Мазмұнға өту
Qazaqnovel.kz

10-бөлім · 5 мин

10-бөлім. Жылулық

10 / 31

Таңертең оянсам, жанымда ешкім жоқ екен.

Айдын әлдеқашан ошақ басында отыр. Бір нәрсені пышақпен жонып, Айбаспен пышақты қалай дұрыс қайрау керектігі жөнінде дауласып жатыр. Сөздерін анық ести алмаймын, бірақ оның риза кейпіне қарап-ақ, өз дегеніне жетіп отырғанын аңғарамын.

Таң самалын сезіну.шін ақырыныдап орнымнан тұрып, сыртқа шығап кеттім. Айнала қарағайдың жұпар иісіне толы. Жартастардың бетіне қырау түсіпті. Қозы Көрпеш құз жиегіндегі тасқа отырып, маған арқасын беріп, төмендегі аңғарға қарап отыр. Алтын оның аяғының түбіне жайғасып алып, өзін осы маңның қожайынындай ұстап, шөп шайнап жатыр.

Ол аяқ дыбысымды естіп, орнынан атып тұрды.

— Сәлем! Отырасың ба? — уайымдап отырған жерің ұсынып — Әрине, қаласаң — деп қосты.

Мен басымды изеп, ұсынған жерге отырдым. Ол болса бір қадамдай жердегі көрші тасқа жайғасты.

— Мен не болып жатқанын түсте түсінбей отырмын. Маған барлығын түсіндіріп беретін адамда болмағанын-ай.

Ол ұзақ үнсіз отырады. Содан кейін бірқалыпты құрғақ дауыспен сөзін бастады.

— Мен сені құтқарып ала алмадым. Үлгере алмадым. — Ол жақ сүйегін қарыстыра қысады. — Сенің өліміне ... сол жағдайдың орын алуына көп адам кінәлі. Мен де солардың бірімін.

— Сен кінәлі емессің.

— Сен білмейсің.

— Бірақ өзіңді кінәлайтыныңды білемін.

Ол басын бұрып, маған қарады. Көзқарасынан таңданысқа ұқсас бірдеңе жылт ете қалады.

— Сенің адамның жан дүниесін түсінуге тырысатын қабілетін жоғалмапты, — дейді ол ақырын. — Мені ішіме үңілгендей танып қоятынсың.

— Мен өзімнің бұрыңғы өмірімді есіме түсіре алмасам да, әдеттерім қалған шығар.

Ол күледі. Қысқа, үзік шыққан күлкі.

— Сенің өлімінен кейін... — деп жалғастырады ол. — Өзіме бір уәде бердім: қалай дегенмен кек алуым керек. Сенің не басқаның өлімін қайталануына да жол бермеймін. Қодар...

Бұл есім ауада ілініп қалғандай болады. Қозы Көрпеш оны жерге түкіргендей жек көріп айтады.

— Ол кез келген адамнан күшті, — дейді Қозы Көрпеш. — Сол күшке қол жеткізу үшін не төлегенін білмеймін, бірақ бірдеңесін құрбан еткені анық. Бұрын ол жай ғана палуан еді. Дүниеқоңыз әрі өркөкірек. Ал қазір оның айналасында аң деуге келмейтін қасқырлар мен көзіне тіке қарауға қорқатын адамдар жүр. Ол сенің қайтып келе жатқаныңды біледі. Мен білгендей біледі.

— Қайдан?

— Қол астында көріпкел бар. Бақсы. Ол Қодарға қызмет етеді, ал Қодар оны сәуегейдей тыңдайды. — Қозы Көрпеш қабағын түйеді. — Бірақ соңғы кезде Қодар ұйықтамайды да, тамақ ішпейді де дейді. Түнде дамыл таппай, әрі-бері сенделеді. Сені ұстай алмаймын деп айқайлайды екен.

— Мені ұстай алмай ма?

— Ол сені өзіне тиесілі деп ойлайды. Әуелден солай ойлаған. — Қозы Көрпештің дауысында қауіпті бір үн сыңғыр ете қалады. — Бірақ бұл жолы ол қателесті.

