Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

12-бөлім · 5 мин

12-бөлім. Екінші мүмкіндік

12 / 31

Сарыбайдың киіз үйінің тар болса да іші жылулыққа толы. Ошақтың оты маздап жанып, шырағдандардың түтіні бұрқырап жатыр. Ауаны майлы ет пен жаңа піскен нанның иісі кернеп тұр. Мен Қаракөз бен Мамабикенің ортасында, айналамды жастыққа толтырып қойған күйі отырмын. Өзімді бағалы бұйымдай сезінемін. Қозы Көрпеш әкесінің қасында, қарсы алдымда жайғасқан. Мен байқамай отыр деп ойлаған сәттерде маған қарап қояды да, көзім түсе қалса, дереу жанарын тайдырады. Айбас әлдебір қызық оқиғаларын айтып отыр, Айдын оның оқиғаларын тыңдап мәз.

Дәл осы сәтте киіз үйдің есігіндегі киіз шымылдық түріледі де босағаны аттай алмай бір адам бейнесі көрінеді.

Жасы алпыстар шамасындағы ер адам. Денелі, иықтары кең. Үстіндегі киімі қымбат болғанымен, өзі оны қалай болса солай киіп алғандай. Жүзі ауыр, қызыл шырайлы, ісінген, көзінің асты қалталанып кеткен. Қолдары жұдырық болып түйіліпті. Ол маған қарайды. Әр секунд өткен сайын жүзінің сұрлана түскенін байқаймын.

Әңгіме біртіндеп тыйылады. Айбас кесесін үстелге асықпай қояды.

— Қарабай, — дейді Сарыбай бірқалыпты үнмен. — Сені шақырған жоқпыз.

— Білемін... — Ер адамның дауысы бәсең әрі дәрменсіз. — Мен..., «қызым» деуге тілі батпаған сыңайлы, ешкім естіместей ақырын айтып, — қайтып келгенін естідім, — деді.

Қаракөз оған қарамай қимылсыз отыра берді. Тек менің қолымды қыса бастады.

— Кір, — деді Сарыбай, — Ақыры келген екенсің...

Қарабай босағадан аттайды. Иығына ауыр жүк артқан адамдай әрең басып, маған қарай жүреді. Қасыма жетіп тоқтайды.

— Баяным, — дейді ол.

Мен үндемеймін. Онымен не туралы сөйлесетінімді білмеймін. Кешірім сұраса, кешіруге рұқсатым бар ма? Мен Баян-Сұлу емеспін ғой... Алайда неге екенін білмеймін, бүл адамға деген суық сезім ішімде орнады.

— Қызым... — Ол кілемнің үстіне тізерлей отыра кетеді. Бүгінгі күндегі ең қорқынышты көрініс осы шығар: зейнеттік жастағы ер адамның жас қыздың алдында тізе бүгуі. — Қызым, мен...

— Бұл сол Қарабай ма? — деп кенет Айдын тіл қатады.

Бәрі оған қарай бұрылады. Ол шынтағын тізесіне тіреп, Қарабайға күлімсіреусіз қарап отыр. Жүзінде бұрынғы көңілділіктің ізі де жоқ.

— Қызын аттастырылған сүйіктісіне емес, билікке тоймай, жауызға ұзатпақ болған адам ба? Дұрыс түсіндім бе?, — деп суық дауыспен жалғастырды Айдын.

Қозы Көрпеш селк ете қалады. Айбас араша түсуге дайын тұрғандай денесін жинақтады.

— Сіз тірі адамды саттыңыз! Өз қызыңызды! Билегік үшін! Мал үшін! Менің әкем де, шешем де болмағанын. Алайда Сіздей әкедей болғанынан болмағаны дұрыс! Әрбір ата — ана өз баласын қорғауға тырысады. Ал сіз!!!! Сіз болсаңыз!!!!- деп Айдын бар ашуға толы пікірін Қарабайға айтты. Айдын сондай — еді, қандай ой болса, соны адамның бетіне айта салу қабілетке ие еді. Маған оның осы бір сенімділігі берілсе, өмірім басқа жаққа ауар ма еді?

