Армысың, құрметті оқырман! Бұл жазылған туындым көңіліңізден шықты ма?
Бұл туындыны жазу барысында көп оқыған деректер мен кинофильдер еске түсіп, оларды қолдануға тырыстым. Қодардың тағдыры туралы қандай пікірдесіз? Басты кейіпкерлердің Қодарды жеуде өлтіруге бармайтынын бастан сезінген. «Алайда, өлтірмей қалай оны жеңбек?» деген сауал көп мазалады. Сол бір уақытта есіме Сіздерде көрген «Қазақфильм» түсірген «Бойся, враг, девятого сына» кинофильмі есіме түсті. Оны осындай нұсқада пайдаланып көрдім.
Жалпы, бұл туынды қалай туындады? Жақында мен Лафкадио Херннің «Японские легенды и сказания о призраках и чудесах. Душа Японии» атты кітабын оқып едім. Сол кітаптың бір тарауы «О — Тэи» жайлы еді. Онда қос ғашықтың қосыла алмағаны жайлы баяндалады. Және де ғашығына қыз өлер алдында әлі кездесетіндері, ол біраз уақыттан соң басқа отбасында дүниеге келетін айтады. Аңыз басқаша болмағынымен, сол бір дүниеге қайта келу ойы есімде қалып қойып және осы бір туындымның өмірге келуіне ықпал етті.
Шығарманы оқи отырып, қандай ой қалыптысты? Әрбір пікіріңізді қуана оқимын!
Және де туындымды соңына дейін оқығаныңызға Алғыс білдіремін!
Бөлім туралы пікірлер 2
Негізі шығарманы керемет деп айта алмаймын, бірақ жақсы шыққан. Тез әрі жақсы оқылды. Кейіпкерлерге келетін болсақ, олар да жақсы шыққан бірақ көбінесе функция сияқты сезілді. Алайда Қодар жақсы жазылды. Романтика мен мистиканы үйлестіріп жазылғаны керемет идея. Авторға айтарым, шығармаңыз әдемі шықты және алға қарай ұмытыла беріңіз дегім келеді! 😊
Көп рақмет, пікіріңіз үшін! Кемшіліктерімен қоса, шығарманың жақсы тұстарын да атап өткеніңіз - көңіліме жылу сыйлады 😊 Алдағы уақытта жазуымды одан әрі жетілдіруге тырысамын!