіңді қинама.
— Жақсы, — деп өтірік айтамын.
Ол өтірік айтып тұрғанымды біледі. Бірақ басын изейді.
Айдын артымда үнсіз тұр. Тек Әпсебай Сарыбаймен бірге киіз үйге кіріп кеткенде ғана, ол кенет қоршаудың бағанасын жұдырығымен ұрады. Қатты емес, бірақ күтпеген дыбыстан Айбас селк ете қалады.
— Сұмырайлар, — деп демін шығарады ол. — Недеген жауыз адамдар...
— Білемін.
— Жазықсыз адамдар жапа шеккенде, қалай тыныш қалуға болуға...Олардың бар кінәсі жақсылық жасап, бізді кездестіргені...
— Білемін, Айдын.
Ол маған бұрылады. Көздері қызарып кеткен, бірақ жас жоқ.
— Ендеше, оларды қалай тоқтататынымызды шешейік.
Бөлім туралы пікірлер 0
Әлі пікір жоқ.