Мен төмендегі аңғарға қараймын. Түтіннің жіңішке жолағы бұрала көтеріліп жатыр. Осы жердің арғы шетінде, алыста, мен үшін ақылынан адасып бара жатқан бір адам өмір сүреді.

Арқамды мұздай бір діріл қарып өтеді.

— Ал Тұлпар ше? — Әңгімені басқа арнаға бұрғым келіп сұраймын. — Айбас сенің оны іздеп кеткеніңді айтты.

Қозы Көрпеш сәл жымияды, бірақ күлкісі ащы.

— Аңыздарға сүйенсек Тұлпар — қанатты ат. Оған мінген адам аспанға билік жүргізеді дейді. Оны ешкім ешқашан көрмеген. Тек жырларда ғана кездеседі.

— Ол саған не үшін керек?

— Маған емес. — Қозы Көрпеш басын шайқайды. — Қодар бұл аңызды менен бұрын естіген. Тұлпарды жынданған адамдай іздеп жүр. Жолындағы ауылдарды өртеп, аңғарларды ойрандап жатыр. Егер атты тапса, аспанға билік жүргізеді. Демек, аспан астындағының бәрін де билегісі келеді.

— Ал сен оны одан бұрын тапқың келеді.

— Қодардың таппағанын қалаймын. Ал қолымнан келмесе... — Ол иығын қиқаң еткізеді. — Ең болмаса, сенің жаныңда боламын.

Оның сөзінен кейін үнсіздік орын алады. Алтын күрсініп, тұмсығын тіземе тигізеді.

— Әкемнің ауылына қайтқым келеді, — дейді Қозы Көрпеш ақыры. — Ол жақта сені күтіп отырған адамдар да бар. Анам мен әкем. Және... — Ол сөзін аяқтай алмай, кідіріп қалады. — Сенің анаң да.

Мен сілейіп қаламын.

— Менің анам ба?

— Қаракөз. Ол да сенің оралуынды күтіп, үмітін үзбеген.

Ішімде бір нәрсе үзіліп түскендей болады. Менде ешқашан анам болған жоқ. Балалар үйіне түскеннен бері де, оған дейін де. Оның жүзін көрмедім, атын білмедім, дауысын естіген емеспін. Қолымда тек анам туралы мәлімет жазылатын жолы бос қалған сауалнама ғана болды.

— Ол біле ме... Менің «оралғанымды»?

— Сенің осында екенінді біледі. Осы жылдар бойы тек сенімен қайта қауышуды күтіп өмір сүрді. — Қозы Көрпеш кенет саусақтарының ұшымен қолыма ақырын ғана тиеді. Күйіп қалудан қорыққандай абайлап сипайды. — Баруға міндетті емессің. Бірақ ол сені күтіп отыр.

Мен оның алақанына қараймын. Тыртықтарға, қатайып кеткен терісіне көзім түседі. Бірақ қолымды тартып алмаймын.

— Мен барамын, — деймін.

Артымыздан аяқ сыбдыры естіледі.

— Барсаңдар, менде бірге барамын, — деп кесіп айтады Айдын.

Ол екі қолын беліне тіреп тұр. Аузында пышақ қыстырылған (Құдайым-ау, ол пышақты тісімен ұстап тұр!), өзі нағыз қарақшыға ұқсайды.

Мен орнымнан атып тұрып,

— АУЗЫННАН ПЫШАҚТЫ ШЫҒАР!!! — деп уайымдап Айданға ұрыстым.

Айдын пышақты алып тастап,

-Қалай? Күшті көріндім бе? — деп күлді.

Мен басынан нәзік шекпен беріп,

-Ақымақ болып тұрдың! — деп жауап бердім.

Қозы Көрпеш те орнынан тұрып, Айдыннын йығын қағып:

— Ер жігітсің! Қалай десе де — деді.

Мен бұны естіп күле бастадым. Айдын болса, ыммен «Тыныш. Тыныш» дегендей болды.

Сол сәтте мен соңғы рет қашан өзімді соншалықты жалғыз емес сезінгенімді есіме түсіре алмайтынымды аңғарамын.

Пікір

Бөлім туралы пікірлер 0

Әлі пікір жоқ.

Романтика жанры