Киіз үй іші қою шайырдай ұйыған үнсіздікке толады.

Қарабай басын көтереді. Көздері қызарып кеткен. Жанарында ашу да, ақталуға деген талпыныс та жоқ.

— Дұрыс айтасың, жігіт, — деді ол. — Мен не бүлдіргенімді білемін ж"не өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын.

— Ұмытпайсың, — деп қайталайды Қаракөз. Дауысы бірқалыпты, тіпті сабырлы деуге болады. Бірақ сол үннен денем түршігіп кетеді. — Мен саған ұмытуға мүмкіндік бермеймін. Есінен алжассаңда, мен саған күнде еске салып отырамын.

Ол сәл алға еңкейеді.

— Оған қара, Қарабай. Қарашы. Бұл — сенің қызың. Ашкөздігіңнің құрбандығына айналдырған қызың. Сен жылқыңды түгендеп жүргенде, ол көз жұмды. Ал енді ол қайта оралды. Тірі. Саған өзің лайық болмаған көздерімен қарап отыр. — деп орнынан түре келіп жалғастырды Қарагөз.

Қарабай бас көтере алмай үнсіз жылай бастады.

— Мен Қодарға енді қызмет істемеймін. — деп сыбырлайды ол. — Баяным ... Баян-Сұлуым қайтыс болғаннан кейін, өз қанымды кімге айырбастағанымды сонда түсіндім.

— Білеміз, — дейді Сарыбай ашусыз. — Сондықтан сен әлі тірісің. Біз сені кешіргендіктен емес. Кешіретіндей біз кім едік... Алайда адамға екінші мүмкіндік беріп, қателігін түзетуге дұрыс жолға қою керек.

Мен алдымда тізерлеп отырған адамға қараймын. Оны кешіре де алмаймын, жек көре де алмаймын. Қатты шаршадым.

— Тұрыңыз, — деймін. — Алдымда адам тізерлеп отырғаның ұнатпаймын.

Ол баяу орнынан көтеріледі. Әр буыны сырқырап тұрғандай.

— Кешірім сұрамаймын. Оған менің дәтім жоқ, — дейді ол. — Тек уақыты келгенде көмектесуге рұқсат ет.

Мен жауап бермедім.

Ол бүкірейген күйі сыртқа шығады. Артынан киіз шымылдық жабылады. Үнсіздік ұзаққа созылады. Ақыры Айдын ауыр дем шығарады.

— Сонымен, — дейді ол, — әйтеуір, бәрі ашық айтылды.

Қаракөз кенет кеудесінен шыққан әлсіз, сәл қарлыққан күлкісін жасыра алмайды.

— Сен маған ұнадың, жігіт, — дейді ол Айдынға.

— Мен бәріне ұнаймын, — деп жауап береді Айдын. Өзі де сәл қызарып кеткен сияқты.

Бәріміз күліп жібереміз. Кернеулі көңіл құмға сіңген судай тарап кетеді. Мамабике кеселерге шай құяды, Айбас Айдынның иығынан қағып, ол құлата жаздады. Ал Қозы Көрпеш ошақтың арғы жағынан маған біртүрлі көзқараспен қарап отыр. Оның жүзіндегі сезімді қалай атауды білмеймін.

Жылы. Тыныш. Аялағандай.

Мен де оған жымиямын.

Содан кейін Сарыбайдың күлмей тұрғанын байқаймын. Ол кіреберістің жанында тұрып, басын сәл қисайтып, түнге қадала қарапты. Бір нәрсені тыңдап тұрғандай.

— Не болды? — деп сұрайды Қозы Көрпеш.

— Білмеймін, — дейді Сарыбай. — Бірақ бірдеңе дұрыс емес.

Мен оның соңынан сыртқа шығамын. Таулардың үстінде жұлдызға толы қап-қара аспан төніп тұр. Алыста, аңғар аяқталатын асуда кенет от жарқ ете қалады. Сосын тағы біреуі. Одан кейін бірден он шақты от тұтанады.

Олар қараңғылық ішінде көздердей жанып тұр.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры