Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

22-бөлім · 4 мин

22-бөлім. Айдын-қыз!

22 / 31

Айдын екеуміз ауылдың сыртындағы жылға жағасында отырмыз. Ол шашын жуып жатыр. Шашы қысқалығы оған қатты жарасады. Бөркін шетке, шөптің үстіне қойыпты. Ал мен бұрымымды тарқатып, арасына кіріп кеткен тікендерді теріп отырмын. Шолпылар сыңғырлайды, су сылдырайды, алыстан иттің үргені естіледі. Тыныштыққа толы кеш. Енді қайталана ма екен бұған ұқсас кеш?

— Айдын! — деп алыстан айқайлады Айбас. — Әй, жігіт! Саған кешкі асыңды әкелдім, ал сен...

Ол қолына тостаған ұстаған күйі бұталардың арасынан шыға келді де, орнында тұрып қалды.

Айдын су жағасында шашы су, көйлегі денесіне жабысып қалпында отыр. Ол қасын көтеріп, бұрылып қарады.

— Не болды?

Айбас үнсіз қарап тұрды.

Бір секунд. Екі. Үш.

Оның жүзінен бірінен соң бірі түрлі сезімнің өткенін көрдім: әуелі түсінбеушілік, сосын абыржу, артынан бір нәрсені аңғарғандай болып, ақырында үрей биледі. Сәлден соң қайтадан түсінбей қалғандай болды. Қолындағы тостаған қисая берді.

— Сен... — Дауысы қарлығып шықты. — Сен...

— Иә, мен, — деді Айдын сабырлы үнмен. — Не болды?

— Сен ғой...

— Қызбын. — Ол шашындағы суды сығып алды. — Иә. Туғаннан бері солаймын. Ал енді әйелдер шалбар кимеуі керек, қылыш ұстауға болмайды деген бірдеңе айтсаң, айта бер. Бірақ ол сөздерін маған өтпейді.

Айбас үнсіз қалды. Ақыры тостаған саусақтарының арасынан сусып түсіп, шөпке гүрс етіп құлады. Сорпа жерге төгілді. Бірақ Айбас төменге де қарамады.

— Мен... — Ол аузын жауып, қайта ашты. — Сен... Сен маған өзінді Мақпалдың досы әрі сақшысымын деп айтқанын ше?

— Дәл солай, — Айдын иығын қиқаң еткізді. — Өтірік айтқан жоқпын. Жігітсің деп өзің шештің.

— Үш апта бойы!

— Өзің шештің.

— Мен... Мен сені жігіт деп жүрдім ғой!

— Маған ұнады.

Ернімді қан шыққанша тістеп алдым. Дем ала алмай барамын. Иығым дірілдеп кетті.

— Мақпал, — деп Айдын ескерткендей ысылдады.

— Үндемей отырмын.

— Сен күліп тұрсың.

— Күлген жоқпын, демікпем ұстап тұр.

— Сенде демікпе жоқ!

— Енді пайда болды.

Айбас найзағай түскендей мелшиіп тұрып, ойын жинақтауға тырысты. Беті қызарып, құлағы ду етіп жанып тұр. Өз-өзіне соншалық сенімді адамның сөз таба алмай, осылай қиналғанын бұрын көрмеппін.

— Мен... Сенімен бірге от басында отырдым, — деді ол сөзін әрең құрап. — Иығыңнан қақтым. Сені жасаққа шақырдым. Сенің қасыңда отырып, небір әңгіме айттым...

— Нақты қандай әңгіме айттың?, — маған олардың қандай әңгіме айтқандары қызықты болып қалды.

— Оның маңызы жоқ, — лезде жауап берді Айбас.

— Қалайша маңызы жоқ? — Айдын орнынан тұрып, көйлегін түзеді. — Егер қазір әйел адам соғысқа араласпауы керек дейтін болсаң...

— Жоқ! — деп Айбас сөзін бөліп жіберді. — Жоқ, жоқ! Мен... Олай дегім келген жоқ. Мен тек... — Ол терең тыныстап, иығын тіктеді де, кенеттен ерекше байсалды кейіпке енді. — Сен — мен кездестірген жауынгерлердің ішіндегі ең мықтысысың. Мақпалмен бірге барудан қорықпадың, көлге ойланбастан секірдің, Қарабайға қарсы сөз айттың, кеңесті үнсіз қалуға мәжбүрледің. Сені ең мықты жігіт деп қабылдағаныма бір сәт те өкінген емеспін.

Айдын қозғала алмай қалғандай болды.

Мұндай жауапты күтпегені анық. Кірпігін қағып, аузын сәл ашқанын, мойнынан бастап бетіне дейін қызыл шырай жүгіргенін көрдім.

— Енді... — деп күмілжіді Айбас. — Жарайды.

— Жарайды? — Айдын оның сөзін түсінбей тұрды.

— Иә, жарайды. Рақмет, — сасқалақтап алғыс айтты Айбас.

— Оқасы жоқ, — алғысын жерге қаратпай жауап берді Айдын.

Екеуі үнсіз бір-біріне қарап тұрды. Мен де соларға қарап қалдым. Кенет жанымды сондай бір жылылық керней бастады. Тіпті өзімді ыңғайсыз, үшінші артық ретінде сезінеді бастадым.

— Мен барайын, — дедім даусымды көтеріп. — Маған... бұрымымды өру керек.

— Өріп қойдың ғой, — деді Айдын көзін Айбастан алмай, бейқам үнмен.

— Онда қайта тарқатамын.

Оларды жылға жағасында қалдырып, өзім жүріп кеттім. Артымнан Айбас пен Айдынның күлген дауыстары естілді.

Ауылға қайтып келе жатып, кенет Айдынның соңғы бірнеше күн бойы денсаулығы сыр бермегенін есіме түсе бастады. Соңғы рет қашан жөтелгенін де байқамадым.

Өз уақытымызда оның қалай жүдеп бара жатқанын, жанарындағы оттың қалай бәсеңдегенін, ұйықтаудың орнына терезе алдында жиі отыратынын көріп жүрдім.

Ал қазір ол жылға жағасында қызара күліп, су шашымен отыр. Оның айналасындағы бүкіл әлем бұрынғыдан да жарқырап кеткендей.

Мен тоқтап қалдым. Алақанымды ерніме бастым.

«Ал егер ол қатты науқас. Сондықтан соңғы сапарын менімен бөліскісі келген болар?! Ең басынан... Ол тек мені ойлап осында келген...» деген ойлар санамды билей бастады.